ҚДКБҚ Директорлар кеңесінің құрамы өзгерді

ҚДКБҚ Директорлар кеңесінің құрамы өзгерді

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының Директорлар кеңесі жұмысқа енді жаңа құраммен кіріседі. Директорлар кеңесіне Қазақстанның Ұлттық Банкінің 3 өкілі, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілі, 4 тәуелсіз директор сайланды. ҚДКБҚ Төрағасы Директорлар кеңестің жаңа құрамында да жұмысын жалғастыратын болады.
     

Директорлар кеңесі, атап айтар болсақ, стратегиялық даму мәселелерін шешуге жетекшілік етеді. Басшылық құрылымға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілін сайлау және (олардың ішінде Ұлттық Банк пен Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығында еңбек өтілі бар) тәуелсіз директорлардың санын арттыру Қазақстанның қаржы секторын бағалау бағдарламасы (FSAP) аясында халықаралық ұйымдардың ұсынымдарына сәйкес келеді және ҚДКБҚ-ның қаржы нарығымен өзара әрекеттестігін, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету саласында Ұлттық Банкпен және қаржы реттеушісімен бірлесе атқарылатын жұмыстарды үйлестіруді, қазақстандық банктердің салымшыларының мүдделері үшін корпоративтік басқару тәжірибесін күшейтеді.

Бұған дейін Директорлар кеңесінің құрамы алты адамнан тұратын және олардың ішінде Қазақстанның Ұлттық Банкінің өкілдері мен екі тәуелсіз директор бар болатын. 
     

Бұдан басқа, Қордың басқарушы құрамын ескерсек, жаңа тағайындалым бір жағынан Қордың басқару органдарында гендерлік теңдікке қарай жасалған қадам болды – басқарушы әйелдердің үлесі енді 5:7 құрайды.


2024 жылғы 9 желтоқсан