Қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған жағдайда, банк шоттарында жатқан және банктік шот және (немесе) банктік салым шарттарымен куәландырылған теңге мен шетел валютасындағы депозиттерді және қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған күнге есепке жазылған осындай депозиттер бойынша сыйақыны өтем сомалары шегінде депозиторларға қайтару бойынша қатысушы банктiң мiндеттемелерi депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру объектiлерi болып табылады.
Қатысушы банк барлық банктік операцияларды жүргізу бойынша лицензиясынан айырылған жағдайда депозиттер бойынша ҚДКБҚ тарапынан кепілді түрде өтелуге жататын жиынтық сома әрбір депозит түрі бойынша белгіленген максималды кепілді өтем мөлшерін ескере отырып, депозиттердегі қалдық сомаға есептеледі:
ұлттық валютадағы жинақ салымдары (депозиттері) бойынша 20 миллион теңгені;
ұлттық валютадағы карточкалар, шоттар және басқа да депозиттер бойынша 10 миллион теңгені;
шетелдік валютадағы карточкалар, шоттар және депозиттер бойынша 5 миллион теңгені (қатысушы банк лицензиясынан айырылған күні белгіленген валюта айырбастау бағамы бойынша баламада) құрайды.
Депозитордың бір банкте бір мезгілде сақталуына кепілдік берілген әртүрлі бірнеше депозиті бар болса, ҚДКБҚ олар бойынша әрбір депозиттің түріне қарай белгіленген максималды кепілді өтем мөлшерінің шегінде, бірақ жалпы 20 млн теңгеден аспайтын көлемде жиынтық кепілді өтем төлейді.
Салымшы депозитінде кепілдік берілген өтемнің максималды сомасынан артық қалған ақшасын «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген кезектілік тәртібімен банктің тарату комиссиясынан алуға құқылы.
Әртүрлі қатысушы банктерде орналастырылған депозиттерге әрбір банк бойынша өз алдына бөлек кепілдік беріледі. Осылайша депозиттерін бір уақытта бірнеше қатысушы банктерде ұстайтын салымшылар үшін ҚДКБҚ кепілдіктері әрбір банк бойынша депозиттердің есептелген жиынтық сомасына жеке қолданылады.