Шетел валютасындағы депозиттерді қорғау
ҚДКБҚ кепілдігі шетел валютасындағы салымдар мен депозиттік шоттарға қолданылады.
Мерзімсіз, мерзімді және жинақ салымдар;
Шартты салымдар;
Талап етілмелі салымдар;
Шетел валютасындағы шоттардың және мультивалюталық төлем карточкаларындағы ақшалар;
Ағымдағы шоттар;
Жеке кәсіпкерлер, шаруа және фермер қожалықтары, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар және кәсіби медиаторлардың банк шоттары.
Кепілдік берілген ең жоғары сома – валюта баламасы бойынша 5 миллион теңге
ҚДКБҚ шетел валютасындағы депозиттер бойынша кепілдік берілген өтемді теңгемен төлейді. Қор кепілдік берілген өтемді есептеу үшін банк барлық банк операцияларын жүргізу лицензиясынан айырылған күнге қарай айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамын пайдаланады. Одан әрі валюта бағамының өзгергендігіне қарамастан өтем сомасы қайта қаралмайды.
Егер бір банкте депозиттер теңгеде (оның ішінде теңгелік жинақ салым) және шетел валютасында ашылса, ҚДКБҚ кепілдік беретін ең жоғары жиынтық сома – 20 миллион теңгені құрайды. Оның ішінде шетел валютасындағы депозиттер бойынша валюта баламасында – 5 миллион теңгеден аспайды.
Шетел валютасындағы депозиттер бойынша сыйақы
ҚДКБҚ шетел валютасындағы депозиттер бойынша банк барлық банктік операцияларды жүргізу лицензиясынан айырылған күнге қарай есептелген сыйақылардың сақталуына кепілдік береді.