Қалай банк-агент атануға болады

I КЕЗЕҢ: АГЕНТ БАНКТЕРДІҢ (ҮМІТКЕР БАНКТЕРДІҢ) АЛДЫН АЛА ТІЗБЕСІН БЕКІТУ

ҚДКБҚ әрбір жарты жылда 1 шілдеге және 1 қаңтарға дейін агент банктердің алдын ала тізбесін бекітеді

ҚДКБҚ Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарын қоспағанда, барлық қатысушы банктерді бағалаудан өткізеді

Алдын ала тізбеге сапалық және сандық параметрлерге сәйкес келетін қатысушы банктер енгізіледі

ҚДКБҚ агент банктердің бекітілген алдын ала тізбесін өзінің сайтында орналастырады және бұл туралы осы тізбеге енген қатысушы банктерге хабарлайды

II КЕЗЕҢ: АГЕНТ БАНКТЕРДІ ТАҢДАУ

Қатысушы банк барлық банктік операцияларды жүргізу лицензиясынан айырылған жағдайда ҚДКБҚ бекітілген алдын ала тізбеден агент банкті (агент банктерді) таңдайды

ҚДКБҚ ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен қатысушы банктер (алдын ала тізбеге енген қатысушы банктер) ұсынған өзекті деректерді негізге ала отырып, үміткер банктердің белгіленген талаптарға сәйкестігін анықтайды

ҚДКБҚ лицензиясынан айырылған қатысушы банктердің жалпы санына қарай үміткер банктердің ішінен бірнеше агент банкті таңдауға құқылы

ҚДКБҚ агент банкті таңдап болған соң, таңдалған агент банкке тиісті хабарлама жолдап, онымен кепілді өтем төлеу туралы келісім жасасады

Сапалық және сандық параметрлердің тізбесімен, мерзімдермен және агент банктерді таңдау тәртібімен мына жерде танысып шығуға болады

2026 ЖЫЛДЫҢ 01 ҚАҢТАРДАҒЫ АРНАЛҒАН АГЕНТ-БАНКТЕРДІҢ АЛДЫН АЛА ТІЗБЕСІ:

«БАНК ЦЕНТРКРЕДИТ» АҚ

«ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІ» АҚ

«FORTEBANK» АҚ

«ЕУРАЗИЯЛЫҚ БАНК» АҚ

«ФРИДОМ БАНК ҚАЗАҚСТАН» АҚ

«ALATAU CITY BANK» АҚ

«ОТБАСЫ БАНК ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ» АҚ

«BEREKE BANK» АҚ (LESHA BANK LLC (PUBLIC) ЕНШІЛЕС БАНКІ)

«HOME CREDIT BANK» АҚ («ForteBank» АҚ ЕБ)

«BANK RBK» БАНКІ» АҚ

Document