Депозитті таңдау барысында салымшы өзіне: «Осы депозитке салған ақшам банк салымы шартында белгіленген мерзім ішінде керек болып қалмай ма?» - деп сұрақ қойып, оған жауап беруі тиіс.
Бұл жауап депозитті ашудың мақсаттары мен басымдықтарын айқындауға көмектеседі:

Сіз үшін қайсысы басымдылыққа ие? Ұтқырлық – депозиттен ақшаны кез келген уақытта алу ма? Немесе ең жоғарғы табыстылық па?
Мақсатты айқындап алған соң, келесі жасайтын қадам – депозиттің түрін таңдау. Қазақстанда салымдар толыққанды жіктелген. Салымшылар өздерінің мақсат-мүдделеріне қарай үш түрлі депозиттің бірін таңдау мүмкіндігіне ие болды.
Егер Сізге күтпеген жағдайларға ақшалай қор жинау қажет болса, мерзімсіз салымды таңдаңыз. Оған ешқандай шектеусіз ақша салуға және алуға болады.
«Ірі көлемде ақша жинасам, бірақ одан керек кезінде мерзімінен бұрын ақша алу мүмкіндігіне ие болсам» десеңіз, мерзімді салымды таңдаңыз. Оны шектеусіз толықтыра аласыз. Мерзімінен бұрын ақша алуға да болады. Бірақ сыйақыдан қағыласыз.
Егер барынша тиімді мөлшерлеме есебінен тезірек ақша жинағыңыз келсе – толықтыруға болатын жинақ депозитті таңдаңыз.
Сіздің мақсатыңыз – болашақта туындайтын маңызды шығындарға ақша жинау. Бұл ретте ең жоғары сыйақы мөлшерлемесі бар, сәйкесінше табыстылығы өте жоғары, толықтырылмайтын жинақ салымды таңдаңыз.
Екі түрлі депозит – мерзімді және жинақ салымдар бойынша мерзімінен бұрын ақша алу көзделмеген. Есесіне оларға жоғары сыйақы мөлшерлемесі есептеледі.
Азайтылмайтын қалдыққа дейін мерзімінен бұрын ақша алуға ең аз шектеу қойылған: Сіз ақшаңызға кез келген сәтте ешқандай шектеусіз иелік ете аласыз.
Сыйақы мөлшерлемесі – басқа салымдармен салыстырғанда ең төмен, бірақ инфляцияны басып озады.
Мерзімсіз салым
Азайтылмайтын қалдыққа дейін мерзімінен бұрын ақша алуға ең аз шектеу қойылған: Сіз ақшаңызға кез келген сәтте ешқандай шектеусіз иелік ете аласыз.
Сыйақы мөлшерлемесі – басқа салымдармен салыстырғанда ең төмен, бірақ инфляцияны басып озады.
Мерзімді салым
Мерзімінен бұрын ақша алуға қатаң шектеу қойылған.
Орташа сыйақы мөлшерлемесі
Жинақ салымы
Мерзімінен бұрын ақша алуға барынша шектеу қойылған.
Басқа депозиттермен салыстырғанда мүмкін болар сыйақы мөлшерлемелерінің ішінде ең жоғарысы. Кепілді түрде қайтарылатын инвестиция.
Салымдарыңыздың конструкторы
Әрбір салым өзіне тиесілі міндетті шешуге арналған. Үйлестіре біліңіз – бұл Сізге «қаржылық қауіпсіздік көпшігін» жасап алуға көмектеседі. Оны кез келген уақытта пайдаланып, қайтарып алынбайтын салым бойынша барлық артықшылықтарға – ең жоғары табыс пен көтеріңкі кепілдікке ие бола аласыз.
| Мерзімсіз салым | Мерзімді салым | Жинақ салымы | |
|---|---|---|---|
| Ұтқырлық | |||
| Табыстылық | |||
| Ақша жинаудағы мақсат | Күтпеген шығындарға ақша жинау және салымның мерзімі барысында оны толығымен пайдалану мүмкіндігіне ие болу |
Жинақ ақшаны белгілі бір мерзімге орналастыру және салымның бір бөлігін мерзімінен бұрын пайдалану мүмкіндігіне ие болу |
Қымбат бұйымдар сатып алуға және басқа да маңызды мақсаттарға ақша жинау және салымның белгіленген мерзімі барысында одан ақша алмау |
| Мерзімінен бұрын алу мүмкіндігі | Азайтылмайтын қалдыққа дейін шектеусіз |
Ішінара және толығымен |
Тек толығымен |
| Мерзімінен бұрын алуға санкция | Көбінесе жоқ немесе сыйақыдан аз мөлшерде ішінара айырылу |
Сыйақыдан ішінара айырылу |
Сыйақыдан толығымен айырылу |
| Мерзімінен бұрын алатын жағдайда ақша беру мерзімі | 7 күн ішінде |
7 күн ішінде |
30 күннен кейін |
| Теңгелік салымдар бойынша кепілдік | 10 миллион теңге |
10 миллион теңге |
20 миллион теңге |
| Валюталық салымдар бойынша кепілдік | 5 миллион теңге |
5 миллион теңге |
5 миллион теңге |
Сыйақы мөлшерлемесі
Банктер өз депозиттері бойынша мөлшерлемелерді қайта қарау туралы шешімді депозиттік саясатына сүйене отырып, өз бетімен қабылдайды.
Егер Сіз депозит ашып қойған болсаңыз, оның мөлшерлемесі салымыңыздың мерзімі аяқталғанша немесе жаңа мерзімге ұзартылғанша өзгермейді.
Салымның мөлшерлемесі оның икемділігіне және одан мерзімінен бұрын ақша алуға қатысты шектеулерге тікелей байланысты – икемділігі төмен болып, шектеулері көп болған сайын табыстылық мөлшерлемесі жоғары бола түседі
Қысқа мерзімге ашылған, толықтырылатын және толықтырылмайтын салымдардың мөлшерлемелері бірдей болуы мүмкін. Әдетте толықтыруға болатын ұзақ мерзімді салымдардың сыйақы мөлшерлемелері толықтыруға болмайтын дәл осындай салымдарға қарағанда төмен. Бірақ бұл ретте депозит нарығында мөлшерлемелер төмендеп кеткен жағдайда да Сіздің толықтырып отыратын салымыңыздың мөлшерлемесі мерзімі аяқталғанша өзгермейді.
Қор банктердің депозиттік өнімдері бойынша ұсынатын мөлшерлемелеріне ай сайынғы негізде мониторинг жүргізіп отырады. Бұл мониторингтің мақсаты депозит түрлері мен олрадың мөлшерлемелері туралы жалпылай ақпарат беру, өзекті ақпаратты Сіз сайттың Мөлшерлемелерге мониторинг жүргізу бөлімінен таба аласыз.
Мерзімінен бұрын алуға қатысты шектеулерді ұмытпаңыз
Барлық банктерде жинақ салымдар бойынша мерзімінен бұрын ақша алуға бірдей шектеу қойылған – бұл норма Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі деңгейінде реттеледі. Мерзімсіз және мерзімді салымдардан мерзімінен бұрын ақша алу барысында сыйақының төмендеу мүмкіндігі банк салымы шартымен реттеледі.
| Мерзімсіз салым | Мерзімді салым | Жинақ салым |
|---|---|---|
| Барынша икемді әрі ұтқыр | Ұтқырлығы төмендеу | Ұтқырлығы өте төмен |
| Депозитке кез келген уақытта ақша салуға және одан ақша алуға рұқсат етіледі. | Депозиттен мерзімінен бұрын ішанара және толығымен ақша алуға рұқсат етіледі. | Мерзімінен бұрын тек толығымен ақша алуға рұқсат етіледі. |
| Ірі көлемде ақша алу - банкке бұл туралы хабар берілгеннен кейін ақша 7 күннен кешіктірілмей беріледі | Банкке хабарлағаннан кейін ақша – 7 күн ішінде беріледі. | Мерзімінен бұрын алар кезде ақша – банкке хабарлағаннан кейін 30 күннен кейін беріледі. |
| Мерзімінен бұрын ақша алу барысында сыйақы төмендетіледі. Нақты шартын банктен нақтылаңыз. | Мерзімінен бұрын ақша алу барысында ақшаның банкте қанша жатқанына қарамастан сыйақы жылына 0,1 пайыздық мөлшерлемемен төленеді. |
Депозиттерді қорғау
ҚДКБҚ мерзімсіз, мерзімді және жинақ депозиттердегі ақшалардың кепілдік берілген ең жоғары сома көлемінде сақталуына беріледі.
Егер бір банкте түрі мен валютасына қарай әртүрлі бірнеше депозитіңіз бар болса, ҚДКБҚ кепілдік беретін ең жоғары жиынтық сома – 20 миллион теңге

келісімдегі депозитің шарттарымен танысуды ұмытпаныз