Карталар мен шоттар

Тұрғын үй құрылысы жинақ жүйесіндегі салымдар;

Мемлекеттік сыйлықақы қарастырылған білім беру салымдары.

ҚДКБҚ тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіндегі салымдар мен білім беру жинақтау салымдарындағы ақшалардың, оларға есептелген сыйақылар мен мемлекеттік сыйлықақылардың сақталуына кепілдік береді.

Талап еткенге дейінгі салымдар

Талап етілмелі салымдар бойынша максималды сыйақы мөлшерлемесі – жылына 0,1%.

Шартты салымдар

Егер салымшы шартты салымдағы ақшасын банк салымы шартында белгіленген мән-жайлар туындағанға дейін қайтарып алуды талап ететін болса, салымның сыйақысы егер банк салымы шартында басқаша көзделмесе, талап етілмелі салымдағыдай төленуі мүмкін.

Теңгедегі және шетел валютасындағы банктік шоттар

  • Теңгелік, мультивалюталық және шетел валютасындағы төлем карточкалары;
  • Ағымдағы шоттар;
  • Жеке кәсіпкерлер, шаруа және фермер қожалықтары, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар және кәсіби медиаторлардың банк шоттары.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры өзге де депозиттер мен банктік шоттарға орналастырылған ақшалардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Максималды кепілдік сомасы:

  • 5 миллион теңге (баламасында) – шетел валютасындағы салымдар мен шоттар бойынша;
  • 10 миллион теңге – жинақ салымдардан басқа, теңгелік салымдар мен шоттар бойынша;
  • 20 миллион теңге – теңгелік жинақ салымдар бойынша.
Document