Халықаралық қызмет

Экономикадағы банк жүйесінің рөлі артқандықтан сенімді сақтау мен қаржылық тұрақтылыққа жәрдемдесуде салымдарды сақтандырудың маңыздылығы арта түсуде.

Салымдар сақтандыру тұжырымдамасы ең алдымен 1930-шы жылдары Америка Құрама Штаттарында орын алған Ұлы депрессияға және одан кейінгі банктік дағдарыстарға қатысты күрделі мәселелерге жауап ретінде қолға алынған болатын. Сол кездің өзінде салымдар сақтандыру орнықты және бәсекеге қабілетті банктік ортаның маңызды құрамдас бөлігі ретінде өз дербестігін танытты. Сондықтан да соңғы елу жылда әлемнің көптеген дамыған елдері 1980-ші, 1990-шы жылдардағы банктік дағдарыстарға және 2007-2009 жылдардағы ғаламдық экономикалық дағдарыстарға жауап ретінде салымдар сақтандыру жүйесі (бұдан әрі – ССЖ) енгізді. Міндетті ССЖ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) және Балтық елдерін қосқанда Еуразия аймағының көптеген мемлекеттерінде тиімді қолданылады.

ССЖ-ны ғаламдық сипатта енгізудегі өзгешіліктер оларға жүктелген өкілеттіктердің көлеміне, көлемі мен түрі тұрғысынан алғанда қаржылық өнімдерді қамтуы жағына, сондай-ақ меншік құрылымындағы айырмашылықтарға тікелей байланысты. 2021 жылдан бастап, көптеген елдер зардап шеккен салымшыларға өтемақы төлеуге қатысты негізгі міндеттердің аясынан шыға отырып, ССЖ рөлін одан әрі кеңейтті. Бұл жүйелер сонымен қатар банктердің төлемге қабілетсіздігін басқару, біліксіз инвесторларға өтемақы беру және қаржы мекемелерін тарату секілді қызмет түрлерінде де іске қосылған.

ҚДКБҚ өз қызметінде Депозиттерді Сақтандырушылардың Халықаралық Қауымдастығы (IADI)* әзірлеген ССЖ-ға арналған Негіз қалаушы қағидаттарға (бұдан әрі – НҚ) сәйкес болуға ұмтылады.

2008 жылғы әлемдік қаржылық дағдарыстан кейін Қаржылық тұрақтылық кеңесінен (FSB) бұрын болған ұйым – Қаржылық тұрақтылық форумы, салымдарды сақтандыру жүйелері (ССЖ) үшін қағидаттар жинағын әзірлеуді ұсынды. Қойылған талаптарды анықтайтын ұлттық ССЖ-лер сәйкес болуға тырысатын негізгі халықаралық стандарт – 2009 жылғы IADI қабылдаған НҚ. Бұл құжат Қаржылық тұрақтылық кеңесінің (FSB) тұрақты қаржылық жүйелерге арналған жаһандық стандарттар тізіміне кіретін қағидаттарды қамтиды және олар Халықаралық валюта қоры (МВФ) мен Дүниежүзілік банкі (ВБ) ұлттық қаржылық жүйелерді бағалауда қолданылады.

Ғаламдық экономикалық конъюнктурадағы өзгерістерді және қаржылық жүйелердің дамуын ескере отырып, IADI 2014, 2016 және 2025 жылдары бастапқы НҚ нұсқасын қайта қарастырды. 2025 жылғы жаңа редакцияда НҚ қаржылық жүйелердегі құрылымдық өзгерістерді, салымдарды сақтандырушылардың қалпына келтіру және шешім қабылдау процестеріндегі рөлінің күшеюін, сондай-ақ 2023 жылғы банк жүйесі дағдарысынан алынған қорытындыларды көрсетеді, бұл қаржылық тұрақтылықты сақтау және салымшыларды қорғау үшін қаржылық жүйенің басқа қатысушыларымен тығыз өзара әрекеттестіктің қажеттілігін айқындайды.

* Депозиттерді сақтандырушылардың халықаралық қауымдастығы

ЕАЭО-ға** мүше мемлекеттердің депозиттерді сақтандыру жүйелерін үйлестіру.

ЕЭО-ға мүше мемлекеттердің ССЖ өзара үйлестіру мақсатында 2019 жылы 27 ақпанда Алматы қаласында (Қазақстан) салымдарды сақтандырушы ұйымдардың басшылары ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Бұл құжат салымдарды сақтандыру саласында ақпарат алмасу жүйесін, кредиттік ұйымдарды тарату, қаржылық сауықтыру және олардың банкротқа ұшырау тәртібін, рәсімін және шарттарын, сондай-ақ халықаралық стандарттар мен әлемдік озық тәжірибелерді жасауды; салымдарды сақтандырудың ұлттық жүйелерін үйлестірудің бағыттары мен реттілігіне қатысты келісілген ұстанымдарды талқылауды және тұжырымдауды; ЕЭО-ға мүше мемлекеттердің ССЖ құруды және олардың жұмыс істеуін, кредиттік ұйымдарды тарату және олардың банкротқа ұшырау тәртібі мен рәсімін реттейтін ішкі заңнамаларын, сондай-ақ ЕЭО-ның нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуді көздейді.

ҚДКБҚ интеграциялық үдерістер аясында Басшылар кеңесінің, ЕЭК қаржы нарықтары бойынша Консультативтік кеңесі жанындағы Сараптамалық тобының банк салымдарын (депозиттерін) сақтандыру саласындағы заңнамаларды үйлестіру, ЕЭО аумағындағы кредиттік ұйымдарды қаржылық сауықтыру және тарату, бойынша отырыстарына тұрақты негізде белсене қатысады.

Халықаралық ынтымақтастық ССЖ жетілдіру үшін маңызды құрал болып табылады. ҚДКБҚ білім мен тәжірибе алмасу мақсатында басқа елдердің салымдарды сақтандырушылармен*** екіжақты ынтымақтастықты дамытуда.

  • *Депозиттерді сақтандырушылардың халықаралық қауымдастығы

    IADI коммерциялық емес қауымдастық ретінде құрылған. Штаб-пәтері Швейцарияның Базель қаласындағы Халықаралық есеп айырысу банкінде орналасқан.

    IADI ССЖ-нің тиімділігін арттыруға ережелер мен стандарттарды әзірлеу, олардың іске асырылуын бақылау, сондай-ақ салымдарды сақтандыру және банктердің банкроттығы бойынша деректерді талдау арқылы жәрдемдеседі.

    Қазіргі уақытта IADI құрамына 107 толыққанды мүше болып табылатын салымдарды сақтандыру ұйымдары, 10 ассоциативті мүше болып табылатын салымдарды сақтандыру ұйымдары кіреді. ҚДКБҚ IADI құрамына 2003 жылы енген.

    IADI салымдарды сақтандыру, банк дағдарыстарын басқару және олардың реттелуі саласындағы тәжірибе, білім мен озық тәжірибелерді алмасу үшін халықаралық алаң ретінде қызмет етеді, мүшелері үшін оқу бағдарламаларын ұйымдастырады, зерттеу жобаларын жүзеге асырады және салымдарды сақтандыруға әсер ететін қаржылық қызмет мәселелері бойынша нұсқаулықтар әзірлейді.

    IADI-де Атқарушы кеңестің бес комитеті мен сегіз аймақтық комитеттер жұмыс істейді. ҚДКБҚ өкілдері Атқарушы кеңестің, Атқарушы кеңестің комитеттерінің және IADI-дің үш аймақтық (Еуропалық, Еуразиялық және Азия-Тынық мұхит) комитеттерінің құрамына кіреді.

    2025 жылдың қараша айында IADI-дің жалпы жылдық жиналысы аясында Қор Төрағасы үш жылдық мерзімге IADI Атқарушы кеңесінің мүшесі болып қайта сайланды. IADI-дің 25 мүшеден тұратын Атқарушы кеңесі IADI-дің басқарушы органы болып табылады және оның үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

    ** Еуразиялық Экономикалық Одақ
  • 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақты (ЕЭО) құру туралы шартқа сәйкес, ЕЭО-ға мүше мемлекеттер (Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы және Ресей Федерациясы) үздік халықаралық тәжірибені басшылыққа ала отырып, тұрғындардың ССЖ құру және оларды жұмыс істеу заңнамасын үйлестіруді жоспарлауда.

    Белгіленген тәртіпке сәйкес үйлестіру халықаралық қағидаттар мен стандарттар немесе мүше мемлекеттерде қолданылып жатқан үздік әлемдік тәжірибелер негізінде жүзеге асырылуы тиіс.

    *** Екіжақты ынтымақтастықты нығайту
  • Білім және тәжірибе алмасу мақсатында ҚДКБҚ мына депозиттерді сақтандырушыларымен ынтымақтастық туралы халықаралық шарттар жасасты:

    Депозиттерді кепілдендіру қоры (Әзербайжан Республикасы)

    Жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) кепілді өтеу агенттігі (Беларусь Республикасы)

    Депозиттерді сақтандыру жөніндегі Корей корпорациясы (Корея Республикасы)

    Жинақ салымдарын сақтандыру қоры (Түркия Республикасы)

    Жеке тұлғалардың депозиттерін кепілдендіру қоры (Украина Республикасы)

    Депозиттерді сақтандыру жөніндегі Индонезия корпорациясы (Индонезия Республикасы)

    ЕАЭО елдері

    Моңғолияның депозиттерді сақтандыру корпорациясы (Моңғол Халық Республикасы)

    Азаматтардың банктердегі салымдарын кепілдендіру қоры (Өзбекстан Республикасы)

    Қырғыз Республикасының Депозиттерді қорғау агенттігі (Қырғыз Республикасы)

    Депозиттерді сақтандыру жөніндегі Филиппин корпорациясы (Филиппин Республикасы)

    Сондай-ақ мына мемлекеттермен екіжақты ынтымақтастық туралы ниет хаттарына қол қойылды:

    Жапонияның депозиттерді сақтандыру корпорациясы

    Қаржылық қызметтер бойынша өтемақы төлеу қорымен (Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі)

    Орталық депозиттерді сақтандыру корпорациясымен (Қытай Республикасы, Тайвань)

Document