Мерзімсіз депозит
Ақша жинау мақсаты
Мерзімдері мен мөлшерлемелері
Мерзімінен бұрын алу
ҚДКБҚ – депозиттердің қорғаны

Мерзімсіз депозит – бүкіл депозиттердің арасындағы ең икемді банк салымы.

Мерзімсіз депозит – қазақстандықтар үшін ең үйреншікті салым түрі. Оны кез келген уақытта толықтыруға және одан (азайтылмайтын қалдық шегінде) ақша алуға болады. Ең төмен сыйақы мөлшерлемелері осы мерзімсіз салымдарға тиесілі. Есесіне Сіз осы салымдағы ақшаңызды кез келген уақытта пайдалана аласыз.

Мерзімсіз салымдарды бір айдан жоғары мерзімге, сондай-ақ едәуір ұзақ мерзімге ашуға болады. Мерзімсіз деп аталуына қарамастан, мерзімсіз депозиттердің қолданылу мерзімі бар – ол сыйақы мөлшерлемелерін белгілі бір мерзімге бекітеді. Мысалы, Сіз салымды бір жылға аша отырып, оның мөлшерлемесінің осы мерзім барысында – жабылғанға дейін немесе келесі мерзімге ұзартылғанша өзгермейтіндігіне сенімді боласыз.

Банк салымы шартында салымның мерзімі көрсетілгенімен, ақшаны кез келген уақытта алуға болады.

Әдетте, салымның мерзімі сыйақы мөлшерлемесіне әсер етпейді: ол барлық мерзімдерде бірдей болуы мүмкін. Бұл жерде тек ұзақ мерзімге, мысалы, екі жылға ашылған салымда өзгеше болуы мүмкін – мұндай салымның сыйақы мөлшерлемесі бір жылға ашылған салымға қарағанда төмен болуы ықтимал.

Салымның түпкілікті табыстылығына сыйақының капиталдануы әсер етеді:

1 Егер Сізге есептелген сыйақыны алудың қажеттілігі жоқ болса, онда капиталдандыру – табысты арттыру тұрғысынан алғанда анағұрлым тиімді нұсқа;

2 Капиталдандыру – бұл есептелген сыйақылардың салымның сомасына автоматты түрде қосылуы;

3 Нәтижесінде депозиттің сомасы оған есептелген пайыздардың есебінен көбейеді және келесі кезеңде пайыздар осы көбейген сомаға есептеледі.

Банк өзінің депозиттік өнімдері бойынша мөлшерлемелерді қайта қарау туралы шешімді ішкі депозиттік саясатына және банкті қаржыландыру қажеттілігіне қарай өз бетімен қабылдайды. Дегенмен банк бұл ретте банк салымы шартының талаптары бойынша салымның сыйақысын көбейту немесе мерзімін ұзарту жағдайларын қоспағанда, салым бойынша сыйақы мөлшерін біржақты ретпен өзгертуге құқылы емес.

Жаңа мөлшерлемелер тек жаңа депозиттерге қолданылады. Яғни бұрын ашылған депозиттер келесі мерзімге ұзартылғанша немесе олардың банк салымы шарттары аяқталғанға дейін оларға қатысты талаптар өзгермейді.

Жаңа мөлшерлемелер тек жаңа депозиттерге қолданылады. Яғни бұрын ашылған депозиттер келесі мерзімге ұзартылғанша немесе олардың банк салымы шарттары аяқталғанға дейін оларға қатысты талаптар өзгермейді.

Көптеген банктерде салымшылар өз салымдарынан мерзімінен бұрын ақша ала алады. Әрине, бұл үшін шоттағы сома азайтылмайтын қалдықтан жоғары болуы тиіс.

Алайда мерзімсіз депозиттің ағымдағы шот еместігін естен шығармаған абзал. Банктер Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес салымшыларға ақшасын күнтізбелік 7 күн ішінде беруге құқылы. Банк кассасынан ірі көлемде қолма-қол ақша алу үшін бұл туралы банкке алдын ала хабарлау қажет.

Егер ақша депозитте ұзақ жатпаса (әдеттегідей бір айдан аз уақыт), банк сыйақы есептемеуі мүмкін немесе оны төменгі мөлшерлеме бойынша есептейді.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры мерзімсіз салымға орналастырылған ақшаның және оған есептелген сыйақының сақталуын қамтамасыз етеді.

Теңгедегі мерзімсіз салым бойынша кепілдік берілген максималды сома 10 миллион теңгені құрайды.

Егер Сіз ақшаңызды бір банкте сақтағанды жөн көрсеңіз, есіңізде болсын:

Жинақталған сыйақыны қосқанда 10 миллион теңгеге дейінгі салымның сақталуына толығымен кепілдік беріледі;

Дәл 10 миллион теңгені құрайтын салымға да кепілдік берілген. Бірақ оның сыйақысы кепілдік берілген ең жоғары сомадан тыс есептеледі;

Салымның сомасы 10 миллион теңгеден асқан жағдайда, сақталуына кепілдік берілген сома бәрібір 10 миллион теңгеден аспайды.

Алайда, депозиттің 10 миллион теңгеден асатын бөлігін салымшы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген кезектілік тәртібімен алуға құқылы.

Банкте бір мезгілде мерзімсіз және басқа да кепілдік берілген депозиттер бар болған жағдайда, ҚДКБҚ әрбір депозит түрі бойынша белгіленген максималды кепілдік сомасы шегінде, бірақ (теңгелік жинақ салымның бар болуына қарай) жалпы 20 миллион теңгеден аспайтын көлемде сақталуына кепілдік береді.

Ақшаңыздың бір бөлігін басқа банкке салу жағын қарастырыңыз: әр түрлі банктерде ашылған салымдарға кепілдік берілген ең жоғары сома көлемінде өз алдына бөлек кепілдік беріледі.

Егер сізде бір банкте мерзімді депозитке қосымша кепілдік берілген депозиттердің басқа түрлері болса, ҚДКБҚ депозиттің әрбір түрі үшін жеке белгіленген, бірақ 20 миллион теңгеден аспайтын кепілдік берілген өтемнің ең жоғары мөлшері шегінде ақшаның сақталуын қамтамасыз етеді (егер банкте теңгедегі жинақ салымы болса).

Document