Ағымдағы төлемдер

ҚДКБҚ «Қазинвестбанк», «Валют-Транзит Банк», Delta Bank, Qazaq Banki, «Қазақстан Эксимбанкі», «Астана Банкі», Tengri Bank, AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк) және Capital Bank Kazakhstan банктерінің депозиторларына кепілдік өтем төлеуді аяқтады.

Төлем мерзімі ішінде депозиторлар талап етпеген кепілдік өтем сомалары ҚДКБҚ тарапынан депозиторлардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) зейнетақы шоттарына ерікті зейнетақы жарналары ретінде аударылды.

Талап етілмеген кепілдік өтем сомасының БЖЗҚ-дағы зейнетақы шотына түскенін «электрондық үкімет» порталынан үзінді көшірме сұрату арқылы немесе БЖЗҚ сайтынан не оның мобильді қосымшасы арқылы тексеруге болады.

Төлем мерзімін дәлелді себеппен өткізіп алған депозитор, ақшаның БЖЗҚ-ға аударылған-аударылмағанына қарамастан, ҚДКБҚ-ға жүгініп төлем ала алады.

  • депозитордың әскери қызметке алынуы. Растаушы құжаттар: әскери есеп құжаттары немесе әскери қызмет өткергенін растайтын мәліметтер;

    депозитордың ҚР аумағынан тыс жерде болуы. Растаушы құжаттар: шекарадан өткені туралы белгісі бар төлқұжат немесе елден тыс жерде болғанын растайтын өзге құжаттар;

    депозитордың мұрасын қабылдау және мұраға қатысты өзге де себептер. Растаушы құжаттар: қайтыс болғаны туралы куәлік, мұраға құқық туралы куәлік (заң/өсиетнама бойынша) және/немесе мұраны қабылдауды/ашуды растайтын өзге құжаттар, оның ішінде сот актілері;

    депозитордың бас бостандығынан айыру орындарында болуы. Қажет құжаттар: сот үкімі, жазасын өтегені немесе жазадан босатылғаны туралы құжат;

    сот анықтаған өзге де мән-жайлар. Растаушы құжат: төлем мерзімі ішінде өтініш беруге кедергі болған мән-жайдың барын белгілейтін сот шешімі.

  • Дәлелді себеп бойынша өтем төлеуге өтініш және растаушы құжаттар қағаз түрінде ұсынылады:

    мына мекенжайлар бойынша ҚДКБҚ қызметкеріне тікелей тапсыру:

    Алматы қ., A05B0Y8, Әйтеке би к-сі, 67, 3-қабат


    Астана қ., Z01А5АF2, Мәлік Ғабдуллин к-сі, 18, №5 кеңсе

    немесе пошта арқылы жоғарыда көрсетілген мекенжайларға жолдау. Бұл жағдайда депозитордың/өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі және өтініштегі қолы нотариалды куәландырылады.

    Өтініш нысаны

    Дәлелді себеп бойынша өтініш ҚДКБҚ-ға мына мерзімдерде берілуі мүмкін:

    банк түпкілікті таратылғанға дейін;

    ҚР Әлеуметтік кодексіне сәйкес (өтем сомасы БЖЗҚ-ға аударылған жағдайда) депозитордың ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындағанға дейін.

    Қарау мерзімі – өтініш пен құжаттар түскен күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірілмейді:

    Осы мерзім ішінде ҚДКБҚ қаражатты депозитордың банк шотына аударады немесе себебін көрсете отырып, төлемнен бас тартады.

    Сұрақтар туындаса, ҚДКБҚ байланыс орталығына 1460 нөмірі бойынша хабарласыңыз (қоңырау тегін) немесе info@kdif.kz поштасына, сондай-ақ @kdif_ask Telegram-чатқа жазыңыз.

Кепілдік өтемақының төленген сомалары туралы ақпарат

Банктің атауы Кепілдік өтемді төлеу мерзімі Қордың кепілдік өтем төлеу бойынша міндеттемелері, барлығы 2026.01.01 күйі бойынша төленді* 2026.01.01 күйі бойынша Қор міндеттемелерінің орындалуы**
Депозиторлар саны Кепілдік өтем сомасы Жүгінген депозиторлар саны (өтініш берушілерді қоса) Кепілдік өтем сомасы
«Валют-Транзит Банк» АҚ

26.03.07-01.05.22

267 285 18 340 934 797,70 63 294 17 924 746 534,04 97,7%
«Казинвестбанк» АҚ

13.02.18-01.05.22

293 2 070 119,18 65 2 065 670,60 99,8%
«Delta Bank» АҚ

17.05.18-01.05.22

2 668 201 207 594,03 1 538 128 950 850,12 64,1%
«Qazaq Banki» АҚ

24.12.18-01.05.22

18 001 20 516 771 505,80 16 537 20 480 080 446,86 99,8%
«Эксимбанк Казахстан» АҚ

04.02.19-01.05.22

299 258 345 948,32 261 257 974 934,48 99,9%
«Банк Астаны» АҚ

26.01.19-01.05.22

268 457 37 591 066 363,19 244 353 37 517 385 668,68 99,8%
«Tengri Bank» АҚ

30.09.20-01.05.22

36 583 17 755 167 260,87 30 491 17 659 352 690,70 99,5%
«AsiaCredit Bank (АзияКредитБанк)» АҚ

24.02.21-01.05.22

23 153 19 088 605 357,42 20 232 18 779 657 126,80 98,4%
«Capital Bank Kazakhstan» АҚ

03.07.21-03.07.22

47 353 1 685 182 409,02 42 123 1 642 171 564,80 97,4%
Барлығы 664 092 115 439 351 355,53 418 894 114 392 385 487,08 99,1%

төлем мерзімі ішінде жүгінбеген депозиторлардың жеке зейнетақы шоттарына БЖЗҚ-ға аударылған талап етілмеген өтем сомаларын және төлем мерзімі аяқталғаннан кейін (дәлелді себептер бойынша) төленген кепілдік өтем сомаларын есепке алғандағы көрсеткіш


** кепілдік өтем сомасы бойынша

Document