-
Міндеттер:
·
· Қор басшылығының әкімшілік-өкімдік жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету, оның ішінде:
⁃ Қор қызметкерлерінен келіп түскен ақпаратты, қол қоюға арналған құжаттарды, жеке өтініштерді және басқа да материалдарды Қор басшылығына ұсыну;
⁃ Басқарма Төрағасының телефон арқылы сөйлесулерін ұйымдастыру, телефонограммалар мен хабарламаларды қабылдау және беру, сондай-ақ оларды Төрағаның назарына жеткізу;
⁃ Қор басшылығы өткізетін отырыстар мен кеңестерді дайындау жұмыстарын жүргізу (қажетті материалдарды жинау, отырыс немесе кеңестің уақыты, орны және күн тәртібі туралы қатысушыларды хабардар ету, оларды тіркеу);
⁃ Басқарма Төрағасының жұмыс орнын қажетті ұйымдастыру техникасы құралдарымен және кеңсе керек-жарақтарымен қамтамасыз ету;
⁃ Қабылдау кестесіне сәйкес келушілерді қабылдауды ұйымдастыру;
· Қордың кіріс және шығыс құжаттарын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің және Қордың ішкі нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес тіркеу-есепке алу нысаны бойынша тіркеу, сондай-ақ мәліметтерді қызметтік пайдалануға арналған шектеулі ақпаратқа/қорғалатын ақпаратқа жатқызу тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету;
· Атқарушылық тәртіп бойынша ай сайын есептілік жасау;
· Қор жасасатын шарттарды (келісімшарттарды), келісімдерді және оларға жасалатын қосымша келісімдерді тіркеу;
· Қордың негізгі қызметі бойынша бұйрықтар мен өкімдерді тіркеу және бұйрықтарды сақтау;
· Белгіленген үлгідегі бланкілерді қабылдау және беру бойынша есеп жүргізу, сондай-ақ оларды сақтау және есептен шығару;
· Құжаттарды адресаттарға пошта байланысы қызметтері, курьерлік қызмет арқылы және қолма-қол жеткізу жолымен қабылдау және жөнелту;
· Қор бөлімшелерінен тұрақты және уақытша сақталатын істерді Қор мұрағатына қабылдау;
· Тиісті қаржы жылына арналған Қордың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспарын дайындау;
· Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қордың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуын ұйымдастыру және өткізу;
Қордың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуы бойынша шарттардың жобаларын дайындау және оларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жасасу.
Талаптар:
· Жоғары кәсіби білім;
· Іс жүргізуді, мұрағат ісін ұйымдастыру, мәтіндерді теру және қабылдау-байланыс құрылғыларын пайдалану дағдылары;
· Әдеп және эстетика негіздерін, іскерлік қарым-қатынас қағидаларын білу;
· Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды өткізу тәжірибесінің болуы.
Шарттар:
· нормаланған жұмыс кестесі. Қашықтан жұмыс істеу қарастырылмайды;
· ҚР ЕК сәйкес жұмысқа орналастыру;
сынақ мерзімі – 3 ай
-
Менеджерге қойылатын талаптар:
1) жоғары қаржылық немесе экономикалық білім;
2) қаржы ұйымдарында жұмыс істеу өтілі кемінде үш жыл;
3) Қазақстан Республикасының банк заңнамасын білу;
4) микро және макроэкономика, статистика, корпоративтік қаржылар, қаржылық есепке алу, қаржылық менеджмент және тәуекел менеджмент салаларындағы білім;
5) навыки финансового анализа, владение количественными и качественными методами;
6) банктердің қаржылық ахуалын талдау және бағалау дағдылары;
7) талдауды сауатты жазу дағдылары және талдамалық мақалалар жазу;
8) ауқымды деректермен жұмыс істей білу: Microsoft Excel-де формулалар мен функцияларды пайдалана білу, макростарды білу құпталады;
9) ағылшын тілін білу құпталады.
Функционалды міндеттер:
1) екінші деңгейдегі банктердің қаржылық ахуалын бағалау және қаржылық көрсеткіштердің даму барысына бақылау жүргізу;
2) депозит нарығы мен жеке тұлғалардың депозиттері бойынша мөлшерлемелерге талдау жасау;
3) заңнамаға, ішкі нормативтік құжаттарға өзгерістер енгізу жобаларын әзірлеу;
4) талдамалық мақалаларды, есептемелерді, жазбаларды, анықтамалық материалдар мен таныстырылымдарды дайындау.
Қосымша ақпарат алу үшін:
Телефон: +7(727) 312 24 40
Пошта: aissulu.ismagulova@kdif.kz