ҚДКБҚ жайында

Тарихы

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің бастамасымен экономикалық дағдарыстан кейін елдің қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері салымшыларының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін 1999 жылғы 15 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын арнайы ұйым – Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорын (ҚДКБҚ) құрды.

ҚДКБҚ – коммерциялық емес ұйым болып табылады және акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған. ҚДКБҚ құрылтайшысы әрі жалғыз акционері – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.

  • Жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауды, банктік шоттарын ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын банктердің (Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу міндеттілігі;

    Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің айқындығын қамтамасыз ету;

    Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуіне байланысты тәуекелдерді азайту;

    Арнайы резервті қалыптастырудың жинақтаушы сипаты.

  • Қордың миссиясы – қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге қатысу, соның ішінде қатысушы банк операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырылған жағдайда салымшылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау

  • қоғамға қызмет ету: біздің әрбір қадамымыз қоғамның мүдделерін қорғауға бағытталған;

    нәтижелілік және жауапкершілік: қызметкерлер салымшыларға кәсіби тұрғыда шешімдер қабылдайтынына кепілдік береді және өз жұмыстарының сапасы мен нәтижесі үшін жауапты;

    құзыреттілік және сенімділік: салымшылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қызметкерлердің жеткілікті білімі мен тәжірибесі бар;

    ашықтық және айқындылық: қызметкерлер халықпен ашық түрде қарым-қатынас жасайды және салымшыларға, қаржы нарығына, сондай-ақ қоғам алдында есеп беруді жоғары деңгейде қамтамасыз етеді;

    инновациялылық және бейімділік: қызметкерлер өз функцияларын орындау үшін озық әдістер мен технологияларды енгізеді және пайдаланады;

  • қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге қатысу;

    қатысушы банк операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырылған жағдайда салымшылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау

    1. қатысушы банк операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банктік лицензиядан айырылған жағдайда салымшыларға кепілді өтем төлейді;

      депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердің тізілімін жүргізеді;

      заңда көзделген жағдайда банктің активтері мен міндеттемелерін басқа банкке (банктерге) немесе тұрақтандыру банкіне бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізуге қатысады;

      активтерді инвестициялайды;

      арнайы резервті қалыптастырады;

      агент банктерге қойылатын талаптарды белгілейді;

      кепілдік берілген өтемді төлеуді жүзеге асыру үшін агент банктердің алдын ала тізбесін бекітеді;

      қатысушы банкке қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимін, реттеу режимін қолдану кезеңінде тағайындалатын банкті басқару жөніндегі уақытша əкімшіліктің құрамына қатысады;

      қатысушы банк операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банктік лицензиядан айырылғаннан кейін тағайындалатын уақытша əкімшіліктің құрамына қатысады;

      тарату комиссиясы ҚДКБҚ алдында өзі төлеген (төлейтін) кепілдік өтем сомасы бойынша берешекті өтеген кезге дейін мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің (қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент- банкі филиалының) тарату комиссиясының құрамына қатысады;

      тарату комиссиясы ҚДКБҚ алдында өзі төлеген (төлейтін) кепілдік өтем сомасы бойынша берешекті өтеген кезге дейін мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің (қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент- банкі филиалының) кредиторлар комитетінің құрамына қатысады.

Document