Инвестициялық қызмет

ҚДКБҚ активтерін инвестициялау бойынша қызмет – Қордың «Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген негізгі міндеттердің бірі.

Активтерді инвестициялау тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі анықтайды. Бұл тәртіп жеке басқарушыларға ҚДКБҚ активтерін сенімгерлікпен басқаруға рұқсат беру үшін оларға қолданылатын минималды талаптарды айқындайды.

ҚДКБҚ активтерін инвестициялау қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган берген, инвестициялық портфельді басқару қызметін атқаруға арналған лицензия негізінде әрекет ететін сенімгерлікпен басқарушылар арқылы жүзеге асырылады.

ҚДКБҚ активтерін жеке сенімгерлікпен басқарушылармен қатар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі де басқарады.

Сенімгерлікпен басқаруға берілетін ҚДКБҚ активтері екі портфельге бөлінеді:

ұйымның меншікті активтерінің портфелі

ұйымның арнайы резервінің портфелі

ҚДКБҚ инвестициялық портфельдерінің жиынтық мөлшері 2025 жылдың 1 сәуіріне қарай 1 485,7 млрд теңгені құрады, оның ішінде 229,8 млрд теңге – меншікті активтер және 1 255,9 млрд теңге – арнайы резерв есебінен қалыптасқан.

ҚДКБҚ активтері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің облигацияларына, халықаралық қаржы институттарының облигацияларына, квазимемлекеттік сектордың бағалы қағаздарына, кері РЕПО операцияларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің депозиттеріне:


Қордың жалпы активтерінің құрылымы

  • ГЦБ
  • КГС
  • КФУ
  • МФО
  • Кері РЕПО
  • ҚРҰБ Депозиттері
  • US Treasuries
  • Ақша

Меншікті активтер портфелінің құрылымы

Меншікті активтер портфелінің құрылымы

68.18%

11.82%

3.50%

0.0%

16.43%

0.06%

62.49%

6.42%

0.03%

3.88%

2.28%

9.07%

15.81%

0.03%

Document