ҚДКБҚ кепілдіктері өз қызметін Қазақстан аумағында жүргізетін және жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, шоттарын ашуға және жүргізуге уәкілетті органнан лицензия алған банктердегі депозиттерге қолданылады. Тек ислам банктерінде, сондай-ақ шетелдік ислам банктерінің Қазақстан аумағында ашылған филиалдарындағы депозиттерге, ағымдағы шоттар мен төлем карточкаларына кепілдік берілмейді.
Депозиттегі ақша оған қосылған пайыздардың есебінен арта түседі. Ал келесі жолы (салымның шартына сәйкес ол күн сайын, ай сайын немесе тоқсан сайын есептелуі мүмкін) сыйақы, өткен жолы қосылған сыйақының есебінен көбейген салымның бүкіл сомасына есептеледі. Капиталдандыру жиілігі жоғары болған сайын, депозиттің табыстылығы да арта түседі. Капиталдандыру есебінен қалыптасқан түпкілікті табыстылық – жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) деп аталады. Егер пайыздарды алмасаңыз, онда банк салымға осы мөлшерлемені есептейді. ЖТСМ-ды тез тауып, тексеруге болады: бұл көрсеткішті банктер жарнамаға қолданады және өздерінің ресми сайттарында депозиттерді сипаттағанда пайдаланады. Кейбір депозиторлар пайыздары бөлек шотқа немесе карточкаға түсіп отыратын салымдарды таңдайды. Капиталданбайтын салымның табыстылығы атаулы сыйақы мөлшерлемесі ретінде белгіленеді. Мысалы, егер Сізге пайызы ай сайын карточкаңызға түсіп отыратын салым керек болса, банк сайтынан атаулы сыйақы мөлшерлемесін іздеп тауып, оны салым сомасына көбейтіп, 12-ге (айға) бөліңіз – әр айдың соңында осындай сомаға қол жеткізе аласыз. Егер депозитіңізді толықтырғыңыз келсе, болашақ пайыздық төлемдерді есептеу үшін банк сайтындағы калькуляторды пайдаланыңыз.
Банктер өздерінің депозиттік өнімдері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін өз бетімен белгілейді, сәйкесінше мөлшерлемелер әртүрлі банкте, тіпті түрлері бірдей салымдар бойынша да әрқалай болып келеді. Әдетте мерзімсіз салымдарға қарағанда, мерзімді және жинақ салымдар бойынша мөлшерлемелер жоғары. Көтеріңкі сыйақы мөлшерлемесі мерзімінен бұрын алуға қатысты шектеулерді өтейді. Банктерде үш айдан екі жылға дейін және одан жоғары мерзімге толықтыруға болатын және болмайтын мерзімді салымдар ашуға болады. Мұндай салымдардан ақшаны мерзімінен бұрын толықтай да ішінара да алуға мүмкіндік бар. Бірақ мұндай жағдайда сыйақы төменірек мөлшерлемемен төленеді. Сондықтан бұл салым да түптеп келгенде ақшаны алмай, оны мерзімі аяқталғанша сақтауға арналған салым.
Егер депозиттегі ақша мерзімінен бұрын керек болып қалатын болса мерзімсіз депозитті таңдаңыз. Оны кез келген уақытта шектеусіз толықтыруға және одан ақша алуға болады. Бұл ақшаны сақтауға көмектесетін қарапайым және өте ыңғайлы депозит. Әрине, салым белгілі бір мерзімге ашылады және сол бойынша сыйақы белгіленеді. Бірақ салымды мерзімі аяқталғанша шотта ұстау міндетті емес.
Ондай банктер жоқ. Жинақ салымдарға қызмет көрсетудің жалпы талаптары, оның ішінде мерзімінен бұрын ақша беру Азаматтық кодексте жазылған. Сондықтан мұндай салымдардан мерзімінен бұрын ақша беруге қатысты барлық банктер тең дәрежеде.
Жинақ салым белгілі бір мерзімге ашылады және оны мерзімінен бұрын жартылай алу мүмкіндігі қарастырылмаған. Алайда депозитор жинақ салымын мерзімінен бұрын тек толық көлемде алуға құқылы. Бұл жағдайда депозиттегі ақша толығымен алынып болған соң, шот жабылады. Бұл ретте депозитор уақыттан ұтылатындығын және сыйақыдан айырылатындығын үмытпаған жөн. Өйткені жинақ салым бойынша ақша депозитордың талабы келіп түскен сәттен бастап, күнтізбелік отыз күннен кейін беріледі және жинақталған сыйақы толығымен дерлік жойылады.
Жинақ салым – мерзімі аяқталғанша алынбаса жоғары табыс әкеледі. Бұл – мақсатты салым. Мысалы, сол арқылы ипотека бойынша алғашқы салымға, балаларға білім беруге, үйге күрделі жөндеу жүргізуге ақша жинауға болады. Тәуекелі төмен, «құнсызданып кетеді» деп уайымдамайсыз. Сыйақы мөлшері нақты белгіленген. Оның үстіне бұл салым бойынша кепілдік берілген шекті сома – 20 миллион теңге. Есесіне салымды мерзімінен бұрын алуға болмайды. Сондықтан депозитор жинақ салымды ашқанда мерзімінен бұрын жартылай да толығымен де алмау жөнінде өзіне міндеттеме алады.
Толықтыруға болатын және толықтыруға болмайтын жинақ салымдар бар. Салымның талаптары, оның ішінде толықтыруға мүмкіндік беретін және бермейтін құқық банк салымының шартында айқындалған.
ҚДКБҚ депозиторларға банкпен арада жасалатын салым шартының барлық талаптарын барынша көңіл бөліп, зерделеуді ұсынады. Банк салымының маңызды ерекшеліктері шарттың басында кесте түрінде көрсетілген және шарттың қандай нысанда (қағаз жүзінде/электрондық нысанда) жасалғандығына қарамастан, клиенттен банк салымы және (немесе) банк шоты шартын жасасқанға дейін онымен танысып шыққандығын жазбаша түрде растауын талап етеді.
Қазіргі уақытта жинақ депозиттер – сыйақы мөлшерлемесі ең жоғары депозиттер болып табылады. Жинақ депозиттердің толықтыруға болатын, яғни белгіленген мерзімі барысында үстінен ақша салуға болатын және болмайтын түрлері бар. Бұл жерде мына қағиданы естен шығармау қажет, яғни жинақ салымнан мерзімінен бұрын ақша алу мүлдем орынсыз, себебі есептелген табыс жойылады. Әрине, депозитор жинақ салымын мерзімінен бұрын алуға құқылы. Алайда жинақ салым депозитордың тиісті талабы келіп түскен кезден бастап күнтізбелік отыз күннен кейін ғана қайтарылуы мүмкін. Осылайша көтеріңкі сыйақы мөлшерлемесі осы депозиттік өнім бойынша ақша алуға қатысты қатаң шектеулердің өтемі болып табылады. Қорытындылай келе, жинақ салым ақшасын ұзақ мерзімге салуды жоспарлаған және осы мерзім ішінде оны қайтарып алмайтындығына сенімді адамдар үшін өте тиімді салым.
Ақпаратты ҚДКБҚ-дан 1460 тегін нөмірі және ҚДКБҚ-ның www.kdif.kz сайты арқылы алуға болады, сондай-ақ сауалдарды info@kdif.kz поштасына немесе @kdif_ask Тelegram-чат жолдауға толық мүмкіндік бар.
ҚДКБҚ мамандары Сізге депозиттерге кепілдік беру жүйесі туралы ақыл-кеңес беруге қашанда дайын. Бірақ банкпен арадағы дауды өз бетіңізбен ғана шеше аласыз. Банктің байланыс орталығына хабарласаңыз немесе Басқарма төрағасына не болмаса филиал директорының атына хат жазып, оны банктің жергілікті филиалының кеңсесіне жолдаңыз. Банк Сізге 15 күн ішінде ресми түрде жауап береді. Сондай-ақ бүкіл қажетті ақпаратты, Банктің мекенжайын, қажетті деректемелерін және басқа да керекті апараттарды оның ресми сайтынан табуға болады. Егер банк көмектесе алмаса, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің жергілікті қоғамдық қабылдауына жазылыңыз. Байланыс телефондары – finreg.kz сайтында.
Азаматтық заңнама нормаларында банк салымының мерзімін ұзарту бойынша тікелей тыйым салулар жоқ. Осылайша жинақ салымның мерзімін ұзарту талаптары банктің депозиттік саясатын ескере отырып, банк салымы шарты аясында банк пен депозитор арасында реттелуі мүмкін. Жинақ салымы мерзімінің автоматты түрде ұзартылатындығы шартта қарастырылған жағдайда шарттың мерзімі аяқталғанға дейін банкке дер кезінде барып, салымды жабу керек. Өйтпеген жағдайда ақшаңызды күнтізбелік 30 күннен ерте ала алмайсыз. Банкке баратын уақтыңызды мұқият жоспарлаңыз. Салымның шарты аяқталатын күні барсаңыз, депозитіңізді жауып, кассадан ақшаңызды ала аласыз немесе басқа шотқа аударуға мүмкіндігіңіз бар. Егер ақшаңызды қолма-қол ақшасыз төлем бойынша аударғыңыз келсе, онда қолыңызда 20 мәнді шот нөмірі - IBAN болуы керек. Ақша сол шотқа түседі. Егер ақшаңыз ірі көлемді болса, онда банкті алдын ала ескертіңіз.
Депозит депозитордың қатысуынсыз автоматты түрде ұзартылады. Ұзарту мүмкіндігі, сондай-ақ максималды ұзарту саны – мысалы, бір, үш немесе бес рет ұзарту - банк салымы шартында қарастырылады. Шарт мерзімі аяқталған соң, банк депозитор талап етпеген депозитті қандай мерзімге ашылған болса, сол мерзімге қайта ұзартады. Егер салымыңыздың ұзартылғанын қаламасаңыз, онда салымның мерзімі аяқталған соң банкке жүгініп, депозитіңізді жауып, ақшаны кассадан немесе басқа шотқа не болмаса басқа банкке аудару арқылы ала аласыз. Егер салымның шартында ұзарту көзделмеген болса немесе ұзарту саны аяқталған болса, депозиттің мерзімі аяқталған соң, банк ақшаны салым шартында көрсетілген шотқа аударады. Ұзарту барысында сыйақы мөлшерлемесі де өзгеруі мүмкін. Егер қазіргі сәтте банк жаңа депозитті жоғары немесе төмен пайызбен қабылдап жатса, онда Сіздің депозитіңіз келесі мерзімге ұзартылу барысында мөлшерлемесі өзгеруі мүмкін.
Қолма-қол ақша беруді уақытша тоқтату ҚДКБҚ-ға ешқандай міндеттеме жүктемейді. Бұған банктің басшылығы мен акционерлері жауап береді. Банк барлық банктік операцияларды жүргізу лицензиясынан айырылған жағдайда оның депозиторларына кепілдік берілген өтемді төлеу міндеттемесін ҚДКБҚ өз жауапкершілігіне алады.
Депозиттерді банктер ғана қабылдайды.
ҚДКБҚ 2025 жылдың қаңтар айынан бастап, орташа өлшемді нарықтық сыйақы мөлшерлемелерін ұлттық валютадағы тиянақталған пайыздық мөлшерлемесі бар салымдардың топтары мен мерзімдері бөлінісінде ай сайын жариялайды. Бұл мәліметтер депозит нарығының қатысушылары мен мүдделі тұлғалар үшін жеке тұлғалардың депозиттері бойынша мөлшерлемелердің нарықтық деңгейін көрсететін бағдар ретінде, сондай-ақ талдау мақсатында пайдалануға арналған.
2025 жылдың (қоса санағанда) ақпан айына дейін ҚДКБҚ банктерге бағыт-бағдар беру мақсатында жеке тұлғалардың салымдары бойынша шекті сыйақы мөлшерлемелерін ұсыныстық сипатта ай сайын тұрақты жариялап келді. Банктер өз депозиттері бойынша мөлшерлемелерді соларға сәйкестендіріп, жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдай алатын. Дегенмен ҚДКБҚ 2024 жылдың қаңтарынан бастап, банктердің көпшілігі үшін ұлттық валютадағы тиянақталған пайыздық мөлшерлемесі бар салымдар бойынша шекті сыйақы мөлшерлемелерін белгілеуді тоқтатты. Ал 2025 жылдың наурызынан бастап, барлық банктер үшін шекті мөлшерлемелерді жойды. Сәйкесінше 2025 жылдың наурызынан бері ҚДКБҚ ұлттық валютадағы тиянақталған пайыздық мөлшерлемесі бар салымдар бойынша шекті мөлшерлемелерді белгілемейді және жарияламайды.
Бұрынғысынша ҚДКБҚ Қор Төрағасының бұйрығымен мерзімсіз кезеңге бекітілген шетел валютасындағы депозиттер бойынша шекті сыйақы мөлшерлемелерін жариялайды және қайта қаралған жағдайда жаңартады.
Мына қаражаттар кепілдік нысандары болып табылады:
жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылар, адвокаттар және кәсіби медиаторлардын банктік шоттары
ұлттық және шетел валютасында
банктік шоттарда, оның ішінде Қазақстан аумағында ашылған шетелдік банктердің филиалдарында
ҚДКБҚ кепілдіктері мына қаржы құралдарына қолданылады:
салымдар (депозиттер), олардың ішінде талап етілмелі депозиттер, шартты депозиттер, тұрғын үй құрылыс жинақ ақша жүйесіндегі салымдар мен мемлекет тарапынан сыйлықақы берілетін AQYL білім беру салымдары;
салымдар (депозиттер) бойынша сыйақылар, олардың ішінде капиталдандырылған және қатысушы банкті банктік операциялардың барлық түрін жүргізу лицензиясынан айыру күніне қарай есептелген сыйақылар;
ағымдағы және төлем карточкаларындағы ақшалар.
ҚДКБҚ кепілдіктері мына қаржы құралдарына қолданылмайды:
жеке тұлғалардың металл шоттары;
банк ұяшықтарына орналастырылған ақшалар мен құнды заттар;
депозиттік сертификаттар;
заңды тұлғалардың депозиттері;
ислам банктерінде, оның ішінде шетелдік ислам банктерінің Қазақстан аумағында ашылған филиалдарында орналастырылған депозиттер.
Депозиттер бойынша қатысушы банк барлық банктік операцияларды жүргізу лицензиясынан айырылған күнге қарай есептелген сыйақыларға да ҚДКБҚ тарапынан максималды өтем сомасы шегінде кепілдік беріледі.
«Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының ережелеріне сәйкес әртүрлі банктерде орналастырылған депозиттерге, әрбір банк бойынша жеке-жеке кепілдік беріледі. Бұл жерде заңнама жүзінде белгіленген максималды кепілдік сомалары ескеріледі.
Жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлер депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктермен арада банктік шот және (немесе) банк салымы шартын жасасқан сәттен бастап, ҚДКБҚ олардың депозиттерін, оның ішінде ағымдағы және карточкалық шоттарын өз кепілдігіне алады. Осы сәттен бастап, банктер өз клиенттеріне депозиттерге кепілдік беру жүйесі және кепілдік берілген өтемді төлеу мерзімі мен тәртібі туралы міндетті түрде хабардар етеді. Қатысушы банк барлық банктік операцияларды жүргізу лицензиясынан айырылған жағдайда ҚДКБҚ кепілдік берілген депозиттер бойынша есептелген сыйақыларды ескере отырып, «Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы» Қазақстан Республикасы Заңында көзделген максималды кепілдік сомалары шегінде депозиторларға өтем төлейді.
Әрине, аласыз. Жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылар, адвокаттар және кәсіби медиаторлардын депозиттерінде, ағымдағы шоттары мен төлем карточкаларында жатқан ақшаларына бірдей дәрежеде кепілдік беріледі. Тек әрбір депозит түрі бойынша кепілді өтемнің максималды мөлшері белгіленіп қойылған және жиынтық өтем 20 млн теңгеден асырылмайды.
ҚДКБҚ әрбір депозит түрі бойынша бекітілген максималды кепілдік сомасын ескере отырып, депозиторларға кепілді өтем төлейді. Бірақ жиынтық кепілдік сома кепілдік берілген барлық депозиттер бойынша 20 млн теңгеден асырылмайды.
ҚДКБҚ кепілдігі:
жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларға, адвокаттарға, кәсіби медиаторларға;
ұлттық және шетел валютасына;
Қазақстан аумағында ашылған банк шоттарындағы, оның ішінде шетелдік банктердің филиалдарына;
салымдарға (депозиттер), оның ішінде, талап етілгенге дейінгі және шартты салымдарға, тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесіндегі және AQYL мемлекет сыйлықақысы бар білім беру салымдарға;
салымдар бойынша банкті барлық банк операцияларын жүргізу лицензиясынан айыру күніне қарай есептелген сыйақыларға;
ағымдағы шоттар мен төлем карточкаларындағы ақшаларға қолданылады.
ҚДКБҚ кепілдігі қолданылмайды:
жеке тұлғалардың металл шоттарына;
банк ұяшықтарында орналастырылған ақшалар мен құнды заттарға;
депозиттік сертификаттарға;
заңды тұлғалардың депозиттеріне;
ислам банктерінде, оның ішінде Қазақстан аумағында ашылған шетелдік ислам банктерінің филиалдарындағы депозиттерге қолданылмайды.
Егер қатысушы банк барлық банктік операцияларды жүргізу лицензиясынан айырылған жағдайда ерлі-зайыптылардың әрқайсысы банк шотының, карточкасының және (немесе) депозитінің иесі бола отырып, ол (олар) бойынша ұлттық валютада максималды кепілдік сомасы шегінде кепілді өтем алуға құқылы. Егер олардың қатысушы банкте түрі мен валютасына қарай бірнеше депозиттері бар болса, әрқайсысы өзіне тиесілі депозиттері бойынша максималды кепілдік сомасы шегінде жиынтық өтем ала алады. Бірақ бұл сома 20 млн теңгеден асырылмайды.
Иә, алады. Өйткені кепілді өтемді төлеу шарасы депозитордың азаматтығына қарамай жүргізіледі. Тек ислам банктерінде, сондай-ақ шетелдік ислам банктерінің Қазақстан аумағында ашылған филиалдарындағы депозиттерге, ағымдағы шоттар мен төлем карточкаларына кепілдік берілмейтіндігін есте сақтау қажет.
Депозиторлардың өз депозиттері бойынша өтем алу құқығы және банктердің депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысу міндеттілігі «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттелсе, кепілді өтемді төлеу тәртібі, сондай-ақ депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қалай жұмыс істейтіндігі «Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі. Аттары аталған Заңдар online.zakon.kz интернет-ресурсында, сондай-ақ Әділет министрлігінің adilet.gov.kz құқықтық базасында ашық қолжетімді.
Банк барлық банктік операцияларды жүргізу лицензиясынан айырылған жағдайда оның депозиторларына кепілді өтем төлеу міндеттемесін ҚДКБҚ өз жауапкершілігіне алады. Лицензияны Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қайтарып алады. Бұл ақпарат сол күні телеарналарда, интернетте және әлеуметтік желілерде жарияланады. Ресми ақпарат көзі – Агенттік және ҚДКБҚ сайты.
Кепілдік өтемақыны барлық банктік операцияларды жүргізуге лицензиясынан айырылған банк депозиторларына өтемақы төлеу мақсатында ҚДКБҚ таңдаған операциялық банк – агент-банк оны бастаған күннен бастап 1 жыл ішінде төлейді. Кепілдік өтемінің талап етілмеген сомасы депозитордың жеке зейнетақы шотына оның ерікті зейнетақы жарналары түрінде аударылады. Егер депозиторда кепілдік өтемақыны төлеуге белгіленген мерзімде өтініш беруге кедергі келтірген дәлелді себеп болса, ҚДКБҚ хабарласу қажет.
Агент банк – ҚДКБҚ-мен арада жасалған келісім негізінде лицензиясынан айырылған банктің депозиторларына кепілді өтемді төлеуге өтініштер қабылдайтын және өтем төлеуге тағайындалған, жақсы жұмыс істеп тұрған банк. Агент банк ҚДКБҚ-ның басқару органының белгілеген тәртібі негізінде кепілді өтемді төлеуді жүзеге асыруға лайықты банктердің алдын ала бекітілген тізбесіне енген банктердің арасынан таңдап алынады.
ҚДКБҚ «Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банк лицензиясынан айырылған күннен бастап, 30 жұмыс күні ішінде барлық банктік операцияларды жүргізу лицензиясынан айырылған банктің депозиторларына кепілді өтемді төлеу күнін және сол өтемді төлейтін агент банкті (банктерді) көрсете отырып, ақпараттық хабарлама таратады. ҚДКБҚ оны ресми баспасөз басылымдарында және Қор сайтында жариялайды және телеарналар мен интернет-ресурстарына, сондай-ақ әлеуметтік желілерге таратады.
Ал агент банкке өтінішті депозиторлардың өздері және өтініш берушілер қағаз жүзінде тапсырады. Егер депозитор өзінің депозиті бойынша өтем алу үшін агент банкке жүгінетін болса, жеке басын куәландыратын құжат жеткілікті.
Бірақ қосымша құжаттарды ұсыну талап етілетін жағдайлар да кездеседі, мысалы: депозитордың ақшасын сенімхат негізінде сенім білдірілген жеке тұлғаның алуы; кәмелетке толмаған балалар үшін олардың ақшаларын ата-аналарының алуы; депозитордың қаражатын мұрагерлерінің алуы; депозитор өзінің тегін немесе азаматтығын ауыстыруы.
ҚДКБҚ мен агент банк әрбір жағдай бойынша депозиторларға ақыл-кеңестер береді. Бұл ретте ҚДКБҚ байланыс орталығына да (1460) қоңырау шалуға болады. Сонымен қатар депозитор өзіне қажетті ақпаратты Қордың ресми сайтындағы «Депозиттер және кепілдік/Өтемақы төлеу» бөлімінен оқып біле алады.
Кепілдік өтемақысын алуға арналған құжаттар тізбесі
ҚДКБҚ немесе агент банк депозитордан өтініш пен растаушы құжаттарды алған күннен бастап, 5 жұмыс күні ішінде өтем төлеуді жүзеге асырады.
Төлемдер басталған күннен бастап 1 жыл ішінде банк агентіне жүгінген кезде өтемақы депозитордың қалауы бойынша бірнеше жолмен берілуі мүмкін: қолма-қол ақшамен, басқа банктегі банктік шотқа ақша аудару, агент банкте депозит ашу. 1 жылдан кейін дәлелді себептермен ҚДКБҚ-ға жүгінген кезде, төлем депозитор өтініште көрсеткен банк шотына аудару арқылы қолма-қол ақшасыз жолмен ғана жүзеге асырылады.
Кепілді өтем Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен төленеді. Яғни шетел валютасындағы депозиттер бойынша кепілді өтем қатысушы банк барлық банктік операцияларды жүзеге асыру лицензиясынан айырылған күнге қарай белгіленген нарықтық айырбас бағамы негізінде теңгемен есептеледі.
Иә, шектеулі. Депозитор кепілді өтемді алуға өтінішті «Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төлем басталған күннен бастап, 1 жыл ішінде бере алады.
Біріншіден бұл талап етілмеген сома болып табылады. Екіншіден, төлем мерзімі аяқталған соң, депозитордың талап етпеген ақшасын Қор күнтізбелік 30 күн ішінде оның Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (БЖЗҚ) ашылған жеке зейнетақы шотына ерікті зейнетақы жарнасы ретінде аударады.
Бұл банктің депозиторларына кепілді өтем төлеу мерзімі аяқталған. Осы мерзім ішінде өтем алуға үлгере алмаған депозиторлардың талап етпеген ақшалары олардың БЖЗҚ-да ашылған жеке зейнетақы шоттарына аударылған. ҚДКБҚ-дан талап етілмеген өтем ақшаның келіп түскен-түспегенін білу үшін БЖЗҚ-ға сауал жолдау қажет немесе зейнетақы шотыңыз бойынша онлайн үзінді көшірмені тексеруге болады. Егер өтем ақша БЖЗҚ-ға келіп түскен болса, оны Сіз Әлеуметтік кодексте белгіленген тәртіп пен мерзім ішінде ала аласыз. Егер Сіз белгіленген мерзім ішінде өтем алуға дәлелді себептерге байланысты өтініш беруге үлгере алмаған болсаңыз, ол БЖЗҚ-ға аударылып кетсе де оны алуға Сіздің мүмкіндігіңіз бар. Бұл үшін ҚДКБҚ-ға қазаз жүзінде өтініш және дәлелді себептерді растайтын құжаттарды тапсыруыңыз қажет. Дәлелді себептердің тізімі «Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына белгіленген.
Жоқ, келісімі талап етілмейді. Депозитордың талап етпеген өтем сомасын БЖЗҚ-ға аудару «Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген. Бұл жерде кепілді өтемді төлеу мерзімі аяқталуға 30 жұмыс күні қалғанда ҚДКБҚ депозиторларды төлем мерзімі аяқталатын күн және талап етпеген ақша БЖЗҚ-ға аударылатыны туралы БАҚ, баспасөз басылымдары және өзінің сайты арқылы депозиторларды хабардар етеді.
Бұл үдеріс БЖЗҚ-мен арада депозитор бойынша деректерді салыстыру нәтижесі бойынша егер: 1) депозитордың депозиторлар тізіліміндегі деректері (ЖСН, ТАӘ) жеке тұлғалар туралы ақпаратты тіркеу және сақтаудың бірыңғай жүйесіндегі мағлұматтарға сәйкес келсе; 2) депозитордың жеке басын куәландыратын, қолданыстағы құжаты болса; 3) депозитордың БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және (немесе) ерікті зейнетақы жарналары есебінен ашылған жеке зейнетақы шоты болса, оның талап етпеген өтем сомасын БЖЗҚ-ға аудару шарасы жүзеге асырылады.
Талап етілмеген кепілді өтем сомасы депозитордың жеке зейнетақы шотына ерікті зейнетақы жарналары ретінде аударылады.
Иә. Талап етілмеген соманың жеке зейнетақы шотына аударылғаны туралы ақпаратты БЖЗҚ мен электрондық үкімет сайттарынан немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасынан, сондай-ақ БЖЗҚ-ға тікелей бару арқылы алуға болады.
Иә, егер депозиторда дәлелді себептер – кепілді өтемді төлеу мерзімі барысында өтініш беруге кедергі келтірген мән-жайлардың бірі орын алған жағдайда өтініш бере алады. Дәлелді себептерге мына мән-жайлар жатады: әскери қызметке кіру; Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде болу; депозитордың мұрасын қабылдау және мұраны иемденуге немесе ашуға байланысты өзге де себептер; бас бостандығынан айыру орындарында болу; сот анықтаған өзге де мән-жайлар. Олардың тізбесі «Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген.
Төлем мерзімі аяқталған соң, кепілді өтемді алуға өтініш тек ҚДКБҚ-ға қағаз жүзінде тапсырылады. Депозитор оған белгіленген төлем мерзімі барысында өтініш беруге кедергі келтірген мән-жайлардың бірін растайтын құжаттарды қоса ұсынады.
Өтініш формасы ҚДКБҚ сайтында қолжетімді. Депозитор «Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiне орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген дәлелдi себептердi бар екендiгiн растайтын құжаттарды қоса бере отырып, нысанды басып шығаруға және жеке өзі толтыруға міндетті. Құжаттар топтамасын Алматы қ., A05B0Y8, Әйтеке би к-сі, 67, 3-қабат немесе Астана қ., Z01А5АF2, Мәлік Ғабдуллин көшесі, 18, 1-қабат, №5 кеңсесі мекенжайларының бірі бойынша ҚДКБҚ-ға жеке өзі тапсыру қажет. Құжаттарды жоғарыда көрсетілген мекенжайлар бойынша Алматы және Астана қалаларындағы ҚДКБҚ пошталық мекенжайына да жіберуге болады. Егер құжаттар Қорға оның пошталық мекенжайына жіберілген жағдайда, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және оның өтініштегі қолы нотариалды куәландыруға жатады.
Әскери қызметке орналасқан жағдайда – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери басқарма органдары берген, әскери есепке алу құжаттары немесе әскери борышты өтегендігін растайтын растаушы мәліметтер;
Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде болған жағдайда – шекарадан өткені туралы белгі соғылған төлқұжат және (немесе) төлем мерзімі барысында шетелде болғандығын растайтын өзге де құжаттар;
Егер өтініш беруші төлем мерзімі барысында депозитордың мұрасын қабылдаған жағдайда немесе мұраны қабылдау не болмаса ашуға қатысты өзге де себептері бар болса – депозитордың қайтыс болғаны туралы куәлік, заң/өсиетнама бойынша Мұраға құқық туралы куәлік және (немесе) мұраны ашу немесе қабылдауды растаушы, оның ішінде сот актілері бар өзге де құжаттар;
Бас бостандығынан айыру орындарында болған жағдайда – заңды күшіне енген сот шешімі және бас бостандығынан айыру орнында жазасын өтегені туралы құжат;
Сот анықтаған өзге де мән-жайлар болған жайдайда – өтем төлеу мерзімі барысында депозитордың кепілдік берілген өтемді алуға өтініш беруіне кедергі келтірген мән-жайларды қамтитын және заңды күшіне енген сот шешімі. Мұндай шешімді алу үшін депозитор ең алдымен төлем мерзімі басталған күннен бастап, 1 жыл ішінде оған кепілдік берілген өтемді алу үшін жүгінуге кедергі келтірген қандай да бір деректі айқындауды талап етіп, сотқа жүгінуі тиіс.
Құжаттар төлем мерзімі барысында өтемді алу үшін өтініш беруге кедергі келтірген мән-жайларды растауы тиіс. Яғни дәлелді себептер төлем мерзімі басталған күнге дейін туындауы керек, ал сол дәлелді себептердің аяқталу күні төлем мерзімі аяқталған күннен ерте болмауы тиіс.
Иә, төлем мерзімі барысында өтініш беруге кедергі келтірген мән-жайларды растайтын құжаттар дұрыс рәсімделген жағдайда депозитор кепілді өтемді төлеуге өтінішті қайта беруге құқылы.
Дәлелді себептерге байланысты кепілді өтемді алуға өтінішті мына мерзім ішінде беруге болады, яғни: 1) банкті мәжбүрлеп тарату туралы мәліметтер Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізілген күнге дейін; 2) кепілді өтемнің талап етілмеген сомасы Әлеуметтік кодексте көзделген тәртіппен депозитордың атына ашылған, ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотына аударылған жағдайда ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдеріне құқық басталғанға дейін берілуі мүмкін.
Кепілдік берілген өтем депозиторға депозиторлардың тізіліміне сәйкес инвестициялық табыссыз беріледі. Сонымен бірге егер қаржы нарығындағы әртүрлі жағдайлардың және БЖЗҚ-ның инвестициялық қызметіне әсер ететін сыртқы мән-жайлардың салдарынан депозитордың талап етпеген өтем сомасы есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының сомасы азайып кетсе, ҚДКБҚ депозитордың кепілдік алуға деген құқығын қорғау мақсатында (депозиторлар тізілімінің деректеріне сәйкес) арнайы резервтің есебінен оған толық көлемде өтем төледі.
Бұл жағдайда депозитор ақшаны Әлеуметтік кодексте көзделген тәртіп пен мерзім ішінде алады. Сонымен БЖЗҚ-дан ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алуға мына тұлғалар құқылы: 1) елу жасқа толған; 2) мүгедектігі бар адам болып табылатын; 3) егер заңдарда және еліміз ратификациялаған халықаралық шарттарда өзге жайттар көзделмесе, Қазақстаннан тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар.
Депозиттерінде ҚДКБҚ кепілдік берген мөлшерден артық ақшасы бар депозиторларды Тарату комиссиясы автоматты түрде төртінші кезекке қосады. Бұл туралы оларға қосымша хабар беріледі. Өтем сомасын және төлемнің басталу күнін нақтылау үшін депозитор банктің тарату комисиясына жүгіне алады. Тарату комиссияларының байланыс нөмірлерін ҚДКБҚ сайтының мәзіріндегі «Таратылатын банктер» бөлімінен тиісті банкті таңдау арқылы білуге болады.
Депозиторлардың жеке зейнетақы шоттарына есептелген, талап етілмеген кепілді өтем сомалары ерікті зейнетақы жарналары болып танылады және олар салық салудан босатылады. Бұл ретте жеке зейнетақы шотына аударылған ақшаға кейін инвестициялық табыс есептелетін болады.