ҚДКБҚ (құрылғаннан бері) жалғыз акционері – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.
Қазақстан Республикасының заңнамасы мен ҚДКБҚ Жарғысына сәйкес Акционерлердің жалпы жиналысының (жалғыз акционердің) құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешімдерді Жалғыз акционердің атынан осындай шешім қабылдау құқығына ие лауазымды тұлға қабылдайды.
Жалғыз акционердің құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешім қабылдау құқығы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Шолпанқұлов Берік Шолпанқұлұлына берілген.
Жарғыға сәйкес ҚДКБҚ Директорлар кеңесі, Жалғыз акционердің айрықша құзыретіне жататын мәселелерді қоспағанда, ҚДКБҚ қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады.
Фархад Сергеевич Қарақұсов
тәуелсіз директор
Ақылжан Мәлікұлы Баймағамбетов
Директорлар кеңесінің Төрағасы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк Төраға орынбасары
Қазақстан Республикасы
Олжас Мұратұлы Кубенбаев
Директорлар кеңесінің мүшесі
директор Департамента финансовой стабильности и исследований
Национального Банка
Республики Казахстан
Әділ Нұрланұлы Өтембаев
Директорлар кеңесінің мүшесі
ҚДКБҚ Төрағасы
Саида Батырханқызы Ағамбаева
Директорлар кеңесінің мүшесі
Олжас Төлегенұлы Қизатов
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілі
Елена Леонидовна Бахмутова
тәуелсіз директор
Дина Тілеубекқызы Ғалиева
тәуелсіз директор
Айбатыр Нышанбайұлы Жұмағулов
тәуелсіз директор
Ең маңызды мәселелерді қарау және Директорлар кеңесіне ұсыныстар әзірлеу үшін ҚДКБҚ Директорлар кеңесі жанында мынадай комитеттер құрылған:
Стратегиялық жоспарлау және тәуекелдер комитеті
ҚДКБҚ Директорлар кеңесінің келесі мәселелер бойынша негізделген және тиімді шешімдер қабылдау мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін Стратегиялық жоспарлау және тәуекелдер комитетінің негізгі міндеттері ҚДКБҚ Директорлар кеңесіне қатысты келесі мәселелер бойынша алдын ала қарау, дайындау және ұсыныстар беру болып табылады: ҚДКБҚ қызметінің басым бағыттарын және даму стратегиясын әзірлеумен, ҚДКБҚ қызметінің тиімділігін арттыруға ықпал ететін шараларды әзірлеу және енгізу, ішкі бақылау жүйелерін, тәуекелдерді басқару жүйелерін құру және олардың сенімділігі мен тиімділігін бақылау , комплаенс-тәуекелді басқару, сондай-ақ ҚДКБҚ корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру және нығайту.
Кадрлар бойынша комитет
ҚДКБҚ Директорлар кеңесінің келесі мәселелер бойынша негізделген және тиімді шешімдер қабылдау мүмкіндігін қамтамасыз ету Кадрлар бойынша комитетінің негізгі міндеттері ҚДКБҚ Директорлар кеңесіне қатысты келесі мәселелер бойынша алдын ала қарау, дайындау және ұсыныстар беру болып табылады: персоналды іріктеу мен бағалауға, ҚДКБҚ Директорлар кеңесі мен оның комитеттерінің және олардың мүшелерінің жеке жұмысының тиімділігін бағалауға, ҚДКБҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің лауазымдарын толтыруға және оның комитеттері, сондай-ақ Директорлар кеңесіне есеп беретін қызметкерлер, сыйақы және әлеуметтік мәселелер.
Аудиторлық комитеті
ҚДКБҚ Директорлар кеңесінің келесі мәселелер бойынша негізделген және тиімді шешімдер қабылдау мүмкіндігін қамтамасыз ету Аудиторлық комитетінің негізгі міндеттері ҚДКБҚ Директорлар кеңесіне қатысты келесі мәселелер бойынша алдын ала қарау, дайындау және ұсыныстар беру болып табылады: ішкі аудит, сыртқы аудиторлармен өзара іс-қимыл, ҚДКБҚ ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру және нығайту, ҚДКБҚ қаржылық-шаруашылық қызметін бақылаудың тиімді жүйесін құру.
ҚДКБҚ ағымдағы қызметіне басшылықты атқарушы органының функциясын жеке-дара жүзеге асыратын адам – ҚДКБҚ Төрағасы жүзеге асырады.
Өтембаев Әділ Нұрланұлы
ҚДКБҚ Төрағасы
ҚДКБҚ қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды ҚДКБҚ Директорлар кеңесіне тікелей бағынатын және оның жұмысы туралы есеп беретін ішкі аудитор жүзеге асырады.
Комплаенс-бақылаушы Қордың корпоративтік басқару жүйесінің бір бөлігі болып табылады және «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-та басқару процесінің комплаенс-тәуекелмен үйлесім табуын қамтамасыз етеді.
Комплаенс-тәуекелді басқару жүйесі Қордың Қазақстан Республикасының заңнамасын, ішкі құжаттарды сақтауына, қызметкерлердің ҚР жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарын сақтауына бақылау жүргізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ Қорда мүдделер қайшылығын басқару және ішкі бақылаудың тиімді жүйесін қалыптастыру қызметтерін қамтиды.
«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ (бұдан әрі – Қор) 2025 жылдың 26 желтоқсанында Қордың Директорлар кеңесінің сырттай отырысы өткендігін және онда келесі шешімдер қабылданғанын хабарлайды:
2025 жылдың 01 қаңтарынан бастап, 2025 жылдың 31 қазанына дейінгі кезең үшін «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптық мониторинг қорытындысы бойынша талдамалық есеп-қисабы қарау туралы» 3-сұрақ бойынша
2025 жылдың 01 қаңтарынан бастап, 2025 жылдың 31 қазанына дейінгі кезең үшін «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптық мониторинг қорытындысы бойынша талдамалық есеп-қисабы бекітілсін.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген мониторинг нәтижесі бойынша және жоғарыда аталған талдамалық есеп-қисапқа сәйкес мынадай тұжырым жасалды, яғни Қорда сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар жүйесінің тиімділігі лайықты деңгейде, ал жемқорлық тәуекелдер деңгейі төмен деп сипатталады
«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ 2026 жылға арналған комплаенс-бағдарламасын бекіту туралы» 5-сұрақ бойынша
«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ 2026 жылға арналған комплаенс-бағдарламасы бекітілсін
ҚДКБҚ Консультативтік кеңесі депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйенің (бұдан әрі – жүйе) жұмыс істеу мәселелері бойынша жүйенің қатысушы банктердің мүдделерін білдіретін алқалы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
ҚДКБҚ Консультативтік кеңесінің негізгі міндеттері мен функциялары ҚДКБҚ
Консультативтік кеңесі туралы Ережеде
анықталған.
ҚДКБҚ Консультативтік кеңесінің қызметін ҚДКБҚ Консультативтік кеңесіне мүше банктер арасынан сайланған оның Төрағасы басқарады.
ҚДКБҚ Консультативтік кеңесіне мүшелік ерікті қатысу қағидаты бойынша жүзеге асырылады және оның құрамына ҚДКБҚ Консультативтік кеңесіне мүшелікке өтініш берген жүйе қатысушылары – банктер кіреді.
Сондай-ақ, «Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі ҚДКБҚ Консультативтік кеңесінің тұрақты мүшесі болып табылады.