Өтембаев Әділ Нұрланұлы

1979 жылы 4 сәуірде туылған.

Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін (2001), Массачусетс Технологиялық Институтының Альфред Слоун атындағы басқару мектебін (MIT Sloan School of Management) (2012) бітірген, Гарвард университетінің Дж. Кеннеди атындағы басқару мектебінде «Инфрақұрылымдағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік» IFC бағдарламасын аяқтаған (2017).

Еңбек қызметі:

2003-2006 гг. – ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінде басшылық қызметтерді атқарған.

2003-2006 жж. – ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінде басшылық қызметтерді атқарған.

2006-2015 жж. – жеке секторда және коммерциялық емес ұйымдарда басшылық қызметтерде жұмыс істеді.

2015-2016 жж. – «Жоғары технологиялар институты» ЖШС бас директорының орынбасары («Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес кәсіпорны).

2016-2020 жж. – «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС (бұрынғы атауы - «МЖӘ жобаларын қолдау орталығы» ЖШС) басқарма төрағасы.

2020 жылдың мамыр айынан бастап «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ төрағасы қызметін атқаруда.

Document