Жинақ депозиті
Негізгі мақсат
Мерзімдері мен мөлшерлемелері
Мерзімінен бұрын алу
ҚДКБҚ – депозиттердің қорғаны

Жинақ депозиті – ұзақ мерзімді мақсаттар/ірі сатып алулар үшін қаражат жинауға арналған банк салымы.

Депозиттің бұл түрі басқа депозиттер арасында ең жоғары табыстылығымен ерекшеленеді. Бұл осы салымдар бойынша ең қатал шектеулердің орнын толтыруға арналған өтемақы: жинақ салымды мерзімінен бұрын алу үшін алдымен сұрау салу керек. Әрі қарай оны күнтізбелік 30 күн өткен соң ғана алуға мүмкіндік бар. Бұл ретте есептелген бүкіл сыйақы сомасының барлығы дерлік жойылады.

Жинақ салымы ақшасын банкке ұзақ уақытқа салуды жоспарлаған және оны мерзімінен бұрын алмайтындығына сенімді салымшылар үшін өте қолайлы.

Толықтыруға болатын және болмайтын жинақ салымдарды бір айдан үш жылға дейінгі және одан да жоғары мерзімге ашуға болады. Есіңізде болсын: жинақ салымнан мерзімінен бұрын ақша алудың еш жөні жоқ. Өйткені бұл жағдайда есептелген табыстан айырыласыз.

Жинақ салымына ақша инвестициялауға дайын болған кезіңізде өзіңізге мына негіздерді айқындап алыңыз:

1 Ақшаны қай мерзімге саласыз?

2 Салымыңызды толықтырып тұрасыз ба?

Сыйақы мөлшерлемесі бұған тікелей байланысты:

1 Жинақ салымдардың мерзімділігіне қарай сыйақы мөлшерлемесі де әрқалай болады;

2 Толықтыруға болатын салымдардың мерзімі ұлғайған сайын сыйақы мөлшерлемесі азаюы мүмкін;

3 Толтырусыз салымдар бойынша сыйақы мөлшерлемелері әдетте толықтыру құқығы бар салымдарға қарағанда жоғары болады.

Банк өзінің депозиттік өнімдері бойынша мөлшерлемелерді қайта қарау туралы шешімді өзінің ішкі депозиттік саясатына және банкті қаржыландыру қажеттілігіне қарай өз бетімен қабылдайды. Дегенмен банк бұл ретте банк салымы шартының талаптары бойынша салымның сыйақысын көбейту немесе мерзімін ұзарту жағдайларын қоспағанда, салым бойынша сыйақы мөлшерін біржақты ретпен өзгертуге құқылы емес.

Депозиттің мерзімі және оны толықтыруға қатысты еркіндік деңгейін анықтаңыз.

Депозиттің мерзімі және оны толықтыруға қатысты еркіндік деңгейін анықтаңыз. Анағұрлым тиімді салым - толықтыруға болмайтын жинақ салымдар.

Жинақ салымдары бойынша көтеріңкі мөлшерлемелер – салымнан ақша алуға қатысты ең қатал шектеулердің орнын толтыру үшін берілген өтемақы:

1 Ақшаның бір бөлігін алуға болмайды: депозиттің сомасын тек толығымен алуға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда салым автоматты түрде жабылады;

2 Депозиттің бүкіл мерзімі бойынша есептелген сыйақы жойылады. Сіз депозиттің банкте жатқан кезеңіне қарай 0,1%-ға дейін болатын жылдық пайызды ғана ала аласыз;

3 Сіз салымыңызды мерзімінен бұрын алу туралы банкке хабарлағаннан кейін оны 30 күн өткен соң ғана ала аласыз.

Бұл шектеулер Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде бекітілген. Сондықтан бұл шарттар барлық банктер үшін бірдей. Міне, осы шектеулерге байланысты жинақ депозит шынында да мақсаттық сипатқа ие. Яғни, салымшы өзінің салған ақшасы қашан керек болатындығын нақты білуі тиіс.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры жинақ салымдағы ақшаның және оған жинақталған сыйақының сақталуын қамтамасыз етеді.

Кепілдік берілген ең жоғары сома - 20 миллион теңге.

1 20 миллион теңгеге дейінгі салым (жинақталған сыйақыны ескере отырып) толығымен қорғалған;

2 Дәл 20 миллион теңгені құрайтын салым да толығымен қорғалған. Бірақ оның сыйақысы кепілдік берілген ең жоғары сомадан тыс есептеледі;

3 Салымның көлемі 20 миллион теңгеден жоғары – мысалы, 21 миллион теңге болуы мүмкін. Бірақ сақталуына кепілдік берілген ең жоғары сома – 20 миллион теңге. Бұл жерде 1 миллион теңге – кепілдік берілген ақшадан артық сома. ҚДКБҚ оның сақталуына және төленуіне кепілдік бере алмайды.

Салымшы 20 миллион теңгеден асатын қалдық ақшаны «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген кезектілік тәртібімен алуға құқылы.

Ақшаңыздың бір бөлігін басқа банкке салу жағын қарастырыңыз: әр түрлі банктерде ашылған салымдарға кепілдік берілген ең жоғары сома көлемінде бөлек кепілдік беріледі.

Ақшаңыздың бір бөлігін басқа банкке салу жағын қарастырыңыз: әр түрлі банктерде ашылған салымдарға кепілдік берілген ең жоғары сома көлемінде бөлек кепілдік беріледі.

Document