Пайыздық сыйақы түріндегі табыстылық, қаражатты, оның ішінде «онлайн» режімінде икемді пайдалану шарты халықты ақшаларын банк салымдарында сақтауға ынталандыра түседі. Жеке тұлғалардың депозиттері бойынша кепілдіктер берілгендігін ескерер болсақ, бұл қазіргі уақытта ең кең тараған және ең сенімді инвестициялау құралы болып табылады.
Қазақстандықтардың жинақ ақшаларын қорғау механизміне келер болсақ, банк лицензиясынан айырылған жағдайда депозиторлардың салымдарда, шоттарда және төлем карточкаларында жатқан қаражаттары заңнамада белгіленген максималды мөлшерде қайтарылатын болады.
Депозиттер бойынша кепілдік мөлшерін анықтау тәртібі жайында толығырақ мына материалдан оқып білуге болады.
Заңға сәйкес депозиттер бойынша кепілді өтем төлеу банк лицензиясынан айырылған күннен бастап, 35 жұмыс күні ішінде басталады және 1 (бір) жыл бойы жүзеге асырылады.
Бұл белгіленген мерзім жеткілікті болып саналады. Өйткені іс жүзінде депозиторлардың көпшілігі өтем ақшаларын төлем басталғаннан кейін, алғашқы айдың ішінде алады.
Айта кетелік, ҚДКБҚ барлық сақтандыру жағдайдарына қатысты өтем төлеу бойынша өз міндеттемелерінің 90%-дан астамын алғашқы үш айдың ішінде-ақ орындайды. Ал кейінгі айларда әдетте өтем алатын депозиторлардың саны азаяды. Сөйтіп негізінен азын-аулық ақшасы бар шоттар ғана қалады. Салымшылар өкінішке қарай, оларды алуға асықпайды. Белгілі бір себептерге байланысты салымшылар өтем ақшаларын ала алмай қалатын да жағдайар да бар.
Осы себептен 2021 жылдың мамырында депозиторлардың талап етпеген өтем ақшаларын олардың БЖЗҚ-да ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алуға арналған жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) аудару рәсімі енгізілді.
Деректерді салыстыру нәтижелері бойынша:
Атап өту керек, салық заңнамасы бойынша салымшының ЖЗШ-сына ЕЗЖ ретінде аударылған, талап етілмеген кепілді өтем сомаларына салық салынбайды. Бұл ақшалар да басқа зейнетақы жарналары секілді инвестицияланады.
2022 жылы барлық таратылатын 9 банк бойынша төлем мерзімі аяқталған соң, ҚДКБҚ депозиторлардың талап етпеген ақшаларын тұңғыш рет БЖЗҚ-ға аударды. Айталық, салыстыру нәтижелері бойынша 270 мыңнан астам салымшының зейнетақы шоттарына 830,5 млн астам теңге (толығырақ кестеде) келіп түсті. Осы ретте аудару депозитордың еш қатысуынсыз жүзеге асырылатындығын айта кеткен жөн.
«Салымшылардың талап етпеген кепілді өтем сомаларын олардың зейнетақы шоттарына аудару бірегей іс-тәжірибе болып саналады. Мысалы, шет елдерде талап етілмеген сомалар муниципалдық бюджетке немесе әлеуметтік немесе қайырымдылық қажеттіліктерге бағытталуы мүмкін. Ал Қазақстанда қолданылатын механизм банк салымшылары алдындағы міндеттемелерді барынша орындауға және олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған. Өйткені бұл сомалар олардың өздеріне арналады. Кейін бұл ақшаларды әлеуметтік қамсыздандыру туралы заңнамада көзделген мерзімде және тәртіпте алуға болады, - деді ҚДКБҚ Автоматты түрде есепке алуды талдау және төлемдер басқармасының бастығы Алуа Нұртөлеуова.
Айталық, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін алуға:
Талап етілмеген сомалардың БЖЗҚ-ға аударылғаны туралы ақпаратты, сондай-ақ зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты БЖЗҚ мен электрондық үкімет сайттарында ЖЗШ-ның үзінді көшірмесін қарау немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасы не болмаса БЖЗҚ-ға тікелей жүгіну жолымен алуға болады.
Дейтұрғанмен төлем мерзімі аяқталса да ҚДКБҚ оны дәлелді себептермен өткізіп алған салымшылардан өтем алу жөнінде өтініштер қабылдауды жалғастыруда. Заңнама жүзінде бекітілген мән-жайлар мына жағдайларды қамтиды:
Бұл ретте салымшының талап етпеген сомасы БЖЗҚ-ға аударылып кетсе де, оның төлем алу бойынша ҚДКБҚ-ға жүгінуіне құқығы бар. Айталық, дәлелді себептердің болғаны расталса, ҚДКБҚ БЖЗҚ-ға тиісті хабарлама жолдайды, ал БЖЗҚ бұрын аударылған қаражатты ҚДКБҚ-ға кері қайтарады. Атап өту керек, бұл жағдайда да салымшы үшін өтем алу мерзімі өзгермейді – ҚДКБҚ депозитордан өтініш пен растаушы құжаттарды алған күннен бастап, 5 жұмыс күні ішінде өтем төлеуді жүзеге асырады.
Егер қаржы нарығындағы әртүрлі жағдайлар және БЖЗҚ инвестициялық қызметіне әсер ететін сыртқы мән-жайларға байланысты депозитордың зейнетақы жинақтарының сомасы сол БЖЗҚ-ға кезінде аударылған кепілді өтем сомасынан аз болса, ҚДКБҚ салымшының кепілдіктерге қатысты құқығын қорғау мақсатында оған арнайы резервтің қаражаты есебінен кепілді өтемді толық көлемде төлейді.
Қорытындылай келе, кепілді өтемді төлеуге байланысты кез келген сұрақтар бойынша Сіздің қашанда 1460 тегін қысқа нөміріне хабарласуыңызға немесе info@kdif.kz электронды поштасына не болмаса @kdif_ask telegram-чатына сауал жолдауыңызға мүмкіндігіңіз бар.