ҚДКБҚ депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктерде (олардың ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарында) жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің, жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушылардың, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың ашқан теңгелік және шетел валютасындағы депозиттерінің сақталуына кепілдік береді.
салымдарға (депозиттер), оның ішінде, талап етілгенге дейінгі және шартты салымдарға;
` салымдар бойынша банкті барлық банк операцияларын жүргізу лицензиясынан айыру күніне қарай есептелген сыйақыларға;
ағымдағы шоттар мен төлем карточкаларындағы ақшаларға қолданылады.
жеке тұлғалардың металл шоттарына;
банк ұяшықтарында орналастырылған ақшалар мен құнды заттарға;
депозиттік сертификаттарға;
заңды тұлғалардың депозиттеріне;
ислам банктерінде, оның ішінде Қазақстан аумағында ашылған шетелдік ислам банктерінің филиалдарындағы депозиттерге қолданылмайды.
млн. тг
теңгедегі жинақ салымдары (депозиттер) бойынша – 20 млн теңгеден асырылмайды
млн. тг
теңгедегі өзге депозиттер бойынша – 10 млн теңгеден асырылмайды
млн. тг
шетел валютасындағы депозиттер бойынша – 5 млн теңгеден асырылмайды
млн. тг
Депозитордың қатысушы банкте бір мезгілде әртүрлі бірнеше депозиті болған жағдайда әрбір депозит бойынша белгіленген максималды өтем мөлшерінің шегін ескере отырып, жиынтық кепілді өтем жиырма миллион теңгеден аспайтын соманы құрайды.

Сіз жинақ ақшаларыңыз бойынша кепілді өтем мөлшерін «Калькулятордың» көмегімен есептей аласыз.
Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердің тізімімен Сіз "Қатысушы банктер" бөлімінде таныса аласыз.
Егер Сіз әрбір депозит түрінің ерекшеліктерін, артықшылықтары мен кемшіліктерін білгіңіз келсе, "Депозиттердің түрлері" бөліміне өтіңіз.

Сіздің жинақ ақшаларыңыз банкпен шарт жасасқан сәттен бастап, автоматты түрде кепілдікке алынады және салымшыға қосымша ештеңе істеудің қажеті жоқ.