Алматы қ., A05B0Y8, Әйтеке би к., 67 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A05B0Y8, Әйтеке би к., 67 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Салымшыларды хабардар етудің жаңа нысаны: банктерге арналған талаптар күшіне енді

2024 жылдың 7 тамызынан бастап, банк салымы және банк шоты шартының мазмұнына және рәсімделуіне қатысты ерекше талаптар күшіне енді, – деп хабарлайды Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ).

  

Енді банктер шартқа қол қою барысында клиенттерге банк шотының немесе салымының негізгі талаптары туралы кестелік және түсінуге қолайлы нысанда мәлімдеуге міндетті. Бұл жаңа енгізілімді салымшыларға қолайлы ету және халыққа депозиттердің талаптары туралы ақпарат беру жүйесін жақсарту мақсатында енгізу бойынша бастаманы Қор ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесе отырып көтерген болатын.

   

Клиенттер бұл жаңа нысандағы мәлімдемеден нақты банк өнімі жайында максималды кепілді өтем сомасын, салымның түрі мен оның қай валютада ашылғандығын, салым бойынша пайыздық сыйақы мөлшерлемесі мен сыйақы төлеу талаптарын, сондай-ақ қаражатты қайтарып алу және салымның мерзімін ұзарту талаптарын және тағы басқаларды көре алады. Банк бұл маңызды мәліметтерді клиент банк шоты немесе салымы шартын жасасу барысында қол қоятын өтініштің немесе жекелеген құжаттың бірінші (негізгі, бастапқы) бетінен бастап көрсетеді. Шарт қандай нысанда жасалса да – жазбаша немесе электронды түрде болсын, аталған ақпараттар көрсетілуі тиіс.


Қор салымшыларға ашайын деп отырған депозитінің талаптарын мұқият оқып, зерделеуге кеңес береді. Клиент өзіне кесте түрінде берілген ақпаратпен толығымен танысып шыққан соң, құжатқа қол қояды. Бұл оның салымға қатысты талаптарымен танысып шыққандығын растайды.

    

Сіз жаңа нысанмен өз бетіңізбен де танысып шыға аласыз. Ол Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Банктік қызметтерді көрсету және банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банктік қызметтерді көрсету үдерісінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 28 шілдедегі № 136 қаулысында көрсетілген.


Мәлімдеме жаңа нысанда, жаңа сипатта берілгендігіне қарамастан, клиенттер банк өнімдері бойынша өздерін қызықтырған басқа да мәліметтерді банктен сұрауға құқылы.

   

Егер сұрақтарыңыз болса, cіз 1460 тегін нөмірі арқылы ҚДКБҚ байланыс орталығына хабарласуыңызға болады немесе сұрақтарды info@kdif.kz поштасына не @kdif_ask Telegram-чатына жолдауға мүмкіндігіңіз бар.