Қазақстанда егер банк лицензиясынан айырылса, жеке тұлғалар өтем алуға құқылы. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (ҚДКБҚ) мамандары қорғаудың басты қағидаларын салымшылардың есіне салды.
Қазақстанда депозиттерге кепілдік беру жүйесі жұмыс істеген 25 жыл ішінде 11 банк лицензиясынан айырылды. Олардың ішінде соңғылары – Capital Bank Kazakhstan (2021), «АзияКредит Банк» (2021) және Tengri Bank (2020), сондай-ақ салымшыларының саны жағынан ең ірісі – «Астана Банкі» (2018). Осы 11 банктің салымшылары – яғни 420 мыңнан астам адам ҚДКБҚ тарапынан 115 млрд астам теңге болатын кепілді өтем алды.
Қазақстанда жеке тұлғалардың депозиттерінің 99,8%-ы ҚДКБҚ тарапынан толық сомаға қорғалған.
Депозиттер бойынша кепілдік жеке тұлғалардың жинақ ақшаларына автоматты түрде қолданылады. Бұл қолданыстағы заңнамада қарастырылған және банктердің салымшылары тарапынан ешқандай алдын ала өтініштер немесе қосымша әрекеттер талап етпейді.
Максималды кепілдік сомасы салымның түрі мен валютасына тәуелді.
Қазіргі уақытта ҚДКБҚ әрбір салымшыға әрбір банкте:
Егер салымшының бір банкте бірнеше депозиті бар болса, олар бойынша жиынтық кепілдік қолданылады, бірақ заңнамада белгіленген лимиттер есепке алынады. Есептелген сыйақыларға да кепілдік қолданылады.
Қазақстанда халықтан депозиттер қабылдайтын және жеке тұлғаларға шоттар ашатын банктердің барлығы депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысуға міндетті.

ҚДКБҚ жинақталған резервтердің есебінен салымшыларға шұғыл төлемдерді қаржыландырады және Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы және Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы заңдар аясында әрекет жасайды.
Қор жинақталған қаржы ресурстарына ие:
Қазақстандық банктердің салымшы-клиенттері үшін қарастырылған барлық артықшылықтар банктер туралы 2026 жылғы жаңа заңда да өзгеріссіз қалдырылды.
Депозиттер бойынша кепілдіктер туралы көбірек біліңіз:
ҚДКБҚ байланыс орталығы: 1460 (қоңырау шалу тегін)