Әлемдік қаржы жүйесі үшін 2021-2025 жылдардағы кезең – анағұрлым серпінді сипатқа ие болды. COVID-19 пандемиясынан кейін әлемдік экономикада инфляция күрт өсті. Бұған тауарларды жеткізу тізбегінің бұзылуы, шикізаттар мен энергия тасымалдағыштар бағасының өсуі, сондай-ақ геосаясаттың айқын еместігі себеп болды. Сәйкесінше көптеген елдердің орталық банктері шара қабылдап, ақша-несие саясатын қатаңдата бастады. Бұл өз кезегінде банктік депозиттердің табыстылығының артуына әкеп соқты. Ал 2024-2025 жылдарда инфляцияның біртіндеп бәсеңдеуіне байланысты саясат жұмсарып, мөлшерлемелер тұрақтала бастады.
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (ҚДКБҚ) ақпараты бойынша 2025 жылдың соңына қарай, мемлекеттер арасында депозиттік мөлшерлемелердің деңгейі әрқалай қалыптасты.
Инфляциясы төмен (депозиттер бойынша едәуір төмен мөлшерлемелер), экономикасы дамыған елдерде: 2025 жылдың соңына қарай жеке тұлғалардың салымдары бойынша анағұрлым төмен орташа мөлшерлемелер әдеттегідей Канадада (4,5%), АҚШ-та (4,0%), Ұлыбританияда (3,8%), Аустралияда (3,8%), Оңтүстік Кореяда (2,7%), Чехияда (2,5%), Еуроодақ елдерінде (1,8%) және Жапонияда (0,6%) байқалды.
Инфляциясы бірқалыпты (бірқалыпты мөлшерлемелер), ал экономикасы дамушы елдерде: 2025 жылдың соңына қарай жеке тұлғалардың салымдары бойынша орташа мөлшерлемелер дамыған елдерге қарағанда жоғары: Румыния – 5,2%, Мажарстан – 4,9%, Сербия – 4,5%, Польша – 3,7%.
Инфляция серпіні едәуір жоғары (едәуір жоғары мөлшерлемелер), ал экономикасы дамушы елдерде: салымдардың жоғары табыстылығы жинақ ақшаларды қорғауға және ұлттық валютадағы активтерге деген сұранысты қолдауға бағытталған. Бұл ретте мөлшерлемелердегі айырмашылық елеулі: Аргентина мен Түркияда 43,0–45,0%-дан бастап, Мысырда, Нигерия және Моңғолияда 13,5–15,0%-ға дейін барады және Бразилияда – 7,7%.
Біздің өңір елдері салымдар бойынша мөлшерлемесі шартты түрде жоғары болатын топқа жатады. Өзбекстанда орташа мөлшерлеме 21,0%-ды құрайды, Ресейде – 15,5%, Қырғызстанда – 14,0%, Грузияда – 10,9%, Беларусьте – 8,9%, Арменияда – 7,0% және Молдовада – 5,0%.
Қазақстанда қыркүйек айының қорытындысы бойынша ҚДКБҚ деректеріне сәйкес анағұрлым икемді және танымал мерзімсіз салымдар бойынша нарықтық деңгей жылдық 15,1%-ды құрады.
Орталық банктердің ақша-несие саясаты мен базалық (негізгі) мөлшерлемесінің деңгейі – мөлшерлемелердің деңгейі мен серпінін анықтайтын негізгі фактор болып қалуда. Базалық мөлшерлеме банк жүйесі үшін ақшалай қор жасау бағасын айқындайды: инфляция үдеген жағдайда, қаржы реттеушілері мөлшерлемені көтереді, артынша банктер де депозиттердің табыстылығын көтереді, ал инфляция бәсеңдеген жағдайда керісінше төмендетеді. Сонымен қатар депозиттік мөлшерлемелерге қаржы нарығының кемелдігі, баламалы инвестициялық құралдардың қолжетімділігі және халықтың инфляция бойынша болжамдары әсер етеді. Айталық, Қазақстанда алдағы күтілетін инфляция бір жыл алдын 11,8% деңгейінде бағаланған жағдайда, салымдардың табыстылығы жинақ ақшаны құнсызданудан сақтауға және нақты оң табыс алуға мүмкіндік береді.
Мөлшерлемелердің деңгейі реттеушінің саясатымен ғана емес, банктердің өздеріне тиесілі өтімділік пен ресурстардың болжамдығын қалай бағалайтындығымен анықталатындықтан, салымды мерзімінен бұрын алуға қатысты енгізілген шектеулер үшін берілетін сыйлықақы секілді артықшылықтар да салымшыларға қолжетімді болуы мүмкін.
Дәл осы модель Қазақстанда белсенді түрде дамытылуда. Елімізде икемділігі ең төмен салымдар бойынша едәуір жоғары пайыздар төленеді. ҚДКБҚ деректері бойынша 2026 жылдың қыркүйегінде қалыптасқан мөлшерлемелер:
Салымды мерзімінен бұрын алу талапшартына қарай орын алатын осындай сараланым – жалпыәлемдік банктік стандартқа тән. Салымшы салымның «тәртібін сақтағаны үшін сыйлықақы» алады, ал банк жүйесі экономиканы қаржыландыру үшін болжамды ресурстар алады. Заңнамалық қорғаныс бұл жүйеге қолдау көрсетеді: Қазақстанды қосқанда, қарастырылып жатқан барлық елдерде салымшылардың тәуекелін депозиттер бойынша берілетін кепілдіктер қорғайды. Біздің елде Қор тарапынан берілетін кепілдіктер жеке тұлғалардың банктік шоттары мен салымдарының 99,8%-ын толық сомада өтейді.
Депозиттер бойынша кепілдіктер туралы көбірек біліңіз:
www.kdif.kz
Байланыс орталығы: 1460



