Баспасөз орталығы


Артқа

Маусым айына шекті сыйақы мөлшерлемелері бекітілді

Telegram WhatsApp Facebook X (Twitter) LinkedIn
Для Google Docs: скачай .html → загрузи в Google Drive → “Открыть с помощью Google Docs”.

ҚДКБҚ депозит нарығында қалыптасқан жағдаятқа байланысты теңгелік депозиттер бойынша 2023 жылдың маусымына арналған шекті мөлшерлемелерді мамырдағы мәнінде өзгеріссіз қалдырды. 

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры екінші деңгейдегі банктер өздерінің депозиттік өнімдеріне қатысты сыйақы мөлшерлемелерінің көлемі қандай болатындығы туралы шешімді өз бетімен қабылдайтындықтарын ескертеді. Осыған байланысты банктер өтімділікке қатысты қажеттіліктеріне қарай, сондай-ақ қаржылық және экономикалық ахуалдарға берілетін ішкі бағаларды ескере отырып, өздерінің депозиттік өнімдері бойынша басқа сыйақы мөлшерлемелерін белгілеуге құқылы. Ол Қор бекіткен шекті сыйақы мөлшерлемелерінен айтарлықтай ерекше болуы мүмкін. 

Депозиттердің түрі мен мерзімділігіне сәйкес ҚДКБҚ шекті мөлшерлемелерімен мына кестеден танысып шығуға болады:  


Депозиттер санаты

Толықтырылмайтын депозиттер бойынша, %

Толықтырылатын депозиттер бойынша, %

Мамыр

Маусым

Мамыр

Маусым

Мерзімсіз депозиттер

16,3

16,3

16,3

16,3

Мерзімді депозиттер

3 ай

17,3

17,3

16,8

16,8

6 ай

17,3

17,3

16,8

16,8

12 ай

14,8

14,8

14,5

14,5

24 ай

10,7

10,7

10,5

10,5

Жинақ депозиттер

3 ай

18,3

18,3

17,8

17,8   

6 ай

18,3

18,3

17,8

17,8  

12 ай

16,9

16,9

15,7

15,7

24 ай

14,3

14,3

13,5

13,5



02-05-2023
Document