Халықтың депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердегі депозиттерінің көлемі қыркүйектің қорытындысы бойынша 30,6 трлн теңгеге жетті. Осылайша жыл басынан бері 8,7%-ға, ал өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,9%-ға өсті.
Осы жағдайда Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) салымшылардың тәуекелін өтеуге арналған арнайы резервті кепілдендірілген депозиттер көлемінің 5%-ынан жоғары деңгейде болуын қамтамасыз етіп келеді. 2026 жылдың қыркүйегінің соңына қарай, ақшалай қордың көлемі 1,795 трлн теңгені, немесе 5,9%-ды құрады.
Депозиттерге кепілдік беру жүйесі резервті жинақтауға да, қосымша қаржы көзі ретінде де мемлекеттік бюджеттің ақшасын пайдаланбайды. Қаражаттың басым бөлігі банктердің жарналары есебінен түседі. Одан басқа, ҚДКБҚ жиналған қаражатты қор және ақша нарықтарына орналастырады: инвестициялық табыстың банктер төлейтін жарналарға ара-қатынасы 5:3 деңгейінде тұрақты сақталуда. Ақшаға шаққанда, жинақталған инвестициялық табыс 1,1 трлн теңгені, ал қатысушы банктердің жарналары 0,7 трлн теңгені құрады.
ҚДКБҚ инвестициялық портфелінің құрылымында сенімділігі жоғары теңгелік қаржы құралдары әлі де басымдыққа ие:
Кепілдендірілген депозиттердің құрылымына зер салсақ, салымшылардың ұлттық валютадағы қаржы құралдарына деген сұранысы сенімді түрде өсіп жатқандығын байқауға болады. Жеке тұлғаларға тиесілі депозиттердің долларлану деңгейі кезекті тарихи минимумды жаңартып, 17,9%-ға дейін түсті, ал халықтың қатысушы банктердегі жинақ ақшаларының жалпы көлемінің 82,1%-ы теңгелік қаржы құралдарына орналастырылған.
Теңгелік депозиттердің құрылымында Қор тарапынан жоғары кепілдік берілген жинақ салымдардың үлесі – 10,6%-ды, мерзімді салымдар – 25,6%-ды, мерзімсіз салымдар, банк шоттары және төлем карточкалары – 49,3%-ды, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі мен мемлекеттік білім беру жинақ жүйесіндегі «мақсатты» салымдар – 13,6%, ал мөлшерлемесі құбылмалы депозиттер – 0,9%-ды құрайды.
Еске саламыз, жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау және шоттарын ашумен айналысатын банктердің барлығы жеке тұлғалардың депозиттеріне кепілдік беру жүйесіне қатысады. Бұл жүйеге тек ислам банктері ғана қатыспайды. Қатысушы банктердің өзекті тізілімі Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының сайтында қолжетімді: kdif.kz/kz/banks
ҚДКБҚ жеке тұлғаларға тиесілі салымдардың барлық түріне, шоттары мен карточкаларына мынадай максималды сома шегінде кепілдік береді:
Заңда қарастырылған кепілдік лимиті депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы бір банктегі бір салымшыға қолданылады.
Депозиттер бойынша кепілдіктер туралы көбірек біліңіз:
www.kdif.kz
Байланыс орталығы: 1460