Баспасөз орталығы


Артқа

Депозиттерге кепілдік беру қорының резервтері бір жарым триллион теңгеден асты

Telegram WhatsApp Facebook X (Twitter) LinkedIn
Для Google Docs: скачай .html → загрузи в Google Drive → “Открыть с помощью Google Docs”.

Кепілдік берілген депозиттердің жылдық тұрғыда 16,9%-ға өсуі аясында ҚДКБҚ резервтердің жеткіліктілігін қамтамасыз етуді жалғастыруда  

2025 жылдың соңына қарай Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) арнайы резервті 1,5 триллион теңгеден асырды. Осылайша 2026 жылдың 1 наурызына қарай ҚДКБҚ арнайы резервінің көлемі 1,59 трлн теңгені құрады.

Активтер қандай қаржы құралдарына орналастырылған?

ҚДКБҚ арнайы резервінің портфелі – бұл сақтанымпаз және өтімді активтер. 1 наурызға қарасты деректер бойынша портфельдің 60,7%-ын – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің облигациялары, 16,8%-ын – теңгедегі жоғары өтімді активтер мен ақша нарығының құралдары, 7,6%-ын – квазимемлекеттік сектор эмитенттерінің облигациялары, 2,9%-ын – халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары және 12%-ын – шетел валютасындағы активтер құрады.  

Активтерді инвестициялаудан түскен табыстармен қатар ҚДКБҚ резервін қалыптастыруда маңызды рөл атқаратын қаржы көзі – депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердің жарналары.

ҚДКБҚ резерві неге үнемі өсіп отыруы керек?

Жеке тұлғалардың депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердегі (кепілдендірілген) депозиттері 2025 жылдың қорытындысы бойынша рекордтық көрсеткіш – 28 трлн теңгеден асты және 2026 жылдың 1 наурызына қарай – 28,1 трлн теңгені құрады. 

Халықтың теңгелік депозиттерінің құрылымы өзгеруде. 

  • 2026 жылдың 1 наурызына қарасты деректер бойынша жинақ салымдардың үлесі ұлттық валютадағы кепілдендірілген депозиттер көлемінің 13,3%-ын құрады.

Теңгедегі жинақ салымдар бойынша ең жоғары кепілдік мөлшері қарастырылған, яғни бір банкте бір салымшы үшін берілетін ең жоғары кепілдік сомасы – 20 млн теңгені құрайды.    

  • Нарықтың басым бөлігі әлі де мерзімсіз салымдардан тұрады (ұлттық валютадағы депозиттердің 43%-ы). Сонымен бірге салымшылар ұлттық валютадағы мерзімді салымдарға жиі басымдық бере бастады – нарықтың осы сегменті өткен жылдың наурызымен салыстырғанда 28 еседен жоғарыға артты.   

Еске саламыз, теңгедегі мерзімді және мерзімсіз салымдар, сондай-ақ ағымдағы шоттар мен карточкалар бойынша ҚДКБҚ кепілдігі бір банктегі бір салымшы үшін ең жоғары кепілдік мөлшері – 10 млн теңгені құрайды.

  • Жеке тұлғаларға тиесілі депозиттердің долларлану деңгейі кезекті тарихи минимумға түсе отырып, 2026 жылдың 1 наурызына қарай 21,6% -ды құрады. Ағымдағы ақша-кредит саясаты аясында салымшылар анағұрлым табысты және кепілдендірілген теңгелік салымдарды таңдауда.   

ҚДКБҚ шетел валютасындағы салымдарға, шоттар мен карточкаларға теңгелік баламада 5 млн теңгеге дейін кепілдік береді.  

    

  • 2026 жылдың 1 наурызына қарай депозиттік базаның жалпы жылдық өсімі 16,9%-ға өсуі аясында ҚДКБҚ резервтердің жеткіліктілігін қамтамасыз етуді одан әрі жалғастыруда.  

ҚДКБҚ арнайы резервтегі ақшаны қайда жұмсайды?

ҚДКБҚ – жеке тұлғалардың депозиттерінің заңды кепілгері. Банк лицензиясынан айырылған жағдайда ол салымшыларға ақшаларының уақтылы қайтарылуын қамтамасыз етеді. 

ҚДКБҚ арнайы резервтің қаражаты есебінен салымшыларға шұғыл түрде кепілді өтем төлейді. Қазақстанда депозиттерге кепілдік беру жүйесі жұмыс істеп келе жатқан 25 жылдан астам уақыт ішінде 420 мыңнан астам салымшы 115 млрд теңге шамасында кепілді өтем алды. Еске саламыз, Қазақстанда 1999 жылдан бастап, күні бүгінге дейін 11 банк лицензиясынан айырылды. Солардың соңғылары – Capital Bank Kazakhstan (2021), «АзияКредитБанк» (2021), Tengri Bank (2020) және салымшыларының саны бойынша ең ірі банк – «Астана Банкі» (2019).

Қазіргі уақытта Қор таратылатын банктердің салымшылары алдында өз міндеттемелерін орындап, өтем төлеуді аяқтаған. Бірақ өтем төлеу мерзімін дәлелді себептерге байланысты өткізіп алған салымшылардың талап етпеген қаражаттарын өздеріне қайтаруды жалғастыруда.      



26-03-2026
Document