Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Егер депозит бойынша төлем мерзімі өткізіп алынған болса, өтемді таратылатын банктен қалай алуға болады

Егер банк лицензиясынан айырылса, ал сіз депозитіңіз бойынша кепілді өтемді төлеу мерзімін өткізіп алсаңыз не істеуге болады? Қайда бару керек және жинақ ақшаңызды қалай қайтарып ала аласыз? Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры салымшылардың есіне салады: мұндай жағдайда сіздің өтем алуға өтініш беруіңізге құқығыңыз бар. Бұл мүмкіндікті төлем мерзімін дәлелді себептерге байланысты жіберіп алғандар ғана пайдалана алады. Себептер қандай болуы керек және өтем алуға өтінішті қайда беруге болады? Осы және өзге де сұрақтарға жауаптарды осы материалдан оқып біле аласыздар. 

   

Белгілі болғанындай, кепілдік берілген өтемді алу жөніндегі өтініш төлем басталған күннен бастап, бір жыл ішінде берілуі мүмкін. Соған қарамастан, өмірдегі әртүрлі жағдайлар салымшыға депозитіндегі жинақ ақшасын алу үшін дер кезінде жүгінуіне кедергі келтіруі мүмкін.


Дәл осы себепке байланысты заңнамада салымшылар үшін төлем мерзімі аяқталса да жинақ ақшаларын талап ету құқығы бекітілген. Бұл мүмкіндікті сондай-ақ талап етпеген ақшалары бір жылдық төлем мерзімі аяқталған соң, БЖЗҚ-ға ерікті зейнетақы жарналары ретінде аударылған, таратылатын банктің клиенттері де пайдалана алады.


Білу маңызды: дәлелді себептерге байланысты өздерінің ақшалай қаражаттарын алуға тек депозиттердің салымшылары ғана емес, сонымен қатар олардың заңды өкілдері, мұрагерлері және өтем алуға құқығы бар басқа да тұлғалары жүгінуге құқылы.


Сонымен дәлелді себептерге мына мән-жайлар жатады:


·        әскери қызметке тұру;

·        Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде болу;

·        мұраны қабылдауды рәсімдеу және мұраны иемденуге немесе ашуға байланысты өзге де себептер;

·        бас бостандығынан айыру орындарында болу;

·        сот анықтаған өзге де мән-жайлар.


Салымшы осы мән-жайлардың әрбірін тиісті құжаттарымен растауы керек. Осы ретте ҚДКБҚ арнайы жадынама дайындады. Онда депозитор дәлел ретінде нақты қандай құжаттарды ұсыну керектігі көрсетілген:


әскери қызметке орналасу – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери басқарма органдары берген, әскери есепке алу құжаттары немесе әскери борышты өтегендігін растайтын растаушы мәліметтер;

Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде болу – шекарадан өткені туралы белгі соғылған төлқұжат және (немесе) шетелде болғандығын растайтын өзге құжаттар;

мұраны қабылдауды рәсімдеу – салымшының қайтыс болғаны туралы куәлік, заң/өсиетнама бойынша мұраға құқық туралы куәлік және (немесе) мұраны ашу немесе қабылдауды растаушы, оның ішінде сот актілері бар өзге де құжаттар;

бас бостандығынан айыру орындарында болу – заңды күшіне енген сот шешімі және бас бостандығынан айыру орнында жазасын өтегені немесе жазасын өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босап шыққаны жайында құжат;

сот анықтаған өзге де мән-жайлар – өтемді төлеу мерзімі барысында өтініш беруге кедергі келтірген мән-жайды белгілеуші сот шешімі. Бұл жағдайда салымшы төлем мерзімі барысында кепілді өтемді алуға өтініш беруіне кедергі келтірген мән-жайдың бар болғандығын растайтын деректі белгілеуді талап етіп, азаматтық сот өндірісі тәртібімен сотқа жүгінуі тиіс.


Атап өту керек, жоғарыда келтірілген құжаттар бүкіл төлем мерзімі барысында дәлелді себептің болғандығын және оның ұзақтығын растауы керек.   


«Дәлелді себептер» бойынша кепілдік берілген өтемді төлеу жөніндегі өтінішті ҚДКБҚ-ға берген жөн. Құжаттың бекітілген нысанын мына жерден табуға және оны көшіруге болады.  

  

Өтініш беру барысында нені есте сақтау қажет?


Салымшы немесе оның өкілі өтініш нысанын қолмен толтырып, оған дәлелді себептердің бар екендігін растайтын құжаттарды және өтемді алу құқығын белгілейтін (бар болса) өзге де құжаттарды қоса тіркейді. Құжаттар топтамасын мына мекенжайлардың бірі бойынша тікелей ҚДКБҚ-ға әкеліп тапсыру керек:


·        Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев көшесі, 30/8, 4 қабат;

·        Астана қ., Z01А5АF2, Байқоңыр ауданы, Мәлік Ғабуддлин көшесі, 18, 1 қабат, №5 кеңсе.


Сонымен қатар құжаттарды ҚДКБҚ-ның Алматы мен Астанадағы кеңселерінің (мекенжайлары жоғарыда көрсетілген) пошталық мекенжайларына да жолдауға болады. Бірақ мұндай жағдайда салымшының өтініштегі қолы нотариалды жолмен куәландырылуы тиіс.


Әрбір «дәлелді себеп» бойынша мысалдар келтірілген толыққанды ақпаратты осында оқып шығуға болады. Бұған дейін ҚДКБҚ егжей-тегжейлі қадамдық нұсқаулықты жариялаған болатын.


Еске саламыз, Қордың қызметіне қатысты қосымша ақпаратты 1460 тегін нөмірі арқылы және ҚДКБҚ-ның мына ресми сайтынан алуға болады: www.kdif.kz, сондай-ақ сауалдарды info@kdif.kz поштасына немесе @kdif_ask telegram-чат жолдауға мүмкіндік бар.