ҚДКБҚ теңгелік жинақ салымдар бойынша максималды мөлшерлемелерді қайта қарады

ҚДКБҚ теңгелік жинақ салымдар бойынша максималды мөлшерлемелерді қайта қарады

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 2022 жылдың шілдесіне теңгелік депозиттер бойынша ұсынылатын максималды мөлшерлемелерді бекітті.


3 және 6 айға орналастырылған мерзімсіз, мерзімді және жинақ депозиттер, сондай-ақ 12 және 24 айға арналған мерзімді депозиттер бойынша максималды мөлшерлемелер өзгеріссіз қалды. Сөйтіп маусым айындағы деңгейінде сақталды.       

  

12 айға арналған жинақ депозиттер бойынша максималды мөлшерлемелер шамалы ғана – 0,1 пайыздық тармаққа көтерілсе, 24 айлық жинақ салымдар керісінше – 0,1 пайыздық тармаққа төмендеді. Бұған депозиттер нарығының осы сегменттерінде орташа өлшемді нарықтық мөлшерлемелердің өзгеруі себеп болды. 



Депозиттер санаты

Толықтырылмайтын депозиттер бойынша, %

Толықтырылатын депозиттер бойынша, %

Маусым

Шілде

Маусым

Шілде

Мерзімсіз депозиттер

13,5

13,5

13,5

13,5

Мерзімді депозиттер

3 ай

14,0

14,0

13,5

13,5

6 ай

14,0

14,0

13,5

13,5

12 ай

13,5

13,5

13,0

13,0

24 ай

9,4

9,4

9,2

9,2

Жинақ депозиттер

3 ай

14,5

14,5

14,0

14,0

6 ай

14,5

14,5

14,0

14,0

12 ай

15,0

15,1▲

13,8

13,9▲

24 ай

12,4

12,3▼

11,6

11,5▼