Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

ҚДКБҚ дәлелді себептер бойынша өтем төлеуге өтініштер қабылдауды жалғастыруда

Банк лицензиясынан айырылған жағдайда депозиттерге кепілдік беру жүйесі салымшылардың мүдделерін қорғау үшін сенімді механизмдер ұсынады. Осындай жағдай туындаған кезде депозитор өзінің салымы бойынша кепілді өтем алуы үшін Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорына (бұдан әрі – ҚДКБҚ, Қор) немесе Қордың таңдаған агент банкіне өтінішпен жүгіне алады. Мұндай өтінішті өтем төлеу басталған күннен бастап, 1 (бір) жыл ішінде беруге болады. Алайда кей жағдайда салымшылар қандай да бір себептерге байланысты төлем мерзімін өткізіп алады. Не істеу керек? Мұндай жағдайда өтем алуға үміт артуға бола ма?


Егер салымшы өтем алу мерзімін дәлелді себептерге байланысты өткізіп алса және бұған растаушы құжаттары бар болса, онда ол қағаз жүзінде өтініш жазып, оны тікелей Қорға әкеліп тапсыруы керек.


Өтініш нысанын мына сілтеме бойынша көшіріп алуға болады.


Сонымен қатар өтінішке дәлелді себепті растайтын құжаттарды да қоса тіркеуі тиіс.

 

Заңнамаға сәйкес дәлелді себептерге мына мән-жайлар жатады: 

·        әскери қызметке кіру;

·        Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде болу;

·        депозитордың мұрасын қабылдау және мұраны иемденуге немесе ашуға байланысты өзге де себептер;

·        бас бостандығынан айыру орындарында болу;

·        сот анықтаған өзге де мән-жайлар.

 

 

Өтінішті қашан беруге болады?


Төлем мерзімі аяқталған соң, дәлелді себептер бойынша кепілді өтем төлеуге өтініш мына екі жағдайда беріледі:


·        банк түпкілікті таратылғанға дейін (банкті мәжбүрлеп тарату туралы мәліметтер Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізілген күн);

·        немесе ҚР Әлеуметтік кодексіне сәйкес ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындағанға дейін (қаражаттар салымшының зейнетақы шотына аударылған жағдайда).

 

ҚДКБҚ мұндай өтінішті алған күннен бастап, оны 5 жұмыс күні ішінде қарайды. Осы мерзім ішінде кепілді өтем салымшының өтінішінде көрсетілген банк шотына аударылуы мүмкін немесе нақты себебі көрсетіле отырып, өтем төлеуден бас тартылуы ықтимал. Дәлелді себептер бойынша өтініш беру тәртібі туралы мына сілтемеден толығырақ білуге болады.   


Өтем төлеу мерзімі барысында салымшылардың алып үлгермеген ақшасының жайы не болады?

 

Еске саламыз, таратылатын банктердің салымшыларының талап етпеген кепілді өтем сомалары Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген тәртіпте олардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (БЖЗҚ) ашылған, ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шоттарына (бұдан әрі - ЖЗШ) аударылады.

 

Өтем сомасы ойдағыдай аударылуы үшін салымшының депозиторлар тізіліміндегі дербес деректері ақпаратты тіркеу және сақтау бірыңғай жүйесіндегі деректермен сәйкес келуі тиіс. Бұған қоса жеке басты куәландыратын, қолданыстағы құжаттың бар болғаны жөн. Екінші талап – зейнетақы жинақтары бар ЖЗШ болуы.

 

МАҢЫЗДЫ! Салымшыларға БЖЗҚ-ға арнайы барып, өтініш беру қажет емес. Егер барлық талаптар сәйкес келсе, өтем сомасы БЖЗҚ-ға автоматты түрде аударылады. Бұл ретте салымшылардың ЖЗШ-қа аударылған талап етпеген өтем сомалары басқа да зейнетақы активтері секілді инвестицияға жұмсалады. Яғни бұл сомалар салымшыға инвестициялық табыс әкелетін болады.