КФГД - Казахстанский фонд гарантирования депозитов
ҚДКБҚ 2021 жылдың қазан айы бойынша толықтыру құқығы бар ұзақ мерзімді депозиттерге тиесілі мөлшерлемелерді өсірді
ҚДКБҚ 2021 жылдың қазан айы бойынша толықтыру құқығы бар ұзақ мерзімді депозиттерге тиесілі мөлшерлемелерді өсірді
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) теңгелік депозиттер бойынша 2021 жылдың қазан айына ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін бекітті.
Толықтырып отыруға болатын ұзақ мерзімді депозиттер бойынша максималды мөлшерлемелер қайта қаралып, ұлғайтылды. Бұған толықтыру құқығының есептік құнының өзгеруі себеп болды. Осылайша депозит нарығының аталмыш сегментінің мерзімсіз салымдар алдындағы артықшылығы одан әрі нығайып, тартымдылығы арта түседі. Бұл банктердің қор жасауды тұрақты түрде арттыруға ынталандыруға септігін тигізеді және бұл өз кезегінде экономиканы ұзақ мерзімді және нарықтық тұрғыда кредит берумен қамтамасыз етуді кеңейтуге негіз болады.
Мерзімсіз салымдар бойынша максималды мөлшерлемелер бұрынғы деңгейінде қалдырылды. Өйткені банктердің көпшілігі оларды максималды деңгейден төмен мөлшерлемемен қабылдауын жалғастыруда.
Толықтыруға болмайтын басқа барлық депозиттер бойынша мөлшерлемелер елеулі нарықтық факторлар орын алмағандықтан, қазан айында бұрынғы деңгейінде қалдырылады.
|
Толықтырылатын депозиттер бойынша, % |
Толықтырылмайтын депозиттер бойынша, % |
||
---|---|---|---|---|
Қыркүйек 2021 |
Қазан 2021 |
Қыркүйек 2021 |
Қазан 2021 |
|
Мерзімсіз депозиттер |
9,0 |
9,0 |
9,0 |
9,0 |
Мерзімді депозиттер |
||||
3 ай |
9,3 |
9,3 |
9,8 |
9,8 |
6 ай |
9,3 |
9,3 |
9,8 |
9,8 |
12 ай |
10,3 |
10,4 ▲ |
10,7 |
10,7 |
24 ай |
9,1 |
9,2 ▲ |
9,4 |
9,4 |
Жинақ депозиттер |
||||
3 ай |
10,3 |
10,3 |
10,8 |
10,8 |
6 ай |
10,3 |
10,3 |
10,8 |
10,8 |
12 ай |
12,2 |
12,7 ▲ |
13,9 |
13,9 |
24 ай |
10,7 |
11,4 ▲ |
12,2 |
12,2 |