Баспасөз орталығы


Артқа

Жеке тұлғалардың депозиттік портфелінің құрылымы мерзімді және жинақ өнімдердің пайдасына өзгеруде: 2025 ж. IV-тоқсанына шолу

Telegram WhatsApp Facebook X (Twitter) LinkedIn
Для Google Docs: скачай .html → загрузи в Google Drive → “Открыть с помощью Google Docs”.

Шолудың толық мәтіні Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының сайтында қолжетімді: https://kdif.kz/kz/deposit-market-analysis

  • Депозит нарығының өсімі 2025 жылы бәсеңдеді, бірақ бәрібір депозиттер ағымдағы экономикалық жағдайда ақша жинаудың басты әдісі болып қалуда.
  • Қазақстандықтардың теңгемен ақша жинауға деген қызығушылығы – халық депозиттерінің өсуіне қатысты басты қозғаушы күшке айналды.
  • Жеке тұлғаларға тиесілі депозиттердің долларсыздануы салымшылардың бұқаралық сегментін ғана емес, орта және ірі сегнменттерді де шарпуда.
  • Бұқаралық сегмент депозит нарығының негізі болып қалуда. Оның тұрақтылығы мен өсімін қамтамасыз ететін осы сегмент.
  • Орта сегмент ең тез өсетін сегментке айналды. Ондағы салымшылар – анағұрлым белсенді және қаржы жағынан сауатты.
  • Ірі сегментте қаражаттың депозиттерден балама инвестиция құралдарына ағылу үрдісі байқалуда.
  • Жеке тұлғаларға тиесілі депозиттік портфельдің құрылымы өзгеруде – салымшылар саналы түрде мерзімді және жинақ салымдарды таңдап жатыр.
  • Мерзімді және жинақ салымдардың тартымдылығының артуы банктер үшін едәуір қымбат, бірақ едәуір тұрақты ақша қорланымына өту дегенді білдіреді.
  • Тұрақты ақша қорланымының құрылымында қысқа мерзімді салымдар басым.


18-02-2026
Document