Жеке тұлғаларға тиесілі депозиттердің көлемі тоқсан ішінде 1,9 трлн теңгеге өсіп, 30,0 трлн теңгеден асты. Бұл депозиттерге кепілдік беру жүйесі жұмыс істеп келе жатқан 26 жыл ішіндегі абсолюттік рекорд. Долларлану деңгейі 20%-дан төмен түсті, ал тұрақты ақшалай қор жасау үлесі теңгелік салымдар бойынша 40%-ға жақындады
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) 2026 жылдың II-тоқсаны бойынша жеке тұлғалардың депозиттері нарығына жасалған ақпараттық шолуды ұсынады. Шолудың толық мәтіні Қор сайтында қолжетімді: https://kdif.kz/kz/deposit-market-analysis
- Өткен тоқсан – теңгелік депозиттердің көлемі бойынша да, өсу қарқыны бойынша үздік тоқсандардың біріне айналды.
- Халықтың валюталық салымдары екінші тоқсанның үш айы ішінде өзгеріссіз қалды деуге болады.
- Долларлану деңгейі 20,0%-дан төмен түсіп кетті – бұл жаңа тарихи рекорд.
- Депозит нарығының сегменттік құрылымы баяу өзгеруде, бірақ оның алған бағыты айқындалып келеді – орта сегменттің үлесі арта түсуде
- Мерзімді депозиттердің танымалдығының артуы банк жүйесінде тұрақты ақша қорының рекордтық деңгейге жетуіне әкеп соқты.
- Бүкіл тоқсан барысында депозит нарығында жоғары сыйақы мөлшерлемелері сақталды, маусымда базалық мөлшерлеменің төмендеуі халық депозиттері нарығы үшін басты оқиғаға айналды. ҚДКБҚ қандай болжамдарды алға тартады?
- 2026 жылдың екінші тоқсанын еліміздің депозит нарығы үшін сөзсіз жемісті тоқсан деп есептеуге болады.