Шолудың толық мәтіні Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының сайтында қолжетімді: https://kdif.kz/kz/deposit-market-analysis
2026 жылдың 1-тоқсанында еліміздегі экономикалық ахуал және Ұлттық Банктің ақша-несие саясаты Қазақстанның жеке тұлғаларға арналған депозит нарығының орнықтылығын қамтамасыз етті.
Теңгелік депозиттер нарықтың қозғаушы күші болып қала бермек. Бұл халықтың ұлттық валютадағы жинақ ақшаларға деген қызығушылығының тұрақты екендігін тағы да растады.
Теңгелік депозиттер позициясының нығаюы халықтың депозиттік базасының долларлану деңгейінің төмендеуін қамтамасыз етті. Алайда енді оның бұдан әрі қай бағытқа жылжитындығы көп жағдайда ірі салымшылардың іс-қимылына байланысты болмақ.
Еліміздегі депозит нарығының сегменттік құрылымы тұрақтылығын сақтауда, алайда ұзақ мерзімді қаржы тұрақтылығы үшін орта сегменттің үлесін арттыру қажет.
Ұзақ мерзімді келешекте орта сегменттің біртіндеп кеңейетіндігіне көз жеткізілуде. Сәйкесінше бұл нарықтың бірте-бірте теңдестірілген құрылымға өте бастайтындығын білдіреді.
Мерзімді салымдар Қазақстанның жеке тұлғаларға тиесілі депозит нарығын қайта теңдестірудің басты қозғаушы күшіне айналды. Соның арқасында банктік ақшалай қор жинау жүйесінің тұрақтылығы мен мерзімділігі арта түсті.
Бірқалыпты-қатаң монетарлық жағдайдың сақталуы халықтың депозиттік нарығының табыстылығын теңгерімді деңгейде қалыптасуына негіз болды.
Жалпы 2026 жылдың бірінші тоқсаны халықтың депозиттік нарығының орнықты екендігін көрсетті.