Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) төлем мерзімі аяқталған соң да, таратылатын банктердің депозиторларына, егер олар дәлелді себептерге байланысты уақтылы өтініш бере алмаса, кепілді өтем төлеуді жалғастыруда.
Қор мамандары бұл шара қандай жағдайда жүзеге асатындығын, қандай құжаттар талап етілетіндігін және қайда жүгіну керектігі жайында түсіндіріп берді.
«2022 жылы таратылу үдерісіндегі 9 банк бойынша төлем мерзімі аяқталған болатын. Олар: Валют-Транзит Банк, Қазинвестбанк, Эксимбанк Қазақстан, Qazaq Banki, Delta Bank, Астана Банкі, Tengri Bank, AsiaCredit Bank, Capital Bank Kazakhstan. Алайда аталған банктердің депозиторларына, егер олар төлем мерзімі барысында қандай да бір мән-жайлардың кедергі келтіруі себебінен өтініш бере алмаса, ҚДКБҚ күні бүгінге дейін оларға өтем төлеуді жалғастыруда», – деп нақтылады ҚДКБҚ Мониторинг және төлемдер басқармасының бастығы Алуа Нұртөлеуова.
Суретте: ҚДКБҚ Мониторинг және төлемдер басқармасының бастығы Алуа Нұртөлеуова. ҚДКБҚ баспасөз қызметінің мұрағаты.
Төлем мерзімі аяқталған соң, депозиттердің тағдыры не болады
Заң бойынша лицензиясынан айырылған банктің салымшылары төлем басталған күннен бастап, 1 (бір) жыл ішінде кепілді өтем алуға өтініш беруге құқылы. Осы мерзім аяқталған соң, талап етілмеген ақшалар депозиторлардың БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарына ерікті зейнетақы жарналары ретінде аударылады.
Мұндай аударым автоматты түрде жүзеге асырылады және салымшылар тарапынан өтініш беру талап етілмейді. Бұл ретте қаражаттың БЖЗҚ-ға аударылуы депозиторды дәлелді себептері болған жағдайда өтем алу үшін ҚДКБҚ-ға тікелей өтініш беру құқығынан айырмайды.
Кейін кепілді өтемді қандай жағдайда алуға болады
Егер депозитор дәлелді себептерге байланысты уақтылы өтініш бере алмаса, заң бойынша төлем мерзімі аяқталған соң да кепілді өтемді алу мүмкіндігі қарастырылған. Мұндай себептерге мына мән-жайлар жатады:
Бұл себептердің әрқайсысы құжат жүзінде расталуы тиіс.
Қандай құжаттарды ұсыну қажет
Депозитор (немесе өтініш беруші) өтем төлеуге өтініш беруден басқа (нысанын kdif.kz сайтынан көшіруге немесе Қордың кеңсесінен алуға болады ) мына құжаттарды ұсынуы қажет:
Төлем алу үшін қайда жүгіну керек
Жазбаша өтінішті және дәлелді себепті растайтын құжаттарды Қордың мына төмендегі мекенжайларда орналасқан кеңселеріне тікелей әкеліп тапсыруға болады:
Сонымен қатар құжаттарды Қордың Алматы мен Астана қалаларындағы кеңселерінің пошталық мекенжайларына жолдауға болады. Бұл жағдайда салымшының немесе өтініш берушінің жеке басын растайтын құжатының көшірмесі, сондай-ақ өтініштегі қолы нотариалды жолмен куәландырылуы тиіс.
ҚДКБҚ өтінішті және растаушы құжаттар топтамасын олары келіп түскен күннен бастап, 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды. Оң шешім қабылданған жағдайда, кепілді өтем сомасы салымшының өтінішінде көрсетілген банк шотына аударылады. Өтем төлеуден бас тартылған жағдайда, өтініш берушіге бас тарту себебі және оларды жою жолдары көрсетіліп, хабарландыру жолданады.
Дәлелді себептер бойынша төлемдер статистикасы
2025 жылдың қорытындысы бойынша өтем төлеу туралы шешімі бар өтініштер болмағандықтан, кепілді өтем сомалары төленбеді. Осыған байланысты Қор алдыңғы жылдың ақпаратын ұсынады.
«2024 жылы ҚДКБҚ барлығы 22 салымшыға 9,7 млн теңге кепілді өтем сомасын төледі. Төлемдер таратылып жатқан келесі банктер бойынша жүргізілді: AsiaCredit Bank — 21 төлем, ВалютТранзитБанк — 1 төлем», – деді ҚДКБҚ Мониторинг және төлемдер басқармасының бастығы Алуа Нұртөлеуова.
2024 жылы өтініш беру үшін ұсынылған анағұрлым кең таралған дәлелді себептер:
Дәлелді себептер бойынша өтініш беру мерзімін өткізіп алған депозиторлардың өтініштерін қарау жұмыстары 2026 жылы жалғасын табады.