Баспасөз орталығы


Артқа

Банктер туралы жаңа заңға байланысты депозиттерге кепілдік беруде не өзгереді?

Telegram WhatsApp Facebook X (Twitter) LinkedIn
Для Google Docs: скачай .html → загрузи в Google Drive → “Открыть с помощью Google Docs”.

Алматы қаласы, 2026 жыл, «20» қантар. 16 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» жаңа заңға және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу және дамыту, байланыс және банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе заңға қол қойды.
Салымшылар үшін депозиттер бойынша қолданыстағы кепілдіктер сақталады және олар халықтан депозиттер қабылдауға құқығы бар, базалық лицензияға ие жаңа банктерге де қолданылады.Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ары қарай – ҚДКБҚ, Қор) салымшылардың мүдделерін қорғау бойынша жұмыстарын одан әрі жалғастыратын болады, – деп хабарлайды Қордың баспасөз қызметі.     

Жеке тұлғалардың базалық лицензияға ие банктердегі депозиттеріне де кепілдік беріледі

Банктер туралы жаңа заң банктік лицензияның екі түрін – әмбебап және базалық лицензияларды енгізеді. Жұмыс істеп жатқан қазіргі банктер өз қызметтерін әмбебап лицензия бойынша жалғастырады және бұрынғыдай депозиттерге кепілдік беру жүйесіне (ары қарай – Жүйе) қатысады.   
Жаңа банктер әмбебап лицензияны да, базалық лицензияны да ала алады. 
Базалық лицензия бойынша уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін, қабылданатын депозиттің максималды мөлшерін қосқанда, операциялардың көлеміне қатысты шектеулер қарастырылған.    
Бұл ретте мұндай депозиттер де қорғалады: Жүйеге қатысу – жеке тұлғалардан депозиттер қабылдау құқығына ие болған барлық банктер үшін міндетті болып табылады. 
Ислам банктері бұрынғыдай бұл Жүйеге қатыспайды – ҚДКБҚ кепілдіктері мұндай банктердегі депозиттерге қолданылмайды. 

ҚДКБҚ Жүйенің жаңа қатысушыларын қабылдауға дайын 

Қандай да бір банк лицензиясынан айырылған жағдайда салымшылармен есеп айырысу үшін ҚДКБҚ негізінен қатысушы банктердің жарналары және инвестициялық табыс есебінен арнайы резерв қалыптастырады. 
Жаңа банктер де Қордың ішкі моделіне сәйкес сараланымдық мөлшерлеме бойынша Жүйенің резервіне жарна төлейтін болады. Бұл ретте банктің тәуекелдер деңгейі есепке алынады. 
ҚДКБҚ 2026 жылға Жүйенің қаржылық орнықтылығын растайтын көрсеткіштермен еніп отыр: Қордың арнайы резерві 1,5 трлн теңгеге жақындады және бұл кепілдік берілген бүкіл депозиттік базаның 5,3%-ын құрайды. 

Салымшыларға өтем төлеу мерзімі қысқартылатын болады 

Ең маңызды жаңа енгізілімдердің бірі – лицензиясынан айырылған банктің салымшыларына өтем төлеу мерзімін қысқарту. 
Қазіргі уақытта төлемдер банк лицензиясынан айырылған күннен бастап, 35 жұмыс күні ішінде басталады. Жаңа түзетулерге сәйкес бұл мерзім 20 жұмыс күніне дейін қысқартылған.   
Ал іс жүзінде ҚДКБҚ төлемдерді бұдан да ерте бастаған: Tengri Bank, AsiaCredit Bank және Capital Bank Kazakhstan бойынша өтем төлеу банктер лицензияларынан айырылған күннен бастап, 6-8 жұмыс күні ішінде басталған болатын.   
Қор әлемдік стандарттарға сәйкес өтем төлеу мерзімін қысқарту және қазақстандық салымшылардың жинақ ақшаларының қорғанысын арттыру бойынша жұмыстарды одан әрі жалғастыруға ниетті.
 

Депозиттер бойынша кепілдіктер бұрынғы деңгейде сақталады 

ҚДКБҚ өзінің негізгі функциясын орындауды одан әрі жалғастырады: банк лицензиясынан айырылған жағдайда Қор салымшыларға – жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге өтем төлейді.

Максималды кепілдік сомасы өзгеріссіз қалады және әдеттегідей оның көлемі салымның түрі валютасына тікелей байланысты:

  • теңгедегі жинақ салымдар бойынша — 20 млн теңгеге дейін;
  • теңгедегі басқа салымдар (мерзімді және мерзімсіз), шоттар мен карточкалар бойынша – 10 млн теңгеге дейін;
  • шетел валютасындағы салымдар, шоттар мен карточкалар бойынша – теңгелік баламада 5 млн теңгеге дейін;
  • салымшының бір банктегі ұлттық және шетелдік валютадағы әртүрлі салымдары бойынша – салымдарының ішінде теңгелік жинақ салымы бар болған жағдайда, жиынтық көлемі 20 млн теңгеге дейін. Бұл ретте әрбір салымның түрі мен валютасы бойынша белгіленген шекті кепілдік сомалары есепке алынады.      

Қолданыстағы осы шекті кепілдік сомаларын ескерер болсақ, Қордың деректері бойынша қазақстандық банктердегі салымдар мен шоттардың 99,8%-ы толық көлемде қорғалған.
 
20.01.2026



20-01-2026
Document