«Астана Банкі» АҚ пен «AsiaCredit Bank» АҚ салымшыларының назарына!

«Астана Банкі» АҚ пен «AsiaCredit Bank» АҚ салымшыларының назарына!

«Астана Банкі» АҚ пен «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ салымшыларын өтем алу жөніндегі өтінішті онлайн беру мүмкіндігімен қамтамасыз ету үшін Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры төлемдердің электрондық порталын іске қосу бойынша техникалық жұмыстарды жүргізіп жатқандығын хабарлаймыз. Осыған байланысты 2021 жылдың 7 желтоқсанынан бастап, «Еуразиялық банк» АҚ бөлімшелері арқылы «Астана Банкі» АҚ пен «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ салымшыларынан кепілдік берілген өтемді төлеуге жазбаша өтініштер қабылдау уақытша тоқтатылады.


Өтініштерді қабылдауды қайта бастау күні туралы қосымша ақпарат беріледі.


«Еуразиялық банк» АҚ бөлімшелеріне бармас бұрын, банктің байланыс орталығының +7 (727) 332-77-22 (E-mail: contactcenter@eubank.kz.) телефон нөмірі және Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының 1460 (E-mail: kdif@kdif.kz) телефон нөмірі бойынша өтініш қабылдауды қайта жалғастыру уақытын алдын ала нақтылауға кеңес береміз.