Баспасөз орталығы


Артқа

ADCB депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы атанды

Telegram WhatsApp Facebook X (Twitter) LinkedIn
Для Google Docs: скачай .html -> загрузи в Google Drive -> "Открыть с помощью Google Docs".

«Abu Dhabi Commercial Bank (Kazakhstan)» АҚ 13 қарашадан бастап, депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банк мәртебесін алды. Қатысушы банктердің жаңартылған тізілімі Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (ҚДКБҚ) сайтында жарияланды: kdif.kz/kz/banks

ADCB – Қазақстанның депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіндегі осымен 21-банк. Оның 2026 жылдың 13 қарашасынан бастап, әмбебап банктік лицензия аясында жеке тұлғалардан қабылдаған теңгелік және валюталық салымдардың, шоттардың және карточкалардың барлық түрлері депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесі тарапынан қорғалады. Заңнамаға сәйкес тек исламдық банктік депозиттер мен исламдық банктік операциялар аясында тартылған банктік шоттардағы ақшалар ғана бұл жүйеге кірмейді.    

Еске саламыз, жеке тұлғалардың депозиттері бойынша берілген кепілдіктер –  елімізде банктік қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауға арналған шаралардың бірі және банктер және банк қызметі, сондай-ақ депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы заңнамада қарастырылған. Қазақстанда жеке тұлғалардың депозиттерінің 99,8%-ы ҚДКБҚ кепілдігімен толық сомаға қорғалған. Жинақ ақшаларды бұлайша қорғау салымшылар тарапынан қосымша әрекеттер талап етпейді. 

Ең жоғары кепілдік сомасы салымның түрі мен валютасына тікелей байланысты. ҚДКБҚ депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы әрбір банктегі әрбір салымшының жинақ ақшаларына мынадай шекті сомада кепілдік береді:

  • 20 миллион теңгеге дейін — теңгедегі жинақ салымдар бойынша;
  • 10 миллион теңгеге дейін — теңгедегі салымдардың басқа түрлері, шоттар және карточкалар бойынша;
  • 5 миллион теңгеге дейін — кез келген шетел валютасындағы салымдардың барлық түрлері, шоттар және карточкалар бойынша (теңгелік баламада).

Егер салымшының бір банкте бірнеше депозиті бар болса, заңға сәйкес әрбір салым түрі бойынша белгіленген шекті кепілдік сомасы ескеріліп, жиынтық өтем сомасы есептеледі. Қордың кепілдігі есептелген сыйақыларға да қолданылады.  

Депозиттер бойынша кепілдіктер туралы көбірек біліңіз:

www.kdif.kz

Байланыс орталығы: 1460



18-11-2026
Document