Қазақстанда жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді және жинақ салымдары бойынша ең жоғарғы сыйақы мөлшерлемелері бекітілді
2018 жылдың 1 қазанынан бастап жеке тұлғалардың жаңадан тартылған депозиттері бойынша шарттар өзгереді. Енді жеке тұлғалардың салымдары мерзімді, мерзімсіз және жинақ болып жіктеледі.
Салымдар бойынша сыйақы мөлшерлемелері салымның түрі мен мерзіміне, мерзімінен бұрын алу құқығы мен толықтыру құқығына байланысты сараланатын болады. Осыған байланысты Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры жаңа ең жоғарғы сыйақы мөлшерлемелерін бекітті.
Банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда ҚДКБҚ депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердегі жеке тұлғалардың барлық банк шоттарындағы ақша қаражаттарына (соның ішінде – барлық салымдар түріне, төлем карталары мен ағымдағы шоттардағы ақшаға) кепілдік береді. Қазіргі уақытта депозиттерге кепілдік беру жүйесіне 27 банк кіреді.
ҚДКБҚ кепілдігі жеке тұлға мен жеке кәсіпкердің барлық депозиттеріне таралады.
Төмендегі кестеде тіркелген пайыздық мөлшерлемесі бар депозиттер категориясы келтірілген:
Толықтыруға құқығы жоқ салымдар бойынша ең жоғарғы мөлшерлеме
(ЖТСМ)
Толықтыруға құқығы бар салымдар бойынша ең жоғарғы мөлшерлеме
(ЖТСМ)
Шетел валютасындағы салымдар бойынша ағымдағы тәсіл сақталады, сыйақы мөлшерлемесі салымның мерзіміне қарамастан бірыңғай болып табылады және 1% деңгейінде сақталады.
Салымдарды жіктеу және бекітілген ең жоғарғы сыйақы мөлшерлемесі 1 қазаннан кейін қабылданатын немесе ұзартылатын жеке тұлғалардың салымдарына таралады. 1 қазанға дейін қабылданған салымдарға бұрын жасалған шарт талаптарына сәйкес қызмет көрсетілетін болады.
Салымдардың жаңа жіктеуі (мерзімді, мерзімсіз және жинақ депозиттер) жинақ ақшараларды орналастыру үшін қосымша опцияларды жасайды. Енді салымшыларға өтімділік пен табыстылықтың әртүрлі деңгейі бар үш категориядағы салымдар қолжетімді. Өздерінің мақсаттарына байланысты салымшылар жинақтарын мерзімсіз, мерзімді және жинақ салымдарға орналастыруына болады.
Мерзімсіз салымдар төменірек табыстылықпен сипатталады, бірақ салымшыларға өздерінің депозиттерін қиындықсыз шешіп алуға мүмкіндік береді. Мерзімді салымдардың өтімділігі төменірек болып табылады, бірақ жоғары табыстылықты береді. Салымшылар ең жоғарғы табыстылықты ақшасын жинақ салымға орналастыру арқылы ала алады, онда ақшаны мерзімінен бұрын алу бойынша жоғары талаптар қарастырылған.
Салымның мерзімі сыйақы мөлшерлемесінің көлеміне әсер етеді. Ең жоғарғы сыйақы мөлшерлемесінің төменгісі қысқа мерзімді салымдар бойынша белгіленеді, ең жоғарғы мөлшерлемелермен – ұзақ мерзімді салымдармен салыстырғанда.
Депозитті толықтыру құқығының болуы осындай құқыққа ие емес ұқсас депозитке қарағанда ең жоғарғы мөлшерлемелердің төменгі мәндерін тудырады. Басқаша айтқанда, 12 айға теңгелік стандартты салым 12% сыйақы мөлшерлемесімен шектеледі, ал салымның қосымша опциясы бар депозит мөлшерлемені 11%-ға дейін төмендетеді.
Депозиттерді жаңа жіктеудің негізгі мақсаты халық жинақтарын сақтау үшін қосымша мүмкіндіктер жасау болып табылады. Егер бұрын салымшылар депозиттері бойынша табыстылықты 12,00%-дан жоғары алмаса, қазір банктік салым шартының талаптарына сәйкес, 12 және 24 айдан асатын жинақ салымдар бойынша 13,00% - 13,50% дейін сыйақы ала алады. Салымды ұлттық валютамен және тиісінше ең жоғарғы сыйақы мөлшерлемені таңдағанда, салымшы инфляция кезінде 7,5% -ға дейін, 6,00% нақты кірістілікті қамтамасыз етеді.
Валютадағы салымдар бойынша айырбастау бағамының өзгеруі табыстылықты немесе шығындарды бірдей тудыратындығын ескере отырып, жинақ салымдары неғұрлым тартымды және тұрақты қаражат салу құралы болып табылады. Жинақ салымдар алдын-ала ескертілген табыстылықты белгілейді, төмен тәуекелдермен сипатталадыжәне ҚДКБҚ кепілдігінің ұлғайтылған сомасы 15 млн. теңгеге дейін қамтамассыз етіледі.
Шетел валютасындағы салымдар 1% аспайтын – төменгі белгіленген табыстылықпен, ҚДКБҚ кепілдігінің ең төменгі мөлшерімен сипатталады және депозитті ашу кезінде жоғарғы курс және жабу кезінде төменгі курс бойынша, ұлттық валютаға қайта есептеткенде белгіленген шығын тәуекеліне ұшырайды.
Мерзімді және жинақ салымдары бойынша ең жоғарғы сыйақы мөлшерлемесі 2018 жылдың шілдесінде құрылған жеке тұлғалардың салымдары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің орташа нарықтық мағынасын және ағымдағы қаржы нарығының жағдайы мен тәуекелін көрсетеді. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры депозиттер нарығының конъюнктурасы күрт өзгерген жағдайда жеке тұлғалардың жаңадан қабылданған салымдары бойынша ең жоғарғы сыйақы мөлшерлемелері мен спредтердің көлемін мерзімінен бұрын қайта қарастыруға құқылы.
Енгізілген ең жоғарғы мөлшерлеме мен салымдарды жіктеу халықтың жинақтары үшін жаңа мүмкіндікті қамтамассыз етеді, жинақты ұлттық валютада ұзақ мерзімде сақтауға ынталандырады және банктік нарықтағы қаржылық тұрақтылықтың шарттарын жасайды.