КФГД - Казахстанский фонд гарантирования депозитов
«Банк ЦентрКредит» АҚ «Delta Bank» АҚ салымшыларына өтем төлеуді жалғастырады
«Банк ЦентрКредит» АҚ «Delta Bank» АҚ салымшыларына өтем төлеуді жалғастырады
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры «Delta Bank» АҚ салымшыларына өтемақы төлейтін «Банк ЦентрКредит» АҚ банк-агент арасындағы келісім ұзартылды. Енді «Delta Bank» АҚ салымшылары банк-агентке өтемдерін қайтару үшін 2019 жылдың 19 мамырына дейін өтініш беруге құқылы.
2018 жылдың 17 мамырынан бастап «Delta Bank» АҚ салымшыларына өтемақы төленуде. Салымшыларға жалпы соммасы 68,6 миллион теңге, немесе жалпы міндеттемелердің 43%-ы қайтарылды. 185 салымшыға өтемақы өтелді.
ҚДКБҚ-ның өтемақыларын қайтарып алуға өтініш бермеген салымшыларының алдындағы міндеттемелерінің балансы 89,4 миллион теңгені құрайды.
ҚДКБҚ кепілдігі жинақталған сыйақыны есепке ала отырып, екінші деңгейдегі банктердегі жеке тұлғалардың депозиттік шоттары 100%-ға дейін кепілдендіріледі. ҚДКБҚ жинақталған резервінің көлемі меншіктік капиталымен бірге 781 миллиард теңгені, екінші деңгейдегі банктердегі жеке тұлғалардың депозиттік базасының 10%-ын құрайды.
Банк-агент капиталдандырылған сыйақыны ескере отырып, депозиттерді, ағымдағы шоттарды және төлем карточкаларын қоса алғанда ҚДКБҚ атынан және оның есебінен «Delta Bank» АҚ-на салынған жеке тұлғалардың депозиттері бойынша сыйақы төлейді:
Өтемақы алуға жеке тұлғалар және жеке кәсіпкерлер құқылы.
Салымшылар жеке немесе сенімгер тұлға арқылы өтініш бере алады. Жеке өтініш жасаған жағдайда, белгіленген нысанда өтемақы төлеуге өтініш беру үшін салымшының жеке басын куәландыратын құжаты болу керек. Нотариалды куәландырылған сенімхат болған кезде, сенімхат арқылы өтініш білдіруге болады. Өтемақы төлеу ұлттық валютада жүзеге асырылады: қолма-қол ақша немесе өтініш берушінің банктік шотына қолма-қол ақшасыз аударымдар, оның реквизиттері өтемақы төлеуге берілген өтініште көрсетіледі.
«Delta Bank» АҚ салымшылары үшін агент банкте салымды ашу мүмкіндігі де бар.
ҚДКБҚ мамандары консультациясын салымшылар 8 8000 80 10 20 (тегін қоңырау) телефоны арқылы хабарласа алады. «Банк ЦентрКредит» АҚ филиалдарының жұмысына қатысты: 505 (ұялы телефоннан тегін), 8 (727) 244 30 30, www.bcc.kz.
Анықтама
«Delta Bank» АҚ 2017 жылғы 3 қарашадан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 2 қарашадағы № 194 қаулысы негізінде банктік және өзге операцияларды жүргізуге лицензиясынан айырылды. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының банк қызметін тоқтату (тарату) туралы шешімі 2018 жылдың 25 сәуірінде күшіне енді. «Банк ЦентрКредит» АҚ агент банкімен келісім 2018 жылдың 17 мамырынан бастап жарамды.
«Delta Bank» АҚ бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан; банктің Астана және Ақтау қалаларында филиалдары бар.
Қазақстандағы депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) - екінші деңгейдегі банктердің салымшыларының мүдделерін, салымшылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін 1999 жылы құрылған, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұйымы. ҚДКБҚ депозиттерге кепілдік беру жүйесінің қатысушылары банктердің банк қызметін мәжбүрлеп тоқтатқан жағдайда жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің ақшасын қайтару міндеттемесін кепілдендіреді. Қазіргі уақытта депозиттерге кепілдік беру жүйесіне 26 банк қатысады.