Алматы қ., A25D6H8, Достық даңғылы, 136, 8-қабат

Нұр-Сұлтан қ., Z00T6E0, Иманов көшесі, 11, 104-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A25D6H8, Достық даңғылы, 136, 8-қабат

Нұр-Сұлтан қ., Z00T6E0, Иманов көшесі, 11, 104-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Шетел валютасындағы депозиттер

ҚДКБҚ шетел валютасындағы депозиттерге және мультивалюталық депозиттерге кепілдік береді

Шетел валютасындағы депозиттерді қорғау

ҚДКБҚ кепілдігі шетел валютасындағы депозиттер мен депозиттік шоттарға қатысты қолданылады.


  • Мерзімсіз, мерзімді, жинақ салымдары.
  • Төлем карталарындағы ақша: шетел валютасында және мультивалюталық.
  • Ағымдағы шоттар.
  • Талап етілетін салымдар.
  • Шартты салымдар.
  • Жеке кәсіпкерлердің, шаруа және фермер қожалықтары субъектілерінің, жеке нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттар мен кәсіби медиаторлардың банктік шоттары.


Ерекше жағдайлар

ҚДКБҚ кепілдігі банк қызметтерінің кейбір түрлеріне қатысты қолданылмайды. Бұл:


  1. Депозиттік сертификаттар
  2. Ислам банктеріндегі салымдар
  3. Заңды тұлғалардың депозиттері.


Кепілдіктің максималды сомасы баламада 5 миллион теңгені құрайды.

ҚДКБҚ шетел валютасындағы депозиттер бойынша өтемақыны теңгемен төлейді. Өтемақы сомасын есептеу үшін ҚДКБҚ банктің барлық банктік операцияларды жүргізуге лицензиясынан айырылған күнгі нарықтық айырбастау бағамын қолданады. Кейін, айырбастау бағамының өзгеруіне қарамастан, өтемақы сомасы қайта қаралмайды.

Егер бір банкте теңгедегі де, шетел валютасындағы да депозиттер орналастырылса, ҚДКБҚ кепілдік берудің жиынтық максималды сомасы 15 миллион теңгені, ал шетел валютасындағы депозиттер бойынша 5 миллион теңгеге теңгені (баламасы) құрайды.



Шетелдік валютадағы депозиттер бойынша сыйақы

ҚДКБҚ Директорлар кеңесі шетел валютасындағы мерзімсіз, мерзімді және жинақ салымдары бойынша ұсынылатын максималды мөлшерлемелерді бекітеді.



Ұсынылатын максималды жылдық тиімді мөлшерлеме

1%
Кез келген мерзімге ашылатын мерзімсіз салымдар

12 айға дейінгі мерзімді және жинақ салымдары
2%
12 айдан және одан да көп мерзімге ашылатын мерзімді салымдар және жинақ салымдар