Алматы қ., A25D6H8, Достық даңғылы, 136, 8-қабат

Нұр-Сұлтан қ., Z00T6E0, Иманов көшесі, 11, 104-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A25D6H8, Достық даңғылы, 136, 8-қабат

Нұр-Сұлтан қ., Z00T6E0, Иманов көшесі, 11, 104-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Салымды қалай таңдауға болады

Сіз үшін қайсысы маңызды? Ұтқырлық па - депозиттен ақшаны кез келген уақытта алуға мүмкіндік беретін, әлде ең жоғары табыстылық па?

2018 жылы Қазақстанда салымдардың толыққанды жаңа жіктемесі қабылданды. Салымшылар өздерінің мақсат-мүдделеріне қарай үш түрлі депозиттің бірін таңдау мүмкіндігіне ие болды.

Егер Сізге күтпеген жағдайларға ақшалай қор жинау қажет болса, мерзімсіз салымды таңдаңыз. Оған ешқандай шектеусіз ақша салуға және алуға болады.

«Ірі көлемде ақша жинасам, бірақ одан керек кезінде мерзімінен бұрын ақша алу мүмкіндігіне ие болсам» десеңіз, мерзімді салымды таңдаңыз. Оны шектеусіз толықтыра аласыз. Мерзімінен бұрын ақша алуға да болады. Бірақ сыйақыдан қағыласыз.

Егер барынша тиімді мөлшерлеме есебінен тезірек ақша жинағыңыз келсе – толықтыруға болатын жинақ депозитті таңдаңыз.

Мақсатыңыз – еш тәуекелсіз, ең тиімді шартпен капитал инвестициялау ма? Онда толықтырылмайтын жинақ депозитті таңдаңыз


Екі түрлі депозит – мерзімді және жинақ салымдар бойынша мерзімінен бұрын ақша алу көзделмеген. Есесіне оларға жоғары сыйақы мөлшерлемесі есептеледі.



Ұтқырлық Сыйақы мөлшерлемесі
Мерзімсіз салым Мерзімді салым Жинақ салымы

Мерзімсіз салым

Азайтылмайтын қалдыққа дейін мерзімінен бұрын ақша алуға ең аз шектеу қойылған: Сіз ақшаңызға кез келген сәтте ешқандай шектеусіз иелік ете аласыз.

Сыйақы мөлшерлемесі – басқа салымдармен салыстырғанда ең төмен, бірақ инфляцияны басып озады.

Салымдарыңыздың конструкторы

Әрбір салым өзіне тиесілі міндетті шешуге арналған. Үйлестіре біліңіз – бұл Сізге «қаржылық қауіпсіздік көпшігін» жасап алуға көмектеседі. Оны кез келген уақытта пайдаланып, қайтарып алынбайтын салым бойынша барлық артықшылықтарға – ең жоғары табыс пен көтеріңкі кепілдікке ие бола аласыз.


Мерзімсіз салым Мерзімді салым Жинақ салымы
Ұтқырлық
Табыстылық
Күтпеген шығындарға қаржылық резерв Біртіндеп жоғары мөлшерлемемен жиналатын ақша Жұмсалмайтын капитал және қауіпсіз инвестиция
Толықтырылатын жылдық салым бойынша шекті мөлшерлеме 9,0% 10,3% 12,3%
Толықтырылмайтын жылдық салым бойынша шекті мөлшерлеме 9,0% 10,7% 14,0%
Мерзімінен бұрын алу мүмкіндігі Азайтылмайтын қалдыққа дейін шектеусіз Ішінара және толығымен Тек толығымен
Мерзімінен бұрын алуға санкция Жоқ Сыйақыдан ішінара айырылу Сыйақыдан толығымен айырылу
Мерзімінен бұрын алатын жағдайда ақша беру мерзімі 7 күн ішінде 7 күн ішінде 30 күннен кейін
Теңгелік салымдар бойынша кепілдік 10 миллион теңге 10 миллион теңге 15 миллион теңге
Валюталық салымдар бойынша кепілдік 5 миллион теңге 5 миллион теңге 5 миллион теңге


Сыйақы мөлшерлемесі

ҚДКБҚ мерзімсіз, мерзімді және жинақ салымдар бойынша ең жоғары мөлшерлемелерді ай сайын жариялайды.

Мерзімсіз салымдар бойынша ең жоғары мөлшерлеме Қазақстанның Ұлттық Банкісінің базалық мөлшерлемесі негізінде, ал мерзімді және жинақ салымдар бойынша - нарықтық мәндер негізінде есептеледі. Қазақстанның депозиттік нарығы біртіндеп бәсекеге қабілетті болып келе жатыр. Сондықтан бұл салымдар бойынша мөлшерлемелердің мәні айдан-айға өзгеріп тұруы мүмкін.


Ұсынылған ең жоғары мөлшерлемелер екі ай алдын, яғни ағымдағы және алдағы айға белгілі болады. Өзгерістерді ҚДКБҚ сайтынан қадағалап отырыңыз.


Ең жоғары мөлшерлемелер төмендеген жағдайда банктер осы ағымдағы айда ашылатын депозиттер бойынша мөлшерлемелерді өзгертеді. Мақсат – оларды жаңадан ұсынылған ең жоғары мөлшерлемелер деңгейінде ұстау. Ал ең жоғары мөлшерлемелер жоғарылаған жағдайда, әрбір банк депозиттерінің сыйақы мөлшерлемелерін өзгерту туралы шешімді өзінің депозиттік саясатына сүйене отырып, дербес қабылдайды.


Егер Сіз депозит ашып қойған болсаңыз, оның мөлшерлемесі салымыңыздың мерзімі аяқталғанша немесе жаңа мерзімге ұзартылғанша өзгермейді.


Толықтыруға болатын және болмайтын, қысқа мерзімге ашылған депозиттер бойынша мөлшерлемелер бірдей болуы мүмкін. Мерзімі өскен сайын, сыйақы мөлшерлемесі де өседі. Бірақ толықтырылатын ұзақ мерзімді салымдар бойынша жағдай басқаша. Мұнда сыйақы мөлшерлемесі толықтырылмайтын салымға қарағанда төмен. Бірақ Сіз сол мөлшерлемемен салымыңыздың үстіне ақша сала аласыз. Ал бұл уақытта нарықта мөлшерлемелердің төмендеп кетуі салымыңызға әсер етпейді. Тұрақты жоғары табыстылық ақшаңыздың сатып алу қабілетін сақтайды.



Шектеулер туралы ұмытпаңыз

Барлық банктерде жинақ салымдар бойынша мерзімінен бұрын ақша алуға бірдей шектеу қойылған – бұл норма Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі деңгейінде реттеледі. Мерзімсіз және мерзімді салымдардан мерзімінен бұрын ақша алу барысында сыйақының төмендеу мүмкіндігі банк салымы шартымен реттеледі.


Мерзімсіз салым – сыйақы мөлшерлемесі инфляциядан жоғары Мерзімді салым Жинақ салым – барынша жоғары табыстылық
Барынша икемді әрі ұтқыр Ұтқырлығы төмендеу Ұтқырлығы өте төмен
Депозитке кез келген уақытта ақша салуға және алуға болады. Депозиттен мерзімінен бұрын ішанара және толығымен ақша алуға рұқсат етіледі. Мерзімінен бұрын тек толығымен ақша алуға рұқсат етіледі.
Банкке хабарлағаннан кейін ақша – 7 күн ішінде беріледі. Мерзімінен бұрын алар кезде ақша – банкке хабарлағаннан кейін 30 күннен кейін беріледі.
Мерзімінен бұрын ақша алу барысында сыйақы төмендетіледі. Нақты шартын банктен нақтылаңыз. Мерзімінен бұрын ақша алу барысында ақшаның банкте қанша жатқанына қарамастан сыйақы жылына 0,1 пайыздық мөлшерлемемен төленеді.


Депозиттерді қорғау

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры мерзімсіз, мерзімді және жинақ депозиттердегі ақшалардың кепілдік берілген ең жоғары сома көлемінде сақталуына беріледі.


  • Шетел валютасындағы депозиттер бойынша – 5 миллион теңге;
  • Теңгедегі мерзімсіз және мерзімді салымдар бойынша – 10 миллион теңге;
  • Теңгедегі жинақ салымдар бойынша – 15 миллион теңге.

Егер бір банкте түрі мен валютасына қарай әртүрлі бірнеше депозитіңіз бар болса, ҚДКБҚ кепілдік беретін ең жоғары жиынтық сома – 15 миллион теңге.