Алматы қ., A25D6H8, Достық даңғылы, 136, 8-қабат

Нұр-Сұлтан қ., Z00T6E0, Иманов көшесі, 11, 104-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A25D6H8, Достық даңғылы, 136, 8-қабат

Нұр-Сұлтан қ., Z00T6E0, Иманов көшесі, 11, 104-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Мерзімді салымдар

Кіріс:

Икемділік:

Толықтырумен және толықтырусыз

Сыйақыны жоғалта отырып, мерзімімен бұрын ішінара алу

Жаңа жағдайларға дайын болу

Қажетті соманы жинақтауға арналған салым

Мерзімді салым – бұл жинақ және мерзімсіз салым арасындағы ымыралы нұсқа. Бұл салым сыйақыны ішінара жоғалта отырып, ақшаны толық та, ішінара да алуға мүмкіндік береді. Бірақ егер сіз салым мерзімі аяқталғанға дейін депозитте ақша сақтасаңыз, онда жоғары сыйақы мөлшерлемесі осы шектеулерді өтейді.


Мерзімді салымды таңдай отырып, жоғары мөлшерлеменің арқасында ақшаны жылдам жинақтай аласыз және аса қажет болған жағдайда мерзімді салымға орналастырылған ақшаны пайдалану мүмкіндігін өзіңізге қалдыра аласыз.


Жоғары мөлшерлеменің арқасында ақшаны жылдам жинақтаңыз, бірақ қажет болған жағдайда ақшаны алу құқығын өзіңізге қалдырыңыз

Жоғары мөлшерлеменің арқасында ақшаны жылдам жинақтаңыз, бірақ қажет болған жағдайда ақшаны алу құқығын өзіңізге қалдырыңыз

Мерзімдер мен мөлшерлемелерге қалай бағдарлану керек

Мерзімді салымдар арасында таңдай отырып, мынаны шешіңіз:

1ақшаны қандай мерзімге орналастырасыз,

2сіз салымды толықтырасыз ба?

Бұған сыйақы мөлшерлемесі тікелей тәуелді болады.

1Мерзімді салымдар бойынша сыйақы мөлшерлемесі мерзімдерге байланысты ерекшеленеді. Мерзімі неғұрлым көп болса, мөлшерлеме соғұрлым жоғары болмақ.

2Толықтырусыз салымдар бойынша сыйақы мөлшерлемелері жоғарырақ. Дегенмен, салымшылардың 85% -ы толықтырумен мерзімді салымдарды қалайды.

Салым мерзімін және толықтыру тәсілін анықтаңыз.


Ұзақ мерзімге арналған салымдар бойынша мөлшерлеме жоғарырақ болады.


Толықтырумен салымдар бойынша мөлшерлеме төменірек болады.


Дегенмен, мерзімді салымдардың 85% -ын толықтырумен ашады.

Банктерде үш айдан бастап мерзімді салымдарды толықтырумен және толықтырусыз ашуға болады. Стандартты нұсқа – бір жылға арналған салым. Есіңізде болсын: мерзімді салымға орналастырылған ақшаны мерзімінен бұрын алу өте орынсыз, өйткені мерзімінен бұрын алған кезде ақшаның банкте болған кезеңде есептелген табысы сіз үшін тек ішінара сақталады. Сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуі елеулі болуы мүмкін – депозит ашар алдында осы мәселеге назар аударыңыз.


Мерзімдердің барлық диапазондарына мерзімді салымдар бойынша ең жоғары мөлшерлемелерді Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры айқындайды. ҚДКБҚ әр ай сайын депозиттердің барлық түрлері бойынша ең жоғары ұсынылатын сыйақы мөлшерлемелерін есептейді.


Салым мерзімін және толықтыру тәсілін анықтаңыз.

Ұзақ мерзімге арналған салымдар бойынша мөлшерлеме жоғарырақ болады.

Толықтырумен салымдар бойынша мөлшерлеме төменірек болады.

Дегенмен, мерзімді салымдардың 85% -ын толықтырумен ашады.

Егер ең жоғары ұсынылатын мөлшерлемелер артса, онда әрбір банк дербес шешім қабылдайды: жаңа депозиттер бойынша мөлшерлемені көтеру немесе қолданыстағы шарттарды сақтау. Бұл нарықтағы жағдайға, банктің депозиттік саясатына және әрбір банктің депозиттердің тартылуына деген қажеттілігіне байланысты болады.


Егер ұсынылатын ең жоғары мөлшерлемелер төмендесе, онда келесі айда ең жоғарыға теңестірілетін мөлшерлемеде депозиттерді қабылдайтын барлық банктер жаңа мөлшерлемелер ең жоғары шектерде болатындай етіп депозиттер бойынша мөлшерлемелерді төмендетеді.


Қазір барлық мерзімдер үшін мерзімді салымдар бойынша толықтырумен және толықтырусыз ең жоғары мөлшерлемелердің орналастырылуы келесідей сипатталады:

Мерзімі
Толықтырумен салымдар
Толықтырусыз салымдар
 
Ақпанда орналастырылатын депозиттер бойынша:
3 ай 10,3%
10,3%
6 ай 10,3%
10,3%
12 ай 10,7%
11,2%
24 ай 10,8%
11,9%
Наурызда орналастырылатын депозиттер бойынша:
3 ай 10,3%
10,3%
6 ай 10,3%
10,3%
12 ай 10,7%
11,2%
24 ай 10,8%
11,9%

Жаңа мөлшерлемелер жаңа депозиттерге ғана қолданылады.


Бұрын орналастырылған депозиттер бойынша талаптар салым мерзімі аяқталғанға дейін немесе ұзартылғанға дейін өзгертілмейді.


Мерзімінен бұрын алу

Мерзімді салым – бұл жинақ салымы мен мерзімсіз депозит арасындағы ымыралы нұсқа: мерзімсіз депозитпен салыстырғанда мерзімді салымның кірісі барынша жоғары, ал жинақ салымымен салыстырғанда – мобильділігі барынша жоғары.

1 Салымнан ақшаны мерзімінен бұрын ішінара және толық алуға рұқсат берілді.

2 Мерзімінен бұрын алған кезде банк сіз мерзімінен бұрын алу туралы хабардар еткеннен кейін 7 күннен кешіктірмей ақшаны беруге міндетті.

3 Ақшаны мерзімінен бұрын алған кезде банкте болған барлық кезең үшін сыйақы мөлшерлемесі төмендейді. Қаншалықты екендегі – банктік салым шартына байланысты.

Барлық банктер мерзімді салымнан ақшаны мерзімінен бұрын алған кезде сыйақы мөлшерлемесін төмендетеді

Мерзімінен бұрын алудың шектеулеріне байланысты мерзімді салымды да мақсатты жинақтарға жатқызуға болады. Жинақ салымынан айырмашылығы, егер сіз мерзімді салымнан ақшаны мерзімінен бұрын шешіп алсаңыз, сыйақыны жоғалту мұндай салмақты болмайды. Дегенмен, банк салым бойынша сыйақы мөлшерлемесін депозитте нақты қанша ақша жатқанына байланысты қайта есептейді. Мерзімінен бұрын алынған кезде сыйақы төрт сценарий бойынша төмендеуі мүмкін.

1 Банк ақшаны алу кезінде есептелген сыйақы сомасының 50% ғана төлеуі мүмкін.

2 Банк депозитті алу күніне дейін 90 күн бұрын есептелген сыйақыға тең соманы ұстап қалуы мүмкін.

3 Банк алу күнінен бастап шарт аяқталған күнге дейін есептелген және алынатын сома бойынша сыйақының 50%-ын ұстап қалуы мүмкін.

4 Банк депозит бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесінің 50% мөлшерлемесі бойынша есептелген сыйақыны қайта есептеуге құқылы.

Ақшаны алуды қашан шешетініңізге байланысты сыйақы қаншалықты көп төмендейтіндігін банкте анықтаңыз.

Сондықтан ақшаны орналастырар алдында шартты оқып, банкте барлық мәселелерді нақтылап алу аса маңызды.


ҚДКБҚ қорғауында

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры мерзімді салымға орналастырылған ақшаның және жинақталған сыйақының сақталуын қамтамасыз етеді.


Егер сіз ақшаны бір банкте сақтауды қаласаңыз, келесіні есте сақтаңыз.


10 миллион теңгеге дейінгі мерзімсізсалымдар – толық қорғалған

1 10 миллион теңгеге дейінгі салым (жинақталған сыйақыны ескере отырып) – толық қорғалған.


2 10 миллион теңгеге теңестіріліп салынған салым да толық қорғалған, бірақ сыйақы ең жоғары кепілдік сомасынан артық есептеледі.


3 10 миллион теңгеден астам сомаға салым, мысалы, 11 миллион теңгеге – ең жоғары сома – 10 миллион теңгеге қорғалған. 1 миллион теңге – кепілдіктің ең жоғары сомасынан тыс және ҚДКБҚ осы ақшаның қайтарылуына кепілдік бере алмайды.


Салымдарыңыз бойынша кепілдік сомасын онлайн есептеңіз


Депозиттерді қорғау және кепілдіктің жалпы сомасы туралы кеңесті 1460 колл-орталығынан алыңыз

Ақшаның бір бөлігін басқа банкте орналастыру мүмкіндігін қарастырыңыз: әр түрлі банктерде орналастырылған салымдарға жеке-жеке, әрқайсысында – кепілдіктің ең жоғары сомасы шегінде кепілдік беріледі.

10 миллион теңгеге дейінгі мерзімсізсалымдар – толық қорғалған

Салымдарыңыз бойынша кепілдік сомасын онлайн есептеңіз


Депозиттерді қорғау және кепілдіктің жалпы сомасы туралы кеңесті 1460 колл-орталығынан алыңыз

Тәуекелді қалай басқару керек

Кредиттік тәуекел – банктің төлем қабілетсіздігінің тәуекелін – Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры – ең жоғары кепілдік берілген сома шегінде өз мойнына алады.


Сіз ұзақ мерзімді салымдарға байланысты басқа да тәуекелдерді басқара аласыз.


Кредиттік тәуекел: сіз депозитті орналастыратын банк лицензиядан айырылуы мүмкін.


Шешімі. Кепілдіктің ең жоғары сомасы шегінде Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры кредиттік тәуекелді өз мойнына алады.


Екі-үш банкті таңдап, депозит ең жоғары кепілдік сомасы шегінде болса да, жинақтарды біркелкі орналастырыңыз.


Ірі салымшыларға салымға есептелетін болашақ сыйақыны ескере отырып, кепілдіктің ең жоғары сомасы шегінде ақшаны түрлі банктерде орналастыру мүмкіндігін қарастыру аса маңызды.


Пайыздық тәуекел: мөлшерлемелер депозит ашқаннан кейін өседі.


Шешімі. ҚДКБҚ жариялайтын ең жоғары ұсынылатын сыйақы мөлшерлемелері нарықтық тартуды ескере отырып, сыйақының нарықтық мөлшерлемелеріне сүйенеді.


Салымдардың барлық түрлері бойынша ең жоғары сыйақы мөлшерлемелері және орташа нарықтық мөлшерлемелер екі ай бұрын белгілі болады. Алайда барынша ұзақ мерзімді болжам мерзімді салымдар бойынша аса қиын, себебі бұл нарықтағы серпін әлі аз. Мерзімді салымдар жинақ салымдарға қарағанда банктерді біршама аз тартады: бірнеше банктерге назар аударыңыз және жаңа депозиттік өнімдердің пайда болуын қадағалаңыз. Егер жаңа мерзімді салымдар сізге ұнамды банкте пайда болса – келесі айға дейін күтіңіз: бәлкім, ҚДКБҚ мөлшерлемелердің (спредтің) өсуі үшін көзделетін қорды ескере отырып, сіздің банкіңіз де мерзімді салым бойынша сыйақы мөлшерлемесін көтереді.


Қайта инвестициялау тәуекелі: салым мерзімі аяқталғанда нарықтық мөлшерлемелер төмендеуі мүмкін және сіз жоғары мөлшерлемемен депозитіңізді орналастыра алмайсыз.


Шешімі. Ұзақ уақытқа толықтырумен салымдарды ашыңыз. Мұндай салымдар бойынша мөлшерлеме толықтырусыз салымдарға қарағанда едәуір төмен болуы мүмкін, бірақ мұндай депозит сізге егер нарықтағы жалпы мөлшерлемелер төмендесе, белгіленген мөлшерде қайта инвестициялауға мүмкіндік береді. Бұл салымдар бойынша жылдық тиімді пайыздық мөлшерлемені инфляцияның жоғарғы дәлізі көрсеткішімен және мерзімсіз салымдардың мөлшерлемесімен салыстырыңыз.


Өтімділік тәуекелі: сізге мерзімді салымды ашқан кезде қарастырғаннан гөрі ағымдағы шығыстарға біршама көп ақша қажет болады.


Шешімі. Жинақ және мерзімді салымдар бойынша сыйақы мөлшерлемелері тартымды болуына қарамастан, ақшаның бір бөлігін икемді мерзімсізсалымда қалдыру мүмкіндігін қарастырыңыз. Мерзімсіз салымдағы ақша күтпеген жағдайларда сіздің қауіпсіздік жастығыңыз болады, сіз оларды кез келген уақытта пайдалана аласыз. Ең аз азайтылмайтын қалдықпен мерзімсіз салымды таңдаңыз.


Инвестициялаудың негізгі ережесі – ақшаны бірнеше банктерге орналастырыңыз.



Ақпаратты екі ай бұрын зерттей отырып, ақшаны орналастыруды жоспарлаңыз. Банктердегі жаңа ұсыныстарды қадағалаңыз.



Толықтырумен ұзақ мерзімді салымдарды таңдаңыз.



Ақшаның бір бөлігін әрқашан икемді мерзімсіз салымда ұстаңыз-күтпеген жағдайларға дайын болыңыз.