Алматы қ., A25D6H8, Достық даңғылы, 136, 8-қабат

Нұр-Сұлтан қ., Z00T6E0, Иманов көшесі, 11, 104-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A25D6H8, Достық даңғылы, 136, 8-қабат

Нұр-Сұлтан қ., Z00T6E0, Иманов көшесі, 11, 104-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Карталар мен шоттар

Жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер болып табылатын банк салымшылары заң бойынша банктік шоттардағы және төлем карталарындағы ақшаның қорғалуына құқылы

Банктік шоттарды және депозиттерді қорғау

Мерзімсіз, мерзімді және жинақ салымдарынан басқа, ҚДКБҚ теңгедегі және шетел валютасындағы депозиттер мен депозиттік шоттардың көптеген түрлеріне кепілдік береді.



Салымдар

  • Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіндегі салымдар.
  • Мемлекеттік сыйлықақысы берілетін білім беру салымдары.


Депозиттік шоттар

  • Төлем карталары: теңгеде, шетел валютасында, мультивалюталық.
  • Ағымдағы шоттар.
  • Талап етілетін салымдар.
  • Шартты салымдар.
  • Жеке кәсіпкерлердің, шаруа және фермер қожалықтары субъектілерінің, жеке нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттар мен кәсіби медиаторлардың банктік шоттары.


Максималды кепілдік сомасы

  • 10 миллион теңге – теңгедегі депозиттер бойынша
  • 5 миллион теңге (баламасы) – шетел валютасындағы депозиттер бойынша


Ерекше жағдайлар

ҚДКБҚ кепілдігі банк қызметтерінің кейбір түрлеріне қатысты қолданылмайды. Бұл:


  1. Депозиттік сертификаттар
  2. Ислам банктеріндегі салымдар
  3. Заңды тұлғалардың депозиттері


Шоттар бойынша сыйақы

ҚДКБҚ тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіндегі салымдар бойынша және білім беру депозиттеріндегі салымдар бойынша салым сомасына да, сыйақыға да, мемлекеттік сыйлықақы мөлшеріне де кепілдік береді.

2018 жылғы Азаматтық кодекске енгізілген өзгерістерге сәйкес, жаңадан қабылданған талап етілетін депозиттер бойынша сыйақының максималды мөлшерлемесі жылдық 0,1%-ды құрайды.

Азаматтық кодекске сәйкес банктер ағымдағы шоттар бойынша сыйақы есептемейді.

Өзгесі банктік салым шартымен көзделмесе, егер салымшы банктік салым шартында көрсетілген жағдайлар туындағанға дейін шартты салымғ орналастырылған ақшаны талап етсе, салым бойынша сыйақы талап етілетін салым бойынша төленуі мүмкін.