Тарату процесіндегі банктер
Эксимбанк Қазақстан
Агент банк:
Төлем – ҚДКҚ-дан тікелей
Өтініштерді қабылдау мерзімі:
Банк таратылған сәттен бастап 1 жыл
Эксимбанк Қазақстан 2018 жылы 28 тамызда барлық банк операцияларын жүргізу лицензиясынан айырылды.
Банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі 2018 жылғы 28 қарашада қабылданды және 2019 жылғы 16 қаңтарда заңды күшіне енді.
Төлем агенті ретінде ұлттық пошта операторы - «Қазпошта» АҚ тартылды. Салымшыларға төлем 2019 жылдың 4 ақпанында басталды.
2020 жылдың басына қарай ҚДКҚ салымшыларға депозиттері бойынша жалпы сомасы 257 миллион теңге өтем төледі. Бұл – міндеттемелердің бастапқы сомасының 99%-ын құрайды. 1,5 миллион теңге салымшылар тарапынан әзірге талап етілмей отыр.
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 2019 жылдың 6 қарашасынан бастап өтініштерді дербес қабылдайды және өтем төлейді. Өтінішті поштамен жіберуге немесе ҚДКҚ-ның Алматыдағы бас кеңсесіне және Нұр-Сұлтандағы өкілдігіне келіп тапсыруға болады. Қор өтінішті қарайды және ақшаны сол өтініште көрсетілген деректемелер бойынша қолма-қол ақшасыз төлеммен аударады.
ҚДКҚ-ның өтемді төлеу жөніндегі міндеттемелері салымшыға тиесілі сомаға қарамастан, банкті тарату үдерісі аяқталған күннен бастап бір жыл бойы жарамды болады.
Өтініштер тікелей немесе пошта арқылы ҚДКҚ-ның Алматыдағы бас кеңсесінде және Нұр-Сұлтандағы өкілдігінде қабылданады:
Алматы қ., A25D6H8, Достық даңғ., 136, 8 қабат;
Нұр-Сұлтан қ., Z00T6E0, Иманов көш., 11, 104 кеңсе.
Заявление о выплате возмещения в Фонде (для банков на ликвидации).doc
46.592 KB
Жеке өтініш
ҚДКҚ-ға тікелей келіп өтініш білдірген кезде өтініштен басқа өзіңізде жеке басыңызды куәландыратын құжаттың түпнұсқасы болсын.
Пошта арқылы
Егер өтінішті пошта арқылы жолдасаңыз және өтем сомасы бір мың теңгеден асатын болса, өтінішке қойылған қол нотариалды түрде куәландырылған болуы қажет. Өтінішке қоса жеке басты куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі де берілуі тиіс.
Сенімхат бойынша
ҚДКҚ салымшылардың сенім білдірген тұлғаларының өтініштерін де қабылдайды. Сенімхатты нотариус куәландыруға тиіс.
Агент банк бас сенімхатты, сондай-ақ арнайы немесе бір жолғы сенімхатты да қабылдайды. Егер сенімхат шет тілінде жасалса, онда салымшының өкілі сенімхат пен оның мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасын ұсынады. Аудармасы да нотариалды түрде куәландырылған болуы тиіс. Апостиль қою немесе консулдық заңдастыру қажет болуы мүмкін.
ҚДКҚ «Эксимбанк Қазақстан» АҚ тарату комиссиясы мен кредиторлар комитетінің құрамына қатыспайды: 2019 жылғы 25 маусымда банктің кепілдік берілген депозиттер бойынша Қор алдындағы міндеттемелері – жалпы сомасы 258 345 948,32 теңгеге орындалды.
«Эксимбанк Қазақстан» АҚ 118 салымшысында депозиттер бойынша – кепілдік берілген ең жоғары сомадан тыс немесе төленбеген сыйақы бойынша талаптар болған.
01.07.2020 жылғы жағдай бойынша алтыншы кезектегі кредиторлармен есеп айырысулар жүзеге асырылуда. Соған сәйкес 542 361 мың теңгеге (5,0%) есеп айырысулар жүргізілді.
Уақиға
Заңнамаға сәйкес мерзім
Нақты күні
Тарату комиссиясы алтыншы кезектегі кредиторларға ақша төлеуде
Ақшаларды қайтару мерзімі активтердің болуына, мүліктерді сатуға және қарыздарды қайтаруға тәуелді
01.07.2020 жағдай бойынша
Кредиторлар комитеті құрылған
Аралық тарату балансы бекітілген сәттен бастап бір ай ішінде
06.08.2019
Аралық тарату балансы бекітілді – активтер мен міндеттемелер
Банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі күшіне енген сәттен бастап кемінде 4 ай
13.06.2019
Агент банкте өтініштер қабылдау мерзімі
Агент банкпен арадағы келісімнің қолданылу мерзімі барысында
мерзімі өтті
Агент банкте салымшылардан өтініштер қабылданып, ақша төлене бастады
Өтініш қабылданған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде
04.02.2019
ҚДКБҚ агент банкті жариялайды
10 жұмыс күні
01.02.2019
Тарату комиссиясы кредиторлардың өтініштерін қабылдайды және міндеттемелер тізілімін жасайды
Өтініш қабылданған күннен бастап 10 жұмыс күні
25.01.2019 – 26.03.2019
Тарату комиссиясы тағайындалды
Сот шешімі заңды күшіне енген күні
16.01.2019
Банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енді
1 күнтізбелік ай (осы мерзім ішінде апелляциялық шағым түсірілуі мүмкін)
16.01.2019
Банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі қабылданды
Шек қойылмаған
28.11.2018
Банкті мәжбүрлеп тарату туралы сотқа талап арыз берілді
20 жұмыс күні
25.09.2018
«Эксимбанк» АҚ лицензиясынан айырылды
28.08.2018