Алматы қ., A25D6H8, Достық даңғылы, 136, 8-қабат

Нұр-Сұлтан қ., Z00T6E0, Иманов көшесі, 11, 104-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A25D6H8, Достық даңғылы, 136, 8-қабат

Нұр-Сұлтан қ., Z00T6E0, Иманов көшесі, 11, 104-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Жинақ салымдар

Кіріс:

Ұтқырлық:

Толықтырылатын және толықтырылмайтын түрлері бар

Алып қоюсыз

Мақсатты жинақтарға негізделген салым

Жинақ салым – бұл теңгелік депозиттер ішінде ең жоғары сыйақы мөлшерлемесі бар, қайтарып алынбайтын салым.


Мөлшерлемелер нарықта өзгеруі мүмкін. Алайда жинақ салымдар бойынша олар қашанда жоғары деңгейде. Бұл осы салымдар бойынша ең қатал шектеулердің орнын толтыруға арналған өтемақы: жинақ салымды мерзімінен бұрын алу үшін алдымен сұрау салу керек. Әрі қарай оны 30 күн өткен соң алуға мүмкіндік бар. Бұл ретте есептелген бүкіл сыйақы жойылады.

Жинақ салымы ақшасын банкке ұзақ уақытқа салуды жоспарлаған және оны мерзімінен бұрын алмайтындығына сенімді салымшылар үшін өте қолайлы.


Теңгелік депозиттер ішінде ең жоғары сыйақы мөлшерлемесі бар, мерзімінен бұрын алуға болмайтын депозит

Теңгелік депозиттер ішінде ең жоғары сыйақы мөлшерлемесі бар, мерзімінен бұрын алуға болмайтын депозит

Мерзімдер мен мөлшерлемелердің мән-жайын ұғыну

Сонымен Сіз жинақ салымын ашуға дайынсыз.


Депозитті таңдау барысында мына сұрақтарға жауап беріңіз:

1ақшаны қай мерзімге саласыз?

2салымыңызды толықтырып тұрасыз ба?

Сыйақы мөлшерлемесі бұған тікелей байланысты.

1Жинақ салымдардың мерзімділігіне қарай сыйақы мөлшерлемесі де әрқалай болады.

2Толықтыруға болатын салымдардың мерзімі ұлғайған сайын сыйақы мөлшерлемесі азаюы мүмкін.

3Толықтыруға болмайтын салымдардың мерзімі ұлғайған сайын сыйақы мөлшерлемесі арта түседі.

Депозиттің мерзімін және оны толықтыру еркіндігінің деңгейін белгілеңіз. Есіңізде болсын, мерзімі өскен сайын, толықтыруға болмайтын салымдар үшін сыйақы мөлшерлемесі арта түседі.

Бүгінде жинақ салымдардың 82 пайызы бір жыл және одан көп мерзімге орналастырылады әрі толықтырылмайды.

Толықтыруға болатын және болмайтын жинақ салымдарды бір айдан үш жылға дейінгі мерзімділігін таңдай отырып, ашуға болады. Мерзімдерге қатысты кез келген банктің стандартты ұсынысы - бір, екі және үш жыл. Алайда бірнеше айлық мерзім бойынша да ұсыныстар жетерлік. Есіңізде болсын: жинақ салымнан мерзімінен бұрын ақша алудың еш жөні жоқ. Өйткені бұл жағдайда есептелген табыстан айырыласыз.

Жинақ салымдар бойынша ең жоғары жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемелерін Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры есептеп шығарады. Ақпарат ай сайын жаңартылады.

1 Егер ұсынылған ең жоғары мөлшерлеме әрі қарай өсетін болса, әрбір банк жаңа депозиттер бойынша мөлшерлемелерді көтеру немесе бұрынғы деңгейінде қалдыру жағын өзі шешеді. Бұл нарықтағы жағдайға, банктің депозиттік саясатына және әрбір банктің депозиттерге деген қажеттілігіне тікелей байланысты.

2 Егер ұсынылған ең жоғары мөлшерлемелер төмендейтін болса, ең жоғары мөлшерлемеге тең мөлшерлемемен депозит ашатын банктер келесі айда депозиттер бойынша мөлшерлемелерді азайтады. Мақсат – оларды ұсынылған шектен асырмау.

Депозиттің мерзімін және оны толықтыру еркіндігінің деңгейін белгілеңіз. Есіңізде болсын, мерзімі өскен сайын, толықтыруға болмайтын салымдар үшін сыйақы мөлшерлемесі арта түседі.

Бүгінде жинақ салымдардың 82 пайызы бір жыл және одан көп мерзімге орналастырылады әрі толықтырылмайды.

ҚДКБҚ жаңа жинақ салымдарға арналған ең жоғары мөлшерлемелерді ай сайын жариялайды.

ҚДКБҚ жаңа жинақ салымдарға арналған ең жоғары мөлшерлемелерді ай сайын жариялайды.

Ұсынылған ең жоғары жаңа мөлшерлемелер бұған дейін ашылған депозиттердің шарттарына әсер етпейді. Егер Сіздің депозитіңіз болса, оның мерзімі әрі қарай ұзартылғанша немесе азайтылғанша мөлшерлемесі өзгермейді.


Қазір барлық мерзімге арналған, толықтырылатын және толықтырылмайтын жинақ салымдар бойынша ең жоғары мөлшерлемелер реті былайша жайғастырылған:

Мерзімі
Толықтырылатын салымдар
Толықтырылмайтын салымдар
Қазанда орналастырылатын депозиттер бойынша:
3 ай 10,0%
10,5%
6 ай 10,0%
10,5%
12 ай 12,3%
14,0%
24 ай 12,0%
13,5%

Қарашада орналастырылатын депозиттер бойынша:
3 ай 10,0%
10,5%
6 ай 10,0%
10,5%
12 ай 12,3%
14,0%
24 ай 11,7%
13,2%

Жаңа мөлшерлемелер тек жаңа депозиттерге ғана тиесілі. Бұрын ашылған депозиттер жаңа мерзімге ұзартылғанша олардың шарттары өзгермейді

Мерзімінен бұрын алу

Жинақ салымдар бойынша көтеріңкі мөлшерлемелер – салымнан ақша алуға қатысты ең қатал шектеулердің орнын толтыру үшін берілген өтемақы:

Мерзімінен бұрын алу барысында:


1 ішінара алуға жол берілмейді, тек толық көлемде алуға болады;


2 бүкіл кезең бойынша сыйақы – жылдық 0,1% көлеміндегі мөлшерлеме;


3 ақша 30 күннен кейін беріледі


1 Ақшаның бір бөлігін алуға болмайды: депозиттің сомасын тек толығымен алуға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда салым автоматты түрде жабылады.

2 Депозиттің бүкіл мерзімі бойынша есептелген сыйақы жойылады. Сіз депозиттің банкте жатқан кезеңіне қарай 0,1%-ға дейін болатын жылдық пайызды ғана ала аласыз.

3 Сіз салымыңызды мерзімінен бұрын алу туралы банкке хабарлағаннан кейін оны 30 күн өткен соң ғана ала аласыз.

Мерзімінен бұрын алу барысында:


1 ішінара алуға жол берілмейді, тек толық көлемде алуға болады;


2 бүкіл кезең бойынша сыйақы – жылдық 0,1% көлеміндегі мөлшерлеме;


3 ақша 30 күннен кейін беріледі


Бұл шектеулер Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде бекітілген. Сондықтан бұл шарттар барлық банктер үшін бірдей. Міне, осы шектеулерге байланысты жинақ депозит шынында да мақсаттық сипатқа ие. Яғни, салымшы өзінің салған ақшасы қашан керек болатындығын нақты білуі тиіс.

ҚДКБҚ қорғауында

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры жинақ салымдағы ақшаның және оған жинақталған сыйақының сақталуын қамтамасыз етеді.


Кепілдік берілген ең жоғары сома - 15 миллион теңге.


15 миллион теңгеге дейінгі жинақ салымдар - толығымен қорғалған


15 миллион теңгеге дейінгі жинақ салымдар - толығымен қорғалған

1 15 миллион теңгеге дейінгі салым (жинақталған сыйақыны ескере отырып) толығымен қорғалған.

2 Дәл 15 миллион теңгені құрайтын салым да толығымен қорғалған. Бірақ оның сыйақысы кепілдік берілген ең жоғары сомадан тыс есептеледі.

3 Салымның көлемі 15 миллион теңгеден жоғары – мысалы, 16 миллион теңге болуы мүмкін. Бірақ сақталуына кепілдік берілген ең жоғары сома – 15 миллион теңге. Бұл жерде 1 миллион теңге – кепілдік берілген ақшадан артық сома. ҚДКБҚ оның сақталуына және төленуіне кепілдік бере алмайды.

Салымдарыңыз бойынша кепілдік берілген соманы онлайн тәртібінде есептеңіз


Қордың байланыс орталығының 1460 тегін нөміріне хабарласып, ақыл-кеңес алыңыз


Ақшаңыздың бір бөлігін басқа банкке салу жағын қарастырыңыз: әр түрлі банктерде ашылған салымдарға кепілдік берілген ең жоғары сома көлемінде бөлек кепілдік беріледі.

Тәуекелді қалай басқаруға болатындығы

Ақылға салып, байыппен әрекет жасайтын болсаңыз, жинақ салым тәуекелі жоқ тиімді инвестицияға айналуы мүмкін. Кредиттік тәуекелді – төлемқабілетсіздігі тәуекелін – Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры кепілдік берілген ең жоғары сома шегінде өз жауапкершілігіне алады. Ал Сіз ұзақ мерзімді салымдарға қатысты басқа да тәуекелдерді басқаруыңызға болады.


Кредиттік тәуекел: Сіз депозит ашқан банк лицензиясынан айырылып қалуы мүмкін.


Шешім. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры кепілдік берілген ең жоғары сома шегінде кредиттік тәуекелді өз мойнына алады.


Инвестициялаудың негізгі ережесін берік ұстаныңыз: «Барлық жұмыртқаларды бір себептке салмаңыз!». Екі-үш сенімді банкті таңдаған соң, ақшаңызды салымдарға біркелкі орналастырыңыз. Бұл ретте олардың көлемі кепілдік берілген ең жоғары сома көлемінде болуы мүмкін.


Пайыздық тәуекел: Сіз депозит ашқан соң мөлшерлемелер өседі.


Кредиттік тәуекел: ақшаңызды әр түрлі банкте ұстаңыз. Бұл инвестициялаудың негізгі ережесі


Шешім. ҚДБКҚ тұрақты жариялап тұратын ең жоғары мөлшерлемелер нарықтық сыйақы мөлшерлемелеріне негізделеді. Бұл ретте депозиттердің нарықтағы тартымдылық деңгейі ескеріледі. Депозит нарығында сыйақы мөлшерлемелерінің жоғарылауын немесе төмендеуін алдын ала болжау қиын. Жинақ депозитке қатысты жарнамаларға назар ауарыңыз әрі ҚДКБҚ веб-сайтына кіріп қараңыз: алдағы айда ең жоғары мөлшерлеме өсуі мүмкін.


Қайта инвестициялау тәуекелі: Депозитіңіздің мерзімі аяқталуына қарай мөлшерлемелердің көлемі нарықта төмендеп кетуі мүмкін. Сәйкесінше депозитіңізді жаңа мерзімге жоғары мөлшерлемемен орналастыра алмайсыз.


Шешім. Толықтыруға болатын жинақ немесе мерзімді салымдарды ұзақ мерзімге – екі немесе үш жылға ашыңыз. Олардың мөлшерлемесі толықтыруға болмайтын салымдарға қарағанда едәуір төмен. Бірақ мұндай салым, егер мөлшерлемелер нарықта төмен болған жағдайда, Сізге ақшаңызды тиянақты мөлшерлемемен қайта инвестициялауға мүмкіндік береді. Нақты табыстылықты есептеп шығару үшін осы салымдар бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін инфляцияның жоғарғы дәлізінің көрсеткішімен салыстырыңыз.


Пайыздық тәуекел: банкке ақша салуды алдын ала жоспарлаңыз және кемінде алдағы екі айға қатысты ақпаратты мұқият зерделеңіз


Өтімділік тәуекелі: Жинақ салым ашқан соң, ойламаған жерден күнделікті шығындарыңызға ақша көбірек қажет болып қалады.


Шешім. Жинақ салым бойынша сыйақы мөлшерлемесі тартымды болғанымен, ақшаңыздың бір бөлігін қажет болған кезде алуға болатын мерзімсіз салымға салыңыз. Бұл салымдағы ақша күтпеген жағдай орын алғанда Сіздің «қауіпсіздік көпшігіңізге» айналады. Сіз оны қалаған уақытыңызда пайдалана аласыз. Бұл үшін ең төменгі азайтылмайтын қалдығы бар мерзімсіз салымды таңдап, ақша салып қойыңыз.


Қайта инвестициялау тәуекелі: толықтыруға болатын ұзақ мерзімді салымдарды таңдаңыз

Өтімділік тәуекелі: ақшаңыздың бір бөлігін қашанда қолжетімді болатын мерзімсіз салымда сақтаңыз, яғни күтпеген жағдайларға дайын болыңыз.

Кредиттік тәуекел: ақшаңызды әр түрлі банкте ұстаңыз. Бұл инвестициялаудың негізгі ережесі

Пайыздық тәуекел: банкке ақша салуды алдын ала жоспарлаңыз және кемінде алдағы екі айға қатысты ақпаратты мұқият зерделеңіз

Қайта инвестициялау тәуекелі: толықтыруға болатын ұзақ мерзімді салымдарды таңдаңыз

Өтімділік тәуекелі: ақшаңыздың бір бөлігін қашанда қолжетімді болатын мерзімсіз салымда сақтаңыз, яғни күтпеген жағдайларға дайын болыңыз.

Нені есте сақтау қажет

1 Жинақ салымды таңдай отырып, төрт түрлі тәуекелді: кредиттік және пайыздық тәуекелді, сондай-ақ қайта инвестициялау және өтімділік тәуекелін естен шығармаңыз. Яғни, болашақта тиімді ұсыныстарды жіберіп алмаудың жолы қандай? Алдағы екі-үш жылда мөлшерлемелердің төмендеуіне қалай дайын болу керек? Жинақ салымды ашқаннан кейін қолдағы қаражат күнделікті шығынға жете ме? Міне, осы сұрақтарға жауабыңыз дайын болсын.

2 Әрбір салым түрінің өз қажеттілігі бар. Ақшаңызды толықтыруға болатын және болмайтын жинақ, мерзімді және мерзімсіз салымдарға салыңыз. Яғни, әр түрлі депозиттерді пайдаланыңыз. Соның арқасында ақшаңызды еселендіре отырып, кез келген жағдайға дайын боласыз.