Алматы қ., A25D6H8, Достық даңғылы, 136, 8-қабат

Нұр-Сұлтан қ., Z00T6E0, Иманов көшесі, 11, 104-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A25D6H8, Достық даңғылы, 136, 8-қабат

Нұр-Сұлтан қ., Z00T6E0, Иманов көшесі, 11, 104-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Тәуекелді қалай басқаруға болады

Тәуекелді басқарудың негізгі қағидасы - әртараптандыру.

Әртараптандыру дегеніміз тәуекелдерді әртүрлі қаржы құралдары арасында үлестіруді білдіреді: қысқа және ұзақ мерзімге, көп және аз табыспен – және сенімділігіне ымырасыз. Қарапайым тілмен айтқанда «барлық жұмыртқаларды бір себетке салмау».


Бұл амал инвестициялық басқарушылар үшін ғана жұмыс істемейді. Тәжірибелі салымшылар ақшаны әртүрлі банктерге, әртүрлі депозиттерге орналастырады және толықтырылатын салымдарға назар аударады.



Қазақстанда сан түрлі басымдылықтар мен мақсаттардың негізінде депозиттерді таңдау мүмкіндігі бар. Алайда жаңа мүмкіндіктерге артықшылықтар ғана емес, сонымен бірге тәуекелдер де негізделген. Ақша қаражаттарының барлық салымдарымен бірге жүретін негізгі тәуекел – ақшаны қайтармау тәуекелі. Бұл тәуекелдерді Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры кепілдеменің максималды сомасының шеңберінде өзіне алады.



Банкті және салымды таңдаған кезде, тәжірибелі салымшылар 4 ықтимал тәуекелді бағалайды.


  1. Кредит тәуекелі: банктің қаржылық орнықтылығы әлсіреуі мүмкін.
  2. Пайыздық тәуекел: депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі төмендеуі мүмкін және ақшаны сол пайызбен орналастыру мүмкін болмайды.
  3. Валюталық тәуекел: айырбастау бағамына байланысты жоспарланған шығындар, мысалы, шетелде отбасымен демалу немесе көлік сатып алу.
  4. Өтімділік тәуекелі: жинақ мерзімінен бұрын алу құқығынсыз жоғары пайызбен орналастырылды және салымшы болжағаннан көп ақша қажет болған жағдайда.

Дұрыс таңдау жасау - сенімділік, табыс, жинақ валютасы және салым мерзімі арасындағы теңгерімді сақтауды білдіреді.



Кредит тәуекелі – сенімді банктер басымдылыққа ие

Банктердегі жинақтарды қорғау құқығы заңмен әр тұлға үшін қарастырылған. Салымнан, банк шотынан немесе төлем карточкасынан ақшаны қайтармау тәуекелін Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры өзіне алады. Егер банк барлық банктік операцияларды жүргізуге лицензиядан айырылса, ҚДКБҚ өтемақы төлейді.



ҚДКБҚнан максималды төлем сомасы депозит түріне және валютасына байланысты.


  • Шетелдік валютадағы депозиттер – 5 миллион теңге.
  • Теңгедегі депозиттер: мерзімсіз және мерзімді салымдар, банк шоттары, төлем карточкаларындағы ақшалар – 10 миллион теңге.
  • Теңгедегі жинақ ақша салымы – 15 миллион теңге.
  • Егер бір банкте түрлері және валюталары бойынша әртүрлі бірнеше депозиттер болса – барлығы 15 миллион теңге.


Депозиттер бойынша кепілдемелері болғанның өзінде, сенімді банктер басымдылыққа ие


Сенімді банкті іздеу – бұл салымды таңдау кезіндегі басты қағида. Біріншіден, ақшаны беру банк жұмыс істеп тұрғанда шектеулі болуы мүмкін. Қаржылық жағдайы қиын кейбір банктер, лицензиядан айырылғанға дейін депозиттерден ақша төлеуді тоқтатты. Екіншіден, банк лицензиясынан айырылған кезде және банк лицензиядан айырылған кезде ақша ҚДКБҚ қаражатынан төленгенде, сыйақы есептелмейді және төленбейді. ҚДКБҚ төлемді 35 жұмыс күні ішінде бастайды және ірі салымдар бойынша алынбаған сома байқалуы мүмкін.



Банктің сенімділігін қалай бағалау керек?


Салымдар бойынша жоғары пайыз, бонустар, акциялар, тиімді айырбастау бағамы және белсенді жарнама – бұл әрдайым банктің табысты екенінің белгісі емес. Мұндай артықшылықтар шын мәнінде өміршең бизнес-үлгіге ие болуы тиіс.

Банкті таңдау – бұл саналы шешім, оған көлік немесе пәтер сатып алғандағыдай мұқият әрі байыппен қарау қажет. Егер сіз банктің тарихын білсеңіз, бұл шешім қабылдауды жеңілдетеді: ұзақ мерзімді даму векторы бар негізгі оқиғалармен, жоғары басшылық пен акционерлердің өзгеруімен. Мұндай ақпаратты ашық көздерден де табуға болады. Тәуелсіз аудиторлардың пікірлері мен қорытындылары, сарапшылардың, аналитиктердің ой-пікірлері және инвесторлар үшін қаржылық-аналитикалық компаниялардың шолулары пайдалы болады.



Қажетті минимум: нақты, өлшенетін және бір мағынада түсіндірілетін мәліметтер


  1. Банк қаржылық реттеуішінің - пруденциялық нормативтердің талаптарына сәйкестігін тексеріңіз.
  2. Танымал рейтингтік агенттіктердің пікірлерін қадағалаңыз.
  3. Аудиторлық фирмалардың қорытындыларымен және ерекше ескертулерімен танысыңыз.


Пруденциялық нормативтер – бұл негізгі көрсеткіштердің минималды мәндері – капитал және өтімділікке заңмен бекітілген талаптар. Капиталдың жеткіліктілігі банктің тұрақтылығын білдіреді және оның тәуекелдерді жеңу қабілетін көрсетеді, ал жеткілікті өтімділік – төлемдерді тоқтаусыз орындау үшін ақшалай қордың болуын көрсетеді. Бұл банктің табысты жұмысының негізгі көрсеткіштері. Көрсеткіштер пруденциялық нормативтері бойынша минималды талаптарға неғұрлым жақын болған сайын, қаржылық тұрақтылықты жоғалту қатері соғұрлым жоғары.


Табысты банкте нақты көрсеткіштер пруденциялық нормативтердің минималды көрсеткіштерінен жоғары болады: неғұрлым жоғары болса – соғұрлым жақсы





Кредиттік рейтингтер — банктің қаржылық тұрақтылығы туралы тағы бір сапалы дереккөз.


Қазақстан банктеріне рейтингтерді танымал үш халықаралық агенттік береді: Standard & Poor’s, Fitch Ratings және Moody’s Investor Services. Рейтингтік агенттіктер өздерінің әдістемелері бойынша баға береді, оқиғаның дамуын қадағалайды, рейтингтерді қайта қарайды және болжам береді: жағдай тұрақты ма немесе жағдайдың жақсаруы немесе нашарлауы мүмкін бе.


Moody’s агенттігінің негізін қалаушы кредиттік рейтингтердің бірінші шкаласын 1909 жылы әзірледі. 100 жылдан кейін, 2009 жылы, агенттік әртүрлі инвестиция түрлері үшін 32 түрлі бағалау жүйесін пайдаланды. Басқа агенттіктің тарихы, Standard & Poor’s, 150 жылды құрайды.


Банк бір немесе бірнеше халықаралық агенттіктің рейтингіне ие бола алады. Рейтингтік агенттіктердің есептері – бұл ашық ақпарат, ал түйіндеме, әдеттегідей, қарапайым түрде берілген және қаржы бойынша арнайы білімді талап етпейді.

Халықаралық шкала бойынша ұзақ мерзімді рейтингті іздеңіз және салыстырыңыз. Ең жоғары деңгей –«А» категориясы, «ААА» рейтингі. Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингі – «ВВВ–»: осы рейтингке сәйкес келеді – қазақстандық компаниялар мен банктерге арналған сенімділік эталоны.


Қазақстан Республикасының рейтингіне жақын болған сайын ВВВ– сенімділік соғұрлым жоғары



«А» — Сенімділіктің өте жақсы деңгейі


«B» — Сенімділіктің жоғары деңгейі


«C» — Тұрақсыз қаржылық жағдай


«D» — Дефолт – міндеттемелерді орындамау




AAA (S&P, Fitch) /
Aaa (Moody’s) 
Минималды кредит тәуекелі: ең жоғары сенімділік
AA+ / Aa1 
AA / Aa2 
AA– / Aa3 
Өте төмен кредит тәуекелі: жоғары сенімділік
A+ / A1 
A / A2 
A– / A3 
Төменгі кредит тәуекелі: қолайлы экономикалық жағдайдағы жоғары сенімділік
BBB+ / Baa1 / 
BBB /  Baa2 
Орташа кредит тәуекелі: қолайлы экономикалық жағдайдағы жоғары сенімділік
BB+ / Ba1 
BB / Ba2 
BB– / Ba3
Елеулі кредит тәуекелі: қысқа мерзімді кезеңдегі салыстырмалы тұрақтылық, белгісіздік – болашақта. Қаржылық тұрақтылық экономикалық жағдайға едәуір тәуелді
B+ / B1 
B / B2 
B– / B3
Жоғары кредит тәуекелі: бұл сәтте, қолайлы экономикалық жағдайда, міндеттемелер орындалады
CCC+ / Caa1 
CCC / Caa2 
CCC– / Caa3
Жоғары кредит тәуекелі: қолайлы экономикалық жағдай міндеттемелердің әрі қарай орындалуы үшін аса маңызды
CC / Ca Міндеттемелердің орындалмауының айқын тәуекелі бар
C Ең төменгі рейтинг: инвесторлар Бұл рейтингті алып-сатарлық деп атайды
D / DDD Дефолт – міндеттемелерді орындамау




Валюталық тәуекел: ұлттық валюта құнын өзгерту тәуекелі

Валюталық тәуекел шетелдік валютада шығындар жоспарланғанда туындайды.


Егер шығындардың негізгі бөлігі – теңгеде болса, онда ақшаның үлкен бөлігін депозитте ұлттық валютада сақтаған және тұрақты, болжалды табыс алған тиімді. Айырбастау бағамы әртүрлі факторлардың ықпалынан өсуі де мүмкін, сондай-ақ төмендеуі де мүмкін – бұл пайдаға, сондай-ақ шығынға да әкеледі. Мысалы, 2019 жылдың қорытындылары бойынша шетелдік валютадағы жинақ табыс әкелген жоқ, ал жылдың басында ашылған теңгедегі депозит 9,8% және одан көп пайызға жинақты арттыруға көмектесті. Сондықтан валюталық тәуекелдің ықпалынан аулақ болу үшін жинақтың валютаның біріне қарай ауытқуына жол бермеу қажет.


Ұзақ мерзімді жинақтарда валюталық салымдар ұлттық валютаның құнсыздануына айтарлықтай ықпал етуге қабілетті күрт жағымсыз факторлардан сақтандырудың қосалқы қоры бола алады. Сонда жинақтың негізгі бөлігін негізгі шығындардың валютасына орналастырады, ал шетелдік валютадағы аз бөлігі сақтандыру қоры ретінде қызмет етеді.


Шығындар валютасы - бұл жинақ валютасы



Пайыздық тәуекел: депозиттер бойынша мөлшерлемелерді өзгерту тәуекелі

Уақыт өте келе депозиттер бойынша мөлшерлемелер өзгереді және әртүрлі экономикалық факторлардың ықпалынан бұл процестер ұзақ мерзімді болжауға түспейді. Салымды орналастырғанда, пайыздық тәуекел туралы да ойланыңыз.


Біріншісі – мөлшерлемелер депозиттік нарықта салымды орналастырғаннан кейін де өсуі мүмкін: ұтылған айырмашылық пайда болады және салымшы ағымдағы жоғары мөлшерлемемен жаңа депозитті ашқан кездегіге қарағанда, төменірек табыс алады. Әсіресе бұл тәуекелге ұзақ мерзімді жинақ ақша салымы ұшырауы мүмкін.


Максималды мөлшерлемелердің болашақта өзгеруін болжау қиын – шешімді ағымдағы жағдайдың негізінде қабылдау қажет. Мерзімдік және жинақ ақша салымдары бойынша ұсынылатын максималды сыйақы мөлшерлемелері екі ай бұрын белгілі болады – ағымдағы және болашақ. Мерзімсіз салымдар бойынша максималды ұсынылатын мөлшерлеме Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесіне байланысты, ол жылына бірнеше рет қайта қаралады. Мысалы, 2020 жылға ... рет жоспарланған.


Екіншісі – салымды жабу сәтіне депозиттік нарықтағы мөлшерлеме төмендейді және сол жоғары сыйақы мөлшерлемесіне ақшаны орналастыру мүмкін болмайды.


Толықтырылатын салымдарды іздеңіз: сіз депозит ашылған кездегі жоғары пайыздық мөлшерлемемен ақша сала аласыз.


Ақшаны орналастыруды жоспарлаңыз, ҚДКБҚ сайтынан максималды мөлшерлемелердің өзгеруін қадағалаңыз



Өтімділік тәуекелі: ақша жоспарлағаныңыздан ертерек және көбірек көлемде қажет болады


Жинақ ақша салымы бойынша сыйақы мөлшерлемесінің ұнамды болуына қарамастан, ақшаның бір бөлігін мобильдірек депозиттерде қалдырыңыз. Мерзімінен бұрын алуға шектеусіз салымға орналастырылған ақша – бұл күтпеген жағдайда «қауіпсіздік жастығы». Минималды төмендемейтін қалдықпен мерзімсіз салымды таңдаңыз.


Өтімділік тәуекелін азайту үшін, жинақталған ақшаңызды мерзімдер бойынша әртараптандырыңыз: ағымдағыға, қысқа мерзімдіге және ұзақ мерзімдіге. Мерзімділігі әртүрлі салымдар «сатысын» құрып және қолдап, өтімділік тәуекелін минималдау және жақсы табыстылық нормасы арасында теңгерім іздеңіз


  1. Ағымдағы қаржылар – күнделікті шығындар мен сатып алуларға. Мұндай жинақтар үшін мерзімсіз салым жарамды. Табыс және шығын теңгерімі айқын болғанда, қажеттіліктен асқан ақшаны тиімдірек ұзақ мерзімді салымға орналастыруға болады.
  2. Қысқа мерзімді шығындарға 6 айдан бір жылға дейінгі қор – елеулі сатып алуларға жұмсау үшін. Шығындарды жоспарлаған мерзімге толықтырумен салымдарды таңдаңыз. Қажеттіліктен асқан ақша қалдығын сыйақының жоғары мөлшерлемесімен ұзақ мерзімді салымға орналастыруға болады.
  3. Бір жылдан артық ұзақ мерзімді шығындарға арналған жинақтар – ең маңызды, саналы мақсаттар үшін. Мүмкін болатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемесімен және жоғары кепілдікпен жинақ ақша салымын таңдаңыз.

Мерзімділігі әртүрлі салымдар сатысы:

  • ағымдағы қаржылар
  • қысқа мерзімді жинақтар
  • ұзақ мерзімді жинақтар