Қор басшылығының келушілерді қабылдау кестесі
Жеке тұлғалар және заңды тұлғалардың өкілдері алдын ала жазбаша тіркелу арқылы қабылданады. Бұл үшін +7 (727) 312-24-49 немесе assistant@kdif.kz электрондық поштасы арқылы хабарласып, өтінім жасап, мына деректерді көрсету қажет: Т.А.Ә., ЖСН, (БСН, компанияның атауы) және өтініш тақырыбы.
Эпидемиялогиялық жағдайдың сақталуына байланысты жеке қабылдау уақытша тоқтатылды. Сіз жоғарыда көрсетілген электрондық поштаға жазбаша сауал жолдауыңызға немесе Skype/Zoom арқылы бейне қоңырау шалу форматын пайдалануыңызға болады.
Лауазымы | Т.А.Ә. | Сұрақтар топтамасы | Қабылдау күні мен сағаты | Мекенжай |
Төраға | Өтембаев Әділ Нұрланұлы | Директорлар кеңесінің құзыретіне жатпайтын, Қордың қызметі туралы жалпы сұрақтар |
Айдың әрбір соңғы сәрсенбісі 15:00 - 16:00 |
- |
Төрағаның орынбасары | Құдайбергенов Алмас Күлмесханұлы | Проблемалық банктермен жұмыстар (Қордың уақытша әкімшілік пен тарату комиссиясының құрамына қатысуы), бюджет және сатып алулар, кадрлық мәселелер, ақпараттық қауіпсіздік және Қордың Нұр-Сұлтан қаласындағы өкілдігінің қызметі бойынша сұрақтар |
Айдың әрбір соңғы сәрсенбісі 15:00 - 16:00 |
- |
Төрағаның орынбасары | Иманғалиева Маржан Нұрланұлы | Қатысушы банктердің жарналарының мөлшерлемесі және жеке тұлғалардың депозиттері бойынша ұсынылатын максималды мөлшерлемелер, кепілдік берілген өтемді төлеу және талап етілмеген соманы БЖЗҚ-ға аудару бойынша операциялық жұмыстар, депозиттерге кепілдік беру жүйесі және Қор қызметі туралы ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарын қамтамасыз ету бойынша сұрақтар |
Айдың әрбір соңғы жұмасы, 15:00 - 16:00 |
- |
Сіз қабылдауға жазыла отырып, Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңына сәйкес дербес деректеріңізді жинау және өңдеуге келісім бергеніңізді растайсыз.