Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Нұр-Сұлтан қ., Z00T6E0, Иманов көшесі, 11, 104-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Нұр-Сұлтан қ., Z00T6E0, Иманов көшесі, 11, 104-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

ҚДКБҚ кепілдік берілген өтемді қалай төлейтіндігі туралы

Банк барлық банк операцияларын жүргізу лицензиясынан айырылған жағдайда ҚДКБҚ кепілдік берілген өтемді төлеу арқылы салымшылардың (жеке тұлғалар және дара кәсіпкерлердің) құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді. 2003 жылдан бері ҚДКБҚ Халықаралық депозиттерді сақтандыру жүйелері қауымдастығының мүшесі болып табылады (дүние жүзі бойынша 140 мемлекетте депозиттерге кепілдік беру жүйесі жұмыс жасайды).

ҚДКБҚ: салымдар, төлем карточкаларындағы және банктік шоттардағы теңгелік және шетел валютасындағы ақша қаражатына кепілдік береді. Максималды кепілдік сомасы салымның түрі мен валютасына тәуелді. Барлық кепілдік берілетін, оның ішінде шетел валютасымен ашылған депозиттер бойынша өтем сомасы тек ұлттық валютамен төленеді. Бұл жағдайда шетел валютасындағы депозит бойынша өтемді есептеу үшін қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырған күнгі нарықтық валюта айырбастау бағамы пайдаланылады. Кепілдік шеңберінде банк барлық банк операцияларын жүргізу лицензиясынан айырылған күнге есептелген сыйақы да төленеді. ҚДКБҚ өзінің негізгі қызметін жүзеге асыру барысында барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған және (немесе) мәжбүрлеп тарату процесіндегі банктердің (бұдан әрі – таратылатын банктер) салымшыларына олардың өтініш беруіне қарай кепілдік берілген өтемді төлеуді жалғастырады. 2022 жылғы 01 сәуірдегі жағдай бойынша орындалған міндеттемелердің жалпы сомасы 113,1 миллиард теңгені құраған.

ҚДКБҚ-да салымшыларға өз ақшаларына жылдам қол жеткізуді қамтамасыз ету және кепілдік берілген өтемді алу мақсатында кепілдік берілген өтемді төлеу тәртібін жетілдіру жұмыстары тұрақты негізде жүргізіліп отыр. 2021 жылғы 20 қыркүйектен бастап таратылатын банктердің банктік шоттары, карточкалары мен депозиттерінің иелеріне ҚДКБҚ кепілдік берілген өтемді төлеудің электрондық порталы арқылы электрондық нысанда (онлайн) кепілдік берілген өтемді алу үшін сынамалы режімде өтініш беру қолжетімді.

Кепілдік берілген өтем төлемдерінің электрондық порталы (ТЭП) таратылатын банктердің барлық салымшыларының орталықтандырылған базасын қамтиды. Салымшылар кепілдік берілген өтемді төлеуге өтініш бергенге дейін порталдан төленетін соманы тексере алады. Мысалы, салымшы кепілдік берілген өтем сомасын тексерген кезде ТЭП аталған салымшы бойынша барлық таратылатын банктерде бар (бар болған жағдайда) кепілдік берілген өтем сомасын автоматты түрде көрсетеді.
Салымшы кепілдік өтем сомасын бір өтініш беру арқылы тексергеннен кейін өзіне тиесілі кепілдік өтем төлемдерінің барлығын барлық таратылатын банктерден ала алады немесе өз қалауы бойынша таңдалған таратылатын банк бойынша кепілдік өтемді төлеуге өтініш бере алады. Сонымен қатар порталда салымшыға қолайлы болуы үшін берген өтінішінің мәртебесін өз бетімен бақылау опциясы қолжетімді. Кепілдік берілген өтемді төлеуге өтінішті электрондық нысанда (онлайн) беру үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалану міндетті болады. Сонымен қатар онлайн өтініш беру барысында салымшы өз таңдауы бойынша бейне тексеру (биометриялық сәйкестендіру) арқылы немесе ұялы телефон нөміріне алынған бір реттік парольді (кодты) енгізу арқылы сәйкестендіруден өтуі керек. Бір реттік парольді (код) мобильді нөмірлері мобильді азаматтар базасына тіркелген салымшылар ғана пайдалана алады. Толық нұсқаулық порталда (https://clients.kdif.kz) қол жетімді.
Қазақстанда іске қосылған таратылатын банктердің салымшыларына қашықтан (онлайн) қызмет көрсету сервисінің ТМД аумағында теңдесі жоқ. Осыған ұқсас сервис Оңтүстік Корея, Финляндия және Тайваньда жүзеге асырылады, ал Канада мен Германияда оны енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.Сонымен қатар кепілдік берілген өтемді төлеудің аталған тәртібімен қатар салымшылар және олардың заңды өкілдерінің кепілдік берілген өтемді агент банктер арқылы қағаз тасымалдағышта (таратылатын банкке тәуелді) төлеуге өтініш беру арқылы алудың дәстүрлі тәсілі де қолданылады.

ҚДКБҚ өтем төлеу бойынша жазбаша өтінішті:
—«Эксимбанк Қазақстан» АҚ және «Казинвестбанк» АҚ салымшыларының өкілдерінен (мұрагерлері және басқа да құқық иелерінен);
—«Валют-Транзит Банк» АҚ салымшылары және олардың өкілдерінен (мұрагерлері және басқа да құқық иелерінен) қабылдайды.

Кепілдік берілген өтемді төлеуге өтініш ҚДКБҚ-ға немесе агент банкке кепілдік берілген өтемді төлеу басталған күннен бастап 1 жыл ішінде берілуі мүмкін (бұл норма 2021 жылғы 1 мамырдан басталатын сақтандыру жағдайларына қатысты).
Сәйкесінше «Capital Bank Kazakhstan» АҚ салымшылары төлемнің 2021 жылдың 3 шілдесінде басталуына байланысты кепілдік берілген өтемді төлеуге өтініштерін 2022 жылғы 3 шілдеге дейін (қоса алғанда) бере алады.
Лицензиясынан айырылған 8 Банктің («Валют-Транзит Банк» АҚ, «Қазинвестбанк» АҚ, «Delta Bank» АҚ, «Qazaq Banki» АҚ, «ЭксимБанк» АҚ, «Астана Банкі» АҚ, «Tengri Bank» АҚ, «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ) салымшылары 2021 жылғы 1 мамырда кепілдік берілген өтемді алу үшін ҚДКБҚ және агент банктерге 2022 жылғы 1 мамырға дейінгі мерзімде (қоса алғанда) өтініш жасай алады.
Кепілдік берілген өтемді төлеу мерзімі аяқталғаннан кейін салымшылар және олардың заңды өкілдері талап етпеген кепілдік берілген өтем сомасы таратылатын банктер салымшыларының атына ашылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарына аударылады.

Бұл жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында салымшыға кепілдік берілген өтемді төлеу мерзімі өткеннен кейін кепілдік берілген өтемді төлеуге өтініш беру мүмкіндігі берілетін дәлелді себептердің тізімі қарастырылған. Дәлелді себептерге: депозитордың әскери қызметке шақырылуы; салымшының Қазақстан аумағынан тыс жерде болуы; салымшының мұрасын қабылдау және мұраны алу немесе ашуға байланысты басқа да себептер; салымшының бас бостандығынан айыру орындарында болуы; сот белгілеген басқа да жағдайлар жатады.

Мұндай жағдайларда дәлелді себептің бар болуын куәландыратын құжаттармен қатар кепілдік берілген өтемді төлеуге өтініш ҚДКБҚ-ға қағаз тасымалдағышта беріледі. Өтініш нысандарын келесі сілтеме арқылы қарауға болады - https://www.kdif.kz/depozity-i-garantiya/vyplata-vozmeshcheniya/

Салымшылар кепілдік берілген өтемді төлеу мерзімі өткеннен кейін дәлелді себептермен кепілдік берілген өтемді төлеуге өтініш:
—қатысушы банкті мәжбүрлеп тарату туралы деректер Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізілген күнге дейін;
—немесе «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР заңының 33-бабына сәйкес ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығы басталғанға дейін берілуі тиісті екенін білуі керек.

ҚДКБҚ осындай өтінішті оны алған күннен бастап 5 жұмыс күнінен кеш емес мерзімде қарастырады, аталған мерзім ішінде кепілдік берілген өтемді банктік шотына аудару арқылы жүзеге асыруы немесе бас тарту себебін көрсете отырып, өтемді төлеуден бас тартуы ықтимал.



Банкті лицензиядан айырған күннен бастап ақшаны төлеуге дейінгі максималды уақыт - 35 жұмыс күні

Банк барлық банктік операцияларды жүргізуге арналған лицензиядан айырылған

Банктердің лицензияларын Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі береді және қайтарып алады (осы өкілеттілік 2020 жылға дейін Ұлттық Банкке жүктеліп келген).

Банкті лицензиядан айыру жөніндегі ақпарат сол күні теледидар, интернет және әлеуметтік желілердегі жаңалықтарда жарияланады. Ресми дерек көздері - Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі және ҚДКБҚ сайттары.

Лицензиядан айырылған банктің банктік және басқа да қызметті қалыпты режімде жүргізуге құқығы болмайды:


  1. Банкте уақытша әкімшілік - Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қызметкерлері, ҚДКБҚ және Банктің кейбір қызметкерлері жұмыс жасайды. Уақытша әкімшілік банкті басқарып, мүліктерінің сақталуын қамтамасыз етеді, осыған дейін берілген қарыздар бойынша төлемдерді қабылдайды және қажет жағдайда банктік шоттардан үзінді көшірмелер береді.
  2. Банк салымдардан, төлем карточкаларынан және шоттардан ақша бермейді және аудармайды.
  3. Банктен қарыз алушылар кредитті кестеге сәйкес өтейді.


Заң банк салымшылары – жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің депозиттерін қорғайды. Салымшылар өтемақыны нақты қалай алатыны келесі 35 жұмыс күнінен кешіктірмей шешіледі. Бірінші нұсқа - жеке тұлғалардың депозиттерін басқа, жұмыс істеп тұрған банкке тапсыру. Екіншісі - Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының арнайы резервінен ақша төлеу.

Депозиттер басқа банкке берілуі мүмкін

20 жұмыс күні

Егер банкте мүлік пен қаржы активтері жеткілікті болса, мысалы, қолданыстағы кредиттер портфелі болса, уақытша әкімшілік лицензиядан айырылған банктің активтері мен міндеттемелерін, оның ішінде жеке тұлғалардың депозиттерін басқа банкке бір мезгілде тапсыру бойынша операцияны жүргізу туралы шешім қабылдауға құқылы. Ол Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен келісіледі. Жалпы шешімді әзірлеу және келісу мерзімі - Банк лицензиясынан айырылған күннен бастап 20 жұмыс күні.

Оң шешім қабылданған жағдайда жеке тұлғалардың депозиттері оларды қабылдауға келіскенімен қатар, жеткілікті филиалдық желісі бар және қаржылық орнықтылық талаптарына сәйкес келетін жұмыс істеп тұрған сатып алушы банкке тапсырылады. Жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің депозиттері толық көлемде тапсырылады.

Салымшылардың ақшасы сатып алушы банктегі шоттарға аударылады және болашақта банктік қызмет көрсетудің стандартты ережелері қолданылады.

Келесі нұсқа – уақытша әкімшілік шешім қабылдамаған немесе Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі аталған операцияны жүргізуден бас тартқан. Бұл жағдайда салымшылармен Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры есеп айырысатын болады.


Сатып алушы Банк - бұл лицензиясынан айырылған банк салымшылары алдындағы міндеттемелерді қабылдауға келісім берген банк. Сатып алушы Банк жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің депозиттерін толық көлемде қабылдайды. Ақшаны алу, аудару немесе сатып алушы банктің клиенті болуға болады

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры кепілдік берілген өтемді төлеуді жүзеге асыратын агент банктердің тізімін, кепілдік берілген өтемді төлеу кезеңі мен орындарын көрсетіп, кепілдік берілген өтемді төлеудің басталу күні туралы хабарлайды

10 жұмыс күні


Банк лицензиядан айырылған күннен бастап 25 жұмыс күні ішінде ҚДКБҚ уақытша әкімшіліктен банкті лицензиядан айырған күнге кепілдік берілген өтемді есептей отырып, депозиторлар тізілімін алады. Банк лицензиясынан айырылған күннен бастап 30 жұмыс күнінен артық емес мерзімде ҚДКБҚ ресми баспасөз құралдарында хабарландыру жариялайды және агент банктердің тізімін, кепілдік берілген өтемді төлеу кезеңі және орындарын көрсете отырып, кепілдік берілген өтемді төлеудің басталу күні туралы баспасөз хабарламасын шығарады. Ақпарат теледидарда жаңалықтар арқылы таратылады, интернетте және әлеуметтік желілерде пайда болады. Ресми дерек көздері - ҚДКБҚ, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің және агент банктің (агент банктердің) сайттары.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры банк лицензиясынан айырылған күннен бастап 35 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ақшаны төлей бастайды.

Ақша салымшылардың өтініштері бойынша төленеді. Өтініштерді қабылдау және ақшаны төлеу ҚДКБҚ (салымшылардан электронды нысанда) және кепілдік берілген өтемді төлеу үшін агент банктер тізімінен алдын ала таңдалған агент -банкте (салымшылар мен өкілдерінен қағаз тасымалдағышта) жүзеге асырылады.



Агент банк – бұл лицензиясынан айырылған банк салымшыларының өтініштерін қабылдауға, оларды қарауға және ҚДКБҚ-мен жасалған келісім негізінде оларға ақша төлеуге уәкілетті, қолданыстағы банк. Мысалы, «Астана Банкі» АҚ салымшыларына агент банк ретінде «Еуразиялық банк» АҚ, «Qazaq Banki» АҚ салымшыларына - Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ қызмет көрсетеді. Кепілдік берілген өтемді төлеу және агент банкпен Келісімнің қызмет мерзімі ішінде агент банктің бөлімшесінде өтініш беруге болады

ҚДКБҚ және агент банк өтініштерді қабылдау және ақшаны төлеуді жүзеге асырады

05 жұмыс күні

Кепілдік берілген өтемді төлеуге өтініштерді қабылдау төлем басталған күннен бастап 1 жыл ішінде жүзеге асырылады. Төлем мерзімі аяқталғаннан кейін салымшылардың талап етілмеген сомасы БЖЗҚ-дағы салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына ерікті зейнетақы жарналары түрінде аударылатын болады.

Салымшылар өтемді ҚДКБҚ-ның арнайы резервінен алады - аталған резерв заңға сәйкес алдын ала қалыптастырылады және банк лицензиясынан айырылған жағдайда салымшыларға кепілдік берілген өтемді төлеу мақсатына ғана пайдаланылуы мүмкін.

Барлығы 35 жұмыс күні

Өтем төлеу: нені есте сақтау қажет?

1. Максималды төлем сомасы

ҚДКБҚ лицензиясынан айырылған банктің міндеттемелерін қабылдайды және депозиттегі барлық соманы өтейді, алайда, бір салымшыға төленетін максималды соманың шегі бар.

Кепілдік берілген максималды сома депозиттің валютасы мен түріне тәуелді:


  • 5 миллион теңгеден артық емес – шетел валютасындағы депозиттер;
  • 10 миллион теңгеден артық емес – теңгедегі өзге депозиттер: салымдар, төлем карточкалары, банк шоттары;
  • 20 миллион теңгеден артық емес – теңгелік жинақ салымдары бойынша.

Депозитордың банкте әртүрлі бірнеше кепілдік берілген депозиттері болған жағдайда ҚДКБҚ олар бойынша депозиттің әрбір түрі бойынша жеке белгіленген кепілдік берілген өтемнің ең жоғары мөлшері шегінде жиынтық кепілдік берілген өтемді төлейді бірақ ол 20 миллион теңгеден асырылмайды.

ҚДКБҚ өтемді банк лицензиясынан айрылған күнге қарай есептелген сыйақы бойынша төлейді. ҚДКБҚ шетел валютасында салынған салымдар бойынша өтемді банк лицензиясынан айырылған күндегі валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен есептейді және төлейді.


Депозит бойынша кепілдікті есептеңіз

2. ҚДКБҚ және агент банкте

ҚДКБҚ-да және агент банкте кепілдік берілген өтемді төлеуге өтініштер төлем басталған күннен бастап 1 жыл бойы қабылданады. Өтінішті қарастыру мерзімі 5 жұмыс күнінен аспайды.

«Валют-Транзит Банк» АҚ салымшыларынан басқалары үшін ҚДКБҚ кепілдік берілген өтемді төлеуге өтініш электрондық нысанда кепілдік берілген өтемді төлеудің электрондық порталы арқылы жіберіледі.
«Валют-Транзит Банк» АҚ салымшылары кепілдік берілген өтемді алу үшін ҚДКБҚ-ға немесе банктің тарату комиссиясына өтініш қағаз тасымалдағышта тапсырылуы керек.

Агент банктің бөлімшелерінде өтініштер төлемдерді электрондық порталда есепке алу арқылы қағаз тасымалдағышта қабылданады. Егер салымшы төлем алу үшін өзі жүгінетін болса, бөлімшедегі менеджерге жеке басын растайтын құжатты ұсыну жеткілікті. Агент банктің қызметкерлері стандарттан тыс жағдайларды қарастыруға уәкілетті болады, мысалы, сенімхат бойынша өтініш, мұрагерлерге төлем немесе ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларға ашылған депозиттер бойынша өтініштерді қарастыра алады. Осындай жағдайларда агент банк өтініш білдірушілердің құқықтарын растайтын қосымша құжаттарды сұратады және стандартты банк рәсімдері мен құжаттарды тексеруді Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтай отырып жүргізеді.

Өтем сомасымен келіспейтін салымшылардың мәселелерін банктің уақытша әкімшілігі немесе тарату комиссиясы қарастырады. Банктердің уақытша әкімшілігі және тарату комиссиясының байланыс деректемелерін ҚДКБҚ және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сайттарынан табуға болады (сондай-ақ өзекті ақпарат таратылатын банктің сайтына да жарияланады).

3. Ақша алу: қолма-қол ақша, аударым немесе жаңа депозит түрінде

ҚДКБҚ кепілдік берілген өтемді төлеуді салымшы кепілдік берілген өтемді төлеуге арналған өтініште көрсеткен банктік шотына ақша қаражатын аудару арқылы қолма-қол ақшасыз тәсілмен ғана жүзеге асырады.

Агент банк үш түрлі опцияның бірін таңдауды ұсынады:


  • қолма-қол ақша қаражатын кассадан алу;
  • кез келген банктегі қолданыстағы шотына аудару;
  • агент банкте жаңа депозит ашу, ақшаны жаңа депозитке аудару.

Ақша қаражатын басқа банктегі шотыңызға аударуды жоспарлаған болсаңыз - 20 таңбалы жеке сәйкестендіру кодын (банктік шот нөмірі – IBAN) тапсыру керек. Аталған нөмірді интернет-банкингтен өз бетінше алуға немесе алдын-ала банк бөлімшесінен шығартып алуға болады. Қолма-қол ақшасыз аударым жасау үшін агент банк стандартты тарифтер бойынша комиссия есептеуге құқылы болады.

Жаңа депозит ашуда қиындық туындамауы үшін алдын ала салықтық берешекті тексеру керек.

Агент банк сервистің басқа да нұсқаларын, мысалы, төлем карточкаларын шығару және жеткізуді ұсына алады.

4. Ерекше жағдайлар

Сенімхат

Агент Банк және ҚДКБҚ («Қазақстан Эксимбанкі» АҚ, «Қазинвестбанк» АҚ, «Валют-Транзит Банк» АҚ салымшыларының өкілдерінен) салымшылар сенімгерлік берген тұлғаларының өтініштерін де қарастырады. Сенімхат нотариус тарапынан куәландырылуы керек.

Бас сенімхат және арнайы немесе бір реттік сенімхат қабылданады.

Сенімхат шет тілінде жасалған болса, онда салымшының өкілі сенімхатпен қатар, оның мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасын қоса ұсынады. Аудармасы да нотариалдық куәландырылған болуы тиіс. Апостиль қою немесе консулдық заңдастыру қажет болуы ықтимал.



Кәмелеттік жасқа толмағандар

14 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған салымшының атынан өтінішті ата-аналары береді. Растаушы құжат - банктік шоты немесе салым шарты атына ашылған баланың туу туралы куәлігі.

14 -18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балаларға ашылған депозиттер бойынша өтемақыны кәмелеттік жасқа толмағандардың өздері ата-аналарының жазбаша рұқсатымен немесе ата-аналары ала алады.

Аталған ережелер кәмелеттік жасқа толмағандардың қамқоршыларына мен басқа заңды өкілдеріне де қатысты болады. Осындай жағдайларда бала асырап алу туралы құжаттар, патронат нысанындағы қорғаншылық жағдайында– патронат ата-ана мен қорғаншылық және қамқоршылық орган арасында жасалатын баланы тәрбиелеуге беру жөніндегі шарт; қорғаншылық және қамқоршылық органдары берген қорғаншылықты (қамқоршылық) белгілеу туралы куәлік немесе басқа да растайтын құжаттар тапсырылады.



Тегін, атын немесе әкесінің атын ауыстыру

Тегін, атын немесе әкесінің атын ауыстыру жағдайы АХАЖ органдары берген неке қию туралы куәлікпен немесе тегін, атын немесе әкесінің атын өзгерту туралы куәлікпен расталады.



Азаматтықты ауыстыру

Қазақстан Республикасының азаматтығын ауыстырған немесе жоғалтқан салымшылар шет мемлекеттің төлқұжатын (шетелдіктің төлқұжат), қажет болған жағдайда – азаматтығының тоқтатылғанын растайтын анықтаманы немесе Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары берген азаматтығы жоқ адамның куәлігін тапсырады.



Шетел азаматтары

ҚДКБҚ-нан Қазақстан Республикасының азаматтарымен қатар шетелдіктер де өтемақы алуға құқылы. Өтемді алу үшін жеке басын растайтын құжаттан (шетелдіктің төлқұжаты) басқа Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс органдары беретін тіркеу куәлігі талап етіледі.



Мұрагерлер

Мұрагерлер мұра қалдырушының мұраға құқығын немесе ақшасын пайдалану құқығын растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе нотариалдық куәландырылған көшірмелерін ұсынады.

5. Кепілдік берілген өтемді төлеу мерзімі асқаннан кейін

Салымшы кепілдік берілген өтемді төлеуге кепілдік берілген өтемді төлеу мерзімі аяқталғанға дейін өтініш бермеген жағдайда, кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасын ҚДКБҚ ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін БЖЗҚ-ға салымшының жеке зейнетақы шотына аударады.

Бұл жағдайда төлем басталған күннен бастап 1 жыл бойы дәлелді себептермен кепілдік берілген өтемді алуға өтініш бермеген салымшылар үшін оны ҚДКБҚ-ға растайтын құжаттары бар жазбаша өтініш беру арқылы алу құқығы сақталады.

Өтініштер ҚДКБҚ Алматы қ. бас кеңсесінде және Нұр-Сұлтандағы өкілдікте жеке тапсыру немесе поштаға жіберу арқылы қабылданады:



  • Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат;
  • Нұр-Сұлтан қ., Z00T6E0, Иманов көшесі, 11, 104 кеңсе.

6. Депозиттің кепілдік берілген максималды сомадан артық қалдығын төлеу

Максималды кепілдік берілген сомадан артық депозиттер бойынша ҚДКБҚ заңнама шеңберінде белгіленген соманы ғана өтейді, ал депозиттің өтелмеген қалдығы бойынша міндеттеменің максималды кепілдік берілген сомасынан артық өтелмеген қалдық бойынша міндеттемені банктің тарату комиссиясы қабылдайды.



Тарату комиссиясы банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күні тағайындалады және жұмысын бастайды. Тарату комиссиясының қызметкерлері - Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, ҚДКБҚ қызметкерлері және банктің кейбір қызметкерлері. Олардың міндеті - банкті жабуға дайындау, активтер мен мүлікті сату және кредиторлармен, оның ішінде депозиттері максималды кепілдік берілген сомадан артық салымшылармен есеп айырысу. Осындай салымшылардың алдындағы міндеттемелер кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудың 4 кезегіне жатады (барлық кезектер саны – 10). Тарату комиссиясы кредиторлармен банктің мүлкін және өзге де активтерін сатудан ақшаның түсуіне байланысты есеп айырысады


Тарату комиссиясы салымшылардың белгіленген мерзімде берілген өтініштері бойынша міндеттемелерді таниды:


  1. Банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімінің заңды күшіне енуін күту керек. Осындай ақпарат сол күні теледидардағы жаңалықтар арқылы таратылады және интернетте жарияланады. Ресми дерек көздері - Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, лицензиясынан айрылған банк және ҚДКБҚ сайттары.
  2. Осы күннен бастап тарату комиссиясы тағайындалады.

  3. Тарату комиссиясының кредиторлардың өтініштерін қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыруын жариялауын күтіңіз. Жариялау мерзімі – банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін 10 жұмыс күні.
  4. Тарату комиссиясына өтінішті жеке немесе пошта арқылы беріңіз. Ережеге сәйкес өтініштерді қабылдаудың минималды мерзімі – ресми баспасөз құралында өтініштерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 2 ай, ал қабылдау мерзімі туралы соңғы шешімді тарату комиссиясы қабылдайды. Байланыс деректемелерін қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, ҚДКБҚ немесе таратылатын банктің сайттарынан табуға болады. Алдағы уақытта тарату комиссиясының қызметкерлері ақша аудару үшін мәліметтерді нақтылауы үшін өтініште барлық мүмкін байланыс деректемелерін көрсетіңіз.
  5. Тарату комиссиясының кредиторлардың талаптарын қарастыруының нәтижелері оларға жазбаша нысанда жеткізіледі.

    Банктің мүлкін сату нәтижелері бойынша тарату комиссиясы ақшаны белгіленген кезектілікке сәйкес бөледі.

    Тарату процесінің барысын Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, ҚДКБҚ немесе лицензиясынан айырылған банктің сайттары арқылы қадағалап отырыңыз.


Өтініштердің үлгілері (таратылатын банктердің өтініш берушілері және депозиторлары үшін)


docx

Қағаз тасымалдағыштағы ҚДКБҚ арқылы өтем төлеу туралы өтініш.docx

18.335 KB


docx

Дәлелді себептері бойынша өтем төлеу туралы өтініш.docx

21.106 KB


Егер құжаттар Қордың электронды поштасына жолданатын болса, өтініштегі қолтаңба нотариус тарапынан куәландырылуы тиіс.



Түйіндеме

  • Егер банк барлық банк операцияларын жүргізуге лицензиясынан айырылған болса, ҚДКБҚ аталған банктің өз салымшылары – жеке тұлғалар және жеке кәсіпкерлері алдындағы міндеттемелерін қабылдайды. Максималды өтем сомасы шектеулі және депозиттің түрі мен валютасына тәуелді болады.
  • ҚДКБҚ банк лицензиясынан айырылған күннен бастап 35 жұмыс күнінен кешіктірмей өтем төлеуді бастайды.
  • ҚДКБҚ және агент банк лицензиясынан айырылған банк салымшыларының өтініштерін қабылдайды, оларды қарастырады және түскен күнінен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей ақша төлейді. Өтініштер кепілдік берілген өтемді төлеу басталған күннен бастап 1 жыл бойы қабылданады.
  • Салымшының талап етілмеген кепілдік берілген өтем сомасы кепілдік берілген өтемді төлеу мерзімі (1 жыл) өткеннен кейін БЖЗҚ-ға салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына олардың ерікті зейнетақы жарналары ретінде аударылады.
  • Салымшылардың Қазақстан Республикасының депозиттерге кепілдік беру туралы заңнамасында қарастырылған дәлелді себептері болған жағдайда кепілдік берілген өтемді төлеу мерзімі асқаннан кейін кепілдік берілген өтемді алу үшін өтініш беруге құқығы сақталады.
  • Депозиттер бойынша міндеттемелерді кепілдік берілген максималды сомасынан артық міндеттемелерді банктің тарату комиссиясы қабылдайды. Міндеттемелер кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілуі үшін өтінішті жеке немесе пошта арқылы белгіленген мерзімде тапсыру керек. Өтініштерді қабылдаудың нақты күнін және қабылдау мерзімін тарату комиссиясынан нақтылаңыз.
  • Банкті лицензиядан айыру, кепілдік берілген өтемді төлеуді жүзеге асыратын агент банктердің тізімін көрсетіп, төлемнің басталуы, кепілдік берілген өтемді төлеу мерзімінің аяқталуы секілді оқиғалар теледидар және интернеттегі жаңалықтар арқылы шұғыл таратылады. Ресми Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, ҚДКБҚ, агент банктің немесе лицензиясынан айырылған банктің сайттарынан іздеңіз.