Тарату процесіндегі банктер
«Валют-Транзит Банк» АҚ
Тарату комиссиясының төрайымы:
Алахаева Сандуғаш Муратовна
Кредиторлар комитетінің төрағасы
Левченко И.Н.
қредиторлар талаптарының тізілімнің 5-ші кезеңінің өкілі
Тарату комиссияның бас кеңсесі:
M06F5E1, Қарағанды қ., Бұхар-Жырау даңғылы, 51/1
Телефон: 8(721)299-64-05
Телефон: 8(721)299-64-12
Валют-Транзит Банк 2007 жылдың 1 наурызынан бері мәжбүрлеп тарату процесі өтуде. Банкте жалпы сомасы 18,3 миллиард теңгеге 267 мың адамның депозиттері орналастырылды.
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры2007 жылдың наурыз айынан бастап салымшыларға өтемақы төлей бастады, 2015 жылдан бастап Валют-Транзит Банкінің салымшыларына кепілдік өтемақы мөлшері ретроспективті түрде 700 мыңнан 5 миллион теңгеге дейін өсті, ҚДКБҚ салымшыларға қосымша төлем жасады. 2020 жылдың басында ҚДКБҚ салымшылар алдындағы міндеттемелердің 98% төледі. Барлығы шамамен 18 миллиард теңге төленді.
Қайтарылмаған өтемақыны салымшылар тікелей Қорға жүгіне алады. Өтінішті жеке, сенім білдірілген адам арқылы және пошта арқылы беріледі.
«Валют-Транзит Банк» АҚ тарату комиссиясы
кепілдік берілген сомадан асатын салымдар бойынша қаражатты қайтаруға өтініш берген салымшылар алдындағы міндеттемелерді қабылдады. 2020 жылдың басында бірінші және екінші кезеңдердің кредиторлар алдындағы міндеттемелер толығымен өтелді, үшінші кезеңнің кредиторымен 56%-на есеп айырысулар талаптары жүргізілді. Қалған кезеңдер бойынша төлемдер жүргізілген жоқ. Тарату массасындағы ақшаның түсуіне, банк мүлкін сатуға және активтердің қалпына келтіруіне байланысты «Валют-Транзит Банк» АҚ кредиторларының талаптарын одан әрі қанағаттандырады.
01.04.2021 жылғы жағдай бойынша үшінші кезектегі кредиторлармен есеп айырысулар жүзеге асырылуда. Соған сәйкес 10 438 000 мың теңгеге (56,91%) есеп айырысулар жүргізілді.
Оқиғалар
Заңнамаға сәйкес мерзім
Нақты күні
Тарату комиссиясы үшінші кезектегі кредиторларға ақша төлеуде
Ақшаларды қайтару мерзімі активтердің болуына, мүліктерді сатуға және қарыздарды қайтаруға тәуелді
01.07.2020 жағдай бойынша
Кредиторлар комитеті құрылды
Аралық тарату балансы бекітілген күннен бастап бір ай ішінде
08.10.2007
Аралық тарату балансы бекітілді - активтер мен міндеттемелер
Банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген кезден бастап 4 ай кемінде
20.09.2007
Банк-агенттің өтініштерді қабылдау мерзімі
Бастапқы – алты ай, ұзартумен – он екі ай
23.09.2007
Банк-агентте салымшылардың өтініштерін қабылдау және ақшаны төлеу басталады
5 жұмыс күні
23.03.2007
Қор банк-агенті туралы қабылдайды
10 жұмыс күні
19.03.2007
Тарату комиссиясы кредиторлардың өтініштерін қабылдайды және міндеттемелер тізілімін жасайды
10 жұмыс күні
14.03.2007-30.06.2007
Тарату комиссиясы тағайындалды
Сот шешімі заңды күшіне енетін күні
01.03.2007
Банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енді
1-ші күнтізбелік ай (апелляция сол мерзімде берілуі мүмкін)
01.03.2007
Банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі қабылданды
Шектелмеген
13.02.2007
Банкті мәжбүрлеп тарату туралы сотқа талап арыз берілді
20 жұмыс күні
22.01.2007
«Валют-Транзит Банк» АҚ лицензиядан айырылған
26.12.2006