КФГД - Казахстанский фонд гарантирования депозитов
Валюталық транзиттік банк
«Валют-Транзит Банк» АҚ
Тарату комиссиясының төрайымы:
Алахаева Сандуғаш Муратовна
Кредиторлар комитетінің төрағасы
Левченко И.Н.
қредиторлар талаптарының тізілімнің 5-ші кезеңінің өкілі
Тарату комиссияның бас кеңсесі:
M06F5E1, Қарағанды қ., Бұхар-Жырау даңғылы, 51/1
Телефон: 8 775 525 99 20
Валют-Транзит Банк 2007 жылдың 1 наурызынан бері мәжбүрлеп тарату процесі өтуде. Банкте жалпы сомасы 18,3 миллиард теңгеге 267 мың адамның депозиттері орналастырылды.
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры салымшыларға өтем төлеуді 2007 жылы наурыз айында бастаған. 2015 жылдан бастап Валют-Транзит Банк салымшыларына кепілдік берілген өтем сомасы ретроспективті түрде 700 мың теңгеден 5 млн.теңгеге дейін ұлғайтылды және ҚДКБҚ салымшыларға қосымша төлем ұйымдастырды. 2022 жылдың басында ҚДКБҚ Валют-Транзит Банк салымшылары алдындағы міндеттемелердің жалпы сомасының шамамен 98%-ын өтеді. Барлығы 17,9 миллиард теңге төленді.
Осы уақытқа дейін өтем алмаған салымшылар өтініштерін қағаз тасымалдағышта тапсыра алады:
- ҚДКБҚ мекенжайы бойынша: Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4 қабат;
- келесі мекенжай арқылы банктің тарату комиссиясына: Қарағанды қ., Бұқар-Жырау даңғылы, 51/4, телефондар:8(721)299-64-05(12).
«Валют-Транзит Банк» АҚ тарату комиссиясы
кепілдік берілген сомадан асатын салымдар бойынша қаражатты қайтаруға өтініш берген салымшылар алдындағы міндеттемелерді қабылдады. 2020 жылдың басында бірінші және екінші кезеңдердің кредиторлар алдындағы міндеттемелер толығымен өтелді, үшінші кезеңнің кредиторымен 56%-на есеп айырысулар талаптары жүргізілді. Қалған кезеңдер бойынша төлемдер жүргізілген жоқ. Тарату массасындағы ақшаның түсуіне, банк мүлкін сатуға және активтердің қалпына келтіруіне байланысты «Валют-Транзит Банк» АҚ кредиторларының талаптарын одан әрі қанағаттандырады.
01.01.2022 жылғы жағдай бойынша үшінші кезектегі кредиторлармен есеп айырысулар жүзеге асырылуда. Соған сәйкес 10 518 000 мың теңгеге (57,35%) есеп айырысулар жүргізілді.
Оқиғалар
Заңнамаға сәйкес мерзім
Нақты күні
Тарату комиссиясы үшінші кезектегі кредиторларға ақша төлеуде
Ақшаларды қайтару мерзімі активтердің болуына, мүліктерді сатуға және қарыздарды қайтаруға тәуелді
осы уақытқа
Кредиторлар комитеті құрылды
Аралық тарату балансы бекітілген күннен бастап бір ай ішінде
08.10.2007
Аралық тарату балансы бекітілді - активтер мен міндеттемелер
Банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген кезден бастап 4 ай кемінде
20.09.2007
ҚДКБҚ-да өтініштерді қабылдау мерзімі
Агент банкте өтініштерді қабылдау мерзімі
2022 жылғы 1 мамырға дейін
Агент банкпен Келісімнің қызмет мерзімі ішінде
01.01.2010 - 01.05.2022
мерзімі асқан
Агент банкте салымшылардың өтініштерін қабылдау және ақша төлеу басталады
Өтінішті алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде
26.03.2007
Қор банк-агенті туралы қабылдайды
10 жұмыс күні
19.03.2007
Тарату комиссиясы кредиторлардың өтініштерін қабылдайды және міндеттемелер тізілімін жасайды
10 жұмыс күні
14.03.2007-30.06.2007
Тарату комиссиясы тағайындалды
Сот шешімі заңды күшіне енетін күні
01.03.2007
Банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енді
1-ші күнтізбелік ай (апелляция сол мерзімде берілуі мүмкін)
01.03.2007
Банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі қабылданды
Шектелмеген
13.02.2007
Банкті мәжбүрлеп тарату туралы сотқа талап арыз берілді
20 жұмыс күні
22.01.2007
«Валют-Транзит Банк» АҚ лицензиядан айырылған
26.12.2006