Алматы қ., A05B0Y8, Әйтеке би к., 67 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A05B0Y8, Әйтеке би к., 67 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Сатып алу ережесі

Қор Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 192 «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иелену қағидалары» қаулысының және осы саладағы өзінің құқықтық актісінің талаптарына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады.

ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2018.27.08 № 192 ҚАУЛЫСЫ.doc

524.288 KB

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидалары

Сатып алуларды жүргізу:

Сатып алуға пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау;

Сатып алу Қағидаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, сатып алуға қатысатын әлеуетті жабдықтаушыларға тең мүмкіндіктер беру;

Әлеуетті жабдықтаушылар арасында адал бәсекелестік қалыптастыру;

Сатып алу үдерісінің жариялылығы мен ашықтығы;

Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша отандық жабдықтаушыларды қолдау;

Ішкі кооперацияны қолдау.

Қызметті қамтамасыз ету және міндеттер мен атқарымдарды, стратегиялық жоспар мен даму жоспарын жүзеге асыруға қажетті тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге деген қажеттіліктер негізінде Қор тиісті қаржы жылына тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспарын жасайды. Қордың 2016 жылға тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер сатып алу жоспарымен, оған енгізілген өзгерістермен, толықтырулармен осы жерде таныса аласыз.

Сатып алуды жүргізу қағидалары:

Қор сатып алуды ұйымдастырушыны белгілейді;

Тендерлік комиссияның құрамын, хатшылығын қалыптастырады және бекітеді (сондай-ақ сараптамалық комиссия (сарапшы) құрамын қалыптастыру және бекітуге жол беріледі);

Үлгілік тендерлік құжаттама негізінде тендерлік құжаттама әзірлеу;

Тендерлік құжаттаманы бекіту;

Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді тендер тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруды және тендерлік құжаттаманың көшірмесін сатып алуды ұйымдастырушының сайтында орналастыру;

Қағидаларда көзделген жағдайларда, сатып алуды ұйымдастырушының сайтынан тендерлік құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті жабдықтаушыларға оның ережелерін түсіндіру;

Тендерге қатысу жөнінде ұсынылған өтінімдерді тіркеу журналына тіркеу;

Тендерлік комиссияда тендерлі қатысу жөнінде өтінімдері бар конверттерді ашу және бұл туралы хаттама әзірлеу;

Тендерге қатысу жөнінде өтінімдері бар конверттерді ашу хаттамасын Қор сайтында жариялау;

Тендерлік комиссия біліктілік және тендерлік құжаттама талаптарына сай келетін әлеуетті жабдықтаушыларды анықтау үшін тендерге қатысу жөніндегі өтінімдерді қарайды;

Тендерлік комиссия тендерге қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасын қалыптастырады және оған қол қояды, біліктілік және тендерлік құжаттама талаптарына сай келмейтін әлеуетті жабдықтаушылар анықталған жағдайда, мәтінді сатып алуды ұйымдастырушының сайтында жариялайды;

Тендерлік комиссия тендерге қатысуға рұқсат берілген әлеуетті жабдықтушылардың тізімі мен шартты шегерімердің мөлшерін анықтайды және қалыптастырады, тендерге қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы рәсімдеп, оған қол қояды;

Қор сайтында тендерге қатысуға рұқсат беру хаттамасын жариялау;

Тендерге қатысуға рұқсат берілген әлеуетті жабдықтаушылар ұсынған мәліметтерді, сондай-ақ тендерлік баға ұсыныстары бар конверттерді тендерлік баға ұсыныстары журналына тіркеу;

Тендерге қатысушылардың тендерлік баға ұсыныстары бар конверттерін ашу, тендерлік комиссия тендерлік баға ұсыныстарына баға береді және салыстырып қарайды (тендер тәсілімен сатып алу қорытындысын шығару);

Тендерлік комиссия тендер тәсілімен сатып алу қорытындысы туралы хаттаманы рәсімдеп, оған қол қоюды, хаттама мәтіні Қор сайтында жарияланады;

Тендер жеңімпазымен шарт жасасу.

Сатып алуды жүргізу қағидалары:

Сатып алуға жіберілетін әлеуетті жабдықтаушылар үшін біліктілік талаптары:

Жабдықтаушы төлемге қабілетті, салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер бойынша берешектері жоқ;

Тендерлік комиссия құрамын, тендерлік комиссия хатшылығын қалыптастыру және бекіту (сондай-ақ сараптамалық комиссия (сарапшы) құрамын қалыптастыруға және бекітуге жол беріледі);

Банкроттыққа/ таратуға жол берілмейді.

3) тармақшада көрсетілген талаптар оңалту рәсімі жүргізіліп жатқан әлеуетті жабдықтаушыларға, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шарасының қатысушысы болып табылатын және өздеріне жеделдетілген оңалту рәсімі міндетті түрде қолданылатын әлеуетті жабдықтаушыларға қолданылмайды.



ҚДКБҚ-ның осы кезеңдегі сатып алу жоспарымен танысыңыз