Алматы қ., A25D6H8, Достық даңғылы, 136, 8-қабат

Нұр-Сұлтан қ., Z00T6E0, Иманов көшесі, 11, 104-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A25D6H8, Достық даңғылы, 136, 8-қабат

Нұр-Сұлтан қ., Z00T6E0, Иманов көшесі, 11, 104-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Шартпен қалай оқып-танысу керек?

Банк салымы – бұл өз ақшасын сақтай отырып, көбейтудің қарапайым әрі сенімді тәсіл. Өз жинақтарын банк салымына орналастырар алдыңда салым түрін таңдау қажет.

Банктік салым шартында қаражатты орналастыру және сыйақы төлеу, салымды қайтару (толық немесе ішінара) талаптары, оны толықтыру мүмкіндігі туралы талаптар, салым мерзімі, банктік салым шартын ұзарту талаптары және жарнамалық роликтерде айтылғандардан өзгеше болуы мүмкін басқа да талаптар қамтылады. Сондықтан банктік салым шартын оған қол қойғанға дейін мұқият зерделеп-танысу өте маңызды.


«Депозит ашуды жоспарлап отырған банк сайтына кіріп-танысуды ұсынамыз. Банктер, әдетте, банк салымы шарттарының үлгілік талаптарын жариялайды және Сіз олардың мәтінімен онлайн жасасқанға дейін немесе қаржы институтының бөлімшесінде таныса аласыз»



Назар аударыңыз

Дербес деректер

Банктік салым шартын тексере отырып, бірінші кезекте тараптардың деректемелеріне назар аударыңыз. Сіздің төлқұжат және байланыс деректеріңіз дұрыс жазылғаны өте маңызды. Егер Сіздің бұдан әрі көрсетілген деректеріңіз өзгерсе, онда банкке осы өзгерістер туралы міндетті түрде хабарлау қажет екендігін назарыңызға саламыз.

Пайыздық ставканың мөлшері

Банк сайтта және жарнамалық өнімдердегі мөлшерлеменің мөлшері туралы құлақтандырғанына қарамастан, осы талаптың шартта бар болуын міндетті түрде тексеріңіз. Салым бойынша сыйақы мөлшерлемесі салым сомасын орналастыру мерзімі ішінде өзгеріссіз қалады. Банктің бір жақты тәртіппен сыйақы мөлшерін өзгертуге құқығы жоқ. Алайда, шартта сыйақы мөлшерін ұлғайту немесе салым мерзімін ұзарту кезінде сыйақы мөлшерін өзгерту жағдайлары болуы мүмкін. Бұл жарнамада көрсетілмеуі мүмкін, бірақ шартта міндетті түрде жазылады.

Назар аударыңыз, мерзімді және жинақ салымдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі тіркелген немесе құбылмалы болуы мүмкін.

Салым мерзімі ішінде төмендетілмейтін сыйақы мөлшерлемесі тіркелген сыйақы мөлшерлемесі болып табылады.

Мөлшері шартта көзделген талаптарға сәйкес өзгертілетін сыйақы мөлшерлемесі құбылмалы сыйақы мөлшерлемесі болып табылады.

Құбылмалы сыйақы мөлшерлемесін есептеу тәртібі, оның қолданылу шарттары Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

Пайыздарды алу тәртібі

Сондай-ақ, шартта салым бойынша сыйақы төлеу тәртібі туралы талаптарды тексеру қажет. Мысалы, талап етілмелі салым бойынша салымшы оған тиесілі сыйақыны салым сомасынан бөлек алуға құқылы.

Бұл жағдайда банк банктік шотқа немесе карточкаға сыйақы төлейді. Бұл ретте төлем мерзімділігі шартта көрсетіледі.

Салымдар сыйақыны күнделікті, ай сайынғы немесе тоқсан сайынғы капиталдандырумен болуы мүмкін.
Бұл сыйақы сомасы салымшыға «қолына» берілмейтінін, салым сомасына қосылатының және келесі жолы пайыздар ұлғайтылған сомаға есептелетінін білдіреді. Осылайша салым шарты мерзімінің соңына дейін.

Кірістілік тұрғысынан капиталдандыруы бар депозиттер ең тиімді. Салымның капиталдандыруымен соңғы кірістілігі жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінде - ЖТСМ көрсетіледі. Егер пайыздарды шешіп алмасаңыз, банк салым сомасына сонша есептейді. ЖТСМ оңай іздеп табуға және салыстыруға болады: бұл көрсеткішті банктер, әдетте, жарнамада және ғаламтордағы депозиттерді сипаттауда қолданады.

Кейбір салымшылар шотқа немесе карточкаға пайыз төленетін салымдарды ұнатады. Капиталдандырусыз салым бойынша кірістілік сыйақының номиналды мөлшерлемесінде көрсетіледі. Мысалы, егер Сіз ай сайын карточкаға пайыздарды аудару арқылы салым іздесеңіз, банк сайтында номиналды мөлшерлемесін іздеңіз, салым сомасына көбейтіңіз және 12 (айға) бөліңіз – осындай сомаға Сіз әр айдың қорытындысы бойынша иемдене аласыз.

Толтыру және алу

Банк осындай мүмкіндікті көздесе де, толықтыру бойынша шектеулерге назар аударыңыз. Банктер өз салымдарын толтырудың ең төменгі немесе ең жоғарғы мөлшерін енгізе алады немесе толықтыру мерзімін шектей алады, мысалы, алғашқы алты ай ішінде ғана.

Мерзімінен бұрын алу сыйақы мөлшерлемесінің мөлшерін төмендетуге әкелуі мүмкін, мысалы, мерзімді салымды салымшы мерзімі аяқталғанға дейін талап еткен кезде салым бойынша сыйақы талап етілмелі салымы бойынша белгіленген мөлшерде (жылдық 0,1 пайыздан аспайтын) төленеді.

Сонымен қатар, кейбір банктер шартты мерзімінен бұрын бұзғаны үшін комиссия ала алады. Осылайша, берілуге қорытынды сома алуға жоспарланған сомадан аз болуы мүмкін.

Жалпы алғанда, банктік салым шартында міндетті түрде көрсетілетін комиссиялар мен мүмкін болатын айыппұлдарды мұқият зерделеу қажет.


Салымдардың түріне байланысты оларды қайтару ерекшеліктеріне назар аудару керек.

Банк салымшының бірінші талап етуі бойынша салымды немесе оның бөлігін беруге міндетті. Талап етілмелі салымды банк салымшының талабы түскен кезде бірден беруге міндетті. Мерзімді немесе жинақ салымын банк салымы шартында көзделген мерзім басталғаннан кейін қайтарады.


Салымшы мерзімінен бұрын қайтаруға құқылы:


  • мерзімді салым немесе оның бөлігін;
  • жинақ салымын. Мұндай салым салымшының талабы келіп түскен сәттен бастап күнтізбелік отыз күннен кейін толық беріледі. Жинақ салымның бөлігін мерзімінен бұрын қайтаруға жол берілмейді.
Ұзарту

Сіздің қатысуын талап етпейтін депозиттің мерзімін автоматты түрде ұзартуға назар аударыңыз. Мерзімін ұзарту мүмкіндігі банктік салым шартында, мысалы, бір, үш немесе бес рет ұзартудың ең көп саны көзделеді. Шарт мерзімі соңына қарай аяқталғанда, банк талап етілмеген депозитті өзі ашылған мерзімге автоматты түрде ұзартады.


Егер өзіңіздің салымыңыздың мерзімін ұзартқыңыз келмесе, шарттың мерзімі аяқталған күні банкке жеке хабарласыңыз, депозитті жабыңыз және ақшаны кассада немесе аудармамен алыңыз. Егер шартта мерзімін ұзарту қарастырылмаса немесе депозит барынша мүмкін рет ұзартылса, онда депозит мерзімі аяқталғаннан кейін банк ақшаны ағымдағы шотқа автоматты түрде аударады. Мерзімін ұзарту мүмкіндігі қол қойылған сәтте банктік салым шартында көзделеді.


Мерзімін ұзарту кезінде сыйақы мөлшерлемесі өзгеруі мүмкін. Егер қазіргі уақытта банк депозиттерді неғұрлым жоғары немесе төмен мөлшерлемемен қабылдаса, онда сіздің депозитіңіз бойынша сыйақы мөлшерлемесі де өзгереді.


Әрбір салымшының білуге тиіс анықтамалар. Глоссарий

Банк салымы – бұл банк салымшыдан банк қабылдайтын ақша қаражаты, олар бойынша банк сыйақы төлейді және заң актілерінде және шартта көзделген талаптар мен тәртіппен оларды қайтару бойынша өзіне міндеттемелер қабылдайды.

Банктік шот – жеке немесе заңды тұлғаның банктегі ақшасының қозғалысы мен есебін, сондай-ақ клиент (жеке немесе заңды тұлға) мен банк арасындағы банктік қызмет көрсету бойынша шарттық қатынастарды көрсететін шоты.

Салымшы – банктегі салымға қаражат салған тұлға не пайдасына салым ашылған тұлға; банктік салым шарты бойынша тарап.

Талап етілмелі салымы – салымшының бірінші талабы бойынша толық немесе ішінара қайтарылуға жататын салым.

Жинақ салымы - бұл белгілі бір мерзімге енгізілетін салым. Бұл ретте, жинақ салымын салымшы мерзімі аяқталғанға дейін талап еткен жағдайда, мұндай салым бойынша сыйақы талап етілмелі салым бойынша белгіленген мөлшерде (жылдық 0,1 пайыздан аспайтын) төленеді.

Мерзімді салым – бұл белгілі бір мерзімге ашылатын салым.

Төлем карточкасы – өз ұстаушысына электрондық терминалдар немесе байланыстың басқа арналары арқылы төлемдерді, аударымдарды жүзеге асыруға не қолма-қол ақша алуға, валюта айырбастауға және төлем карточкасының эмитенті белгілеген және оның талаптарымен басқа да операцияларды жүргізуге мүмкіндік беретін ақпаратты қамтитын электрондық төлем құралы.